Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама "Математика сабағында жеті модульді ықпалдастыру"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жоспар
Кіріспе
І . Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру құралы
-
Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
-
Оқушылардың математикалық функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
12 жылдық білім мазмұнының
негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір
суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ қоғам пайдасына қарай
өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім,
құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту
болып табылады.
Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке
тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде
біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны
жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала
тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп
отыр.
Осыған
байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі
бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып
біліп, жан- жақты қалыптастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі
процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән
санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін
ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру,
олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам
талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.
Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы
мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны
жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болуда.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының
өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды
талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға
ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-
тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға
бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық
бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы
өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының
қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын
қамтамасыз етеді және қолдайды.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім
жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика
тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің
мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда
болды.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа
педагогикалық технологияларды меңгеру.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа
педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып,
шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,
кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі
дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»
деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің
нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен
техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім
беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды,
әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б,
таным әрекетерін жасайды.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере
отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық
технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын.
Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне
байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5.Оқытушының уақытын үнемдейді
6.Қосымша мәліметтер береді.
Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:
v Барлық баланы оқыту;
v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре
жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың
тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру
үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады.
Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп,
дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын
дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы,
ұйымдастырушы.
І Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы-оқушылардың математикалық функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру құралы
1. Математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау – өз
алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап
отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру,
ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының
пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау, міндетті
кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы,
оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік
жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау,
оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни
ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім
қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына
тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау
ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму
деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артады
Оқу процесіне белсенді қатысады
Жолдастарының пікірін сыйлайды.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Сараптауға, бағалауға дағдыланады
Пәнге деген қызығушылығы артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы
мынадай үш құрылымнан тұрады.
Ø Қызығушылығын ояту;
Ø Мағынаны тану:
Ø Ой толғаныс
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал
соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады.
Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға
оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру
мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін
қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы
арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай
құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не
ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы
керек.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар
дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады.
Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз
ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі
– ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы
тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы
кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады.
Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе
жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен
тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен
мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру
секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу-
адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің
басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.
Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни
табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін
мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың
шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту
үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. Осы
идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа
технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай
жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қазіргі кезде Джорж Соростың ашық қоғам институты мен «Сорос
Қазақстан» қорының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» технологиясы кеңінен енгізіліп жүр. Сын тұрғысынан ойлау
әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті
түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін
өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі. Сын тұрғысында ойлау әдісі
мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен
жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия
оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің
ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша
тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен
бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы
шығармашылық қабілетін дамытады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
арқылы
- әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
- Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
- Қызығушылығын оятады;
- Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ;
- Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
- Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту
технологиясының элементтерін сабақтарымда тиімді қолданамын.
Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның
қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол
ашады.
Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге,
ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар
арасында мынадай нәтежиеге қол жеткізуге болады.
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылық қабілеттері ұштасады.
Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа
аламын:
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру
- жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу
- ойлау қабілетін дамытатын есептер беру
- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру
- оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.
Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық, топтық, жұмыстар арқылы
ойын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланп
жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу,
білім деңгейінің жоғлауына әсерін тигізеді. Бұл технологияның
тиімділігі сол, оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады.
Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне,
ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен
еңбектенуге,ізденуге,шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға
машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын
қалыптастырамын, сабаққа ынтасы арттырып, тапсырманы орындау
барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап
түзетуге мүмкіндік беремін.
Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға
бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ
көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ
құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ
құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді
шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды
бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен
байланысты.
Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол
оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту
логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік
ойлау іс-әрекетінің заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып,
мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің
субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің
өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі
анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп,
іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді.
Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі,
өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді
жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында
келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен
бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен
икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін
өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және
интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге
және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
Сонымен СТО, технологиясының мақсаты: – шығармашылық ойлауды, сын
тұрғысынан ойлауды дамыту.
- рухани дүниесін байыту ;
- оқырмандығын күшейту;
- ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
- ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;
- көзқарасын тереңдету;
- өзінше бағалап, ой түйуге баулу;
- ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;
- танымдық оқу ауқымын кеңейту;
- шығармашылық ізденісіне жол ашу.
Қорытынды
Әр
технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген
қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып
бойынша танымы кеңеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан
әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер
енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін
ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман
талабы.Жаңа технологиядан жеткен жетістігім оқушылар
өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға
бағыт ала – алады. Сөздік қорларын молайтуға ойын, сөзін тиянақты
жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық
жауап беруге дағдыланады. Мұғалім сабаққа дейін жұмыс жасаса, ал
сабақ кезінде оқушыларға тек бағыт- бағдар беруші ғана бола
алады.
Жаңа технологияның тиімділігі осында деп түсінемін. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006ж
2.«Математика Физика» журналы
3. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008./3бет,39бет/.
4.«Оқыту технологиясы» журнал -2010 №3,5, 2011 ж.ж №5,10
5. Интернет материалдары