Баяндама
«Мектеп жасына дейінгі
балалардың бойында рухани-адамгершілік тәрбиені
қалыптастыру»
(өз іс
тәжірбиемнен)
Мектепке дейінгі жаста
балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына
жайлармен байланысады: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен
үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынасы (тұрмыстық қарапайым
ережелерін орындау) кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға
қамқорлықпен қарау.
Тәрбиенің негізгі мақсаты –
дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу.
Тәрбие берудің негізгі мәйегі
– мейірім мен сүйіспеншілікте. Бала кімнен мейірім көрсе, сол
адамды ерекше жақсы көреді. Ендеше, сүйіспеншілік – бала
тәрбиесіндегі негізгі қағида
Рухани адамгершілік тәрбие –
бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары,
ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен
іс – әрекетін анықтайды.
Баланы жақсы адамгершілік
қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың
әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен
жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың
ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан
көруге болады. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет,
түрлі ойындар арқылы беріледі..
Көрнекті педагог
В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала
солай бола алады»,-дейді. Демек балаға жан-жақты терең білім беріп,
оның жүрегіне адамгершіліктің Отансүйгіштік асыл қасиеттерін
үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері
сөзсіз.
2017 – 2018 оқу жылында ересек
қазақ рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Мейірімді
жүрек», «Өз өзімді сүйемін» , «Адамгершілік тәрбиенің негізі» атты
тақырыпта ашық оқу қызметтерін өткіздім. Менің
мақсатым Баланың бойына рухани адамгершілік
қасиеттерді ұялату жақсы-жаманды ажырата білуге үйрету. Адамдық
асыл – қасиеттерге тәрбиелеу
болды..
Оқу қызметі барысында
барысында балалар Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті. Оның
негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір
сүру, адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға
дайын болу. Арлы адам – ардақты адам. Адамгершіліктің асыл
қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ
болу керек екенін білді.
«Болады – болмайды» ойын –
тренингін өткіздім.Балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға
үйреттім.
Мақал–мәтел,тақпақтарооәңгімелеуаарқылы
балалардыңаОтансүйгіштікаруханиааадамгершілік қасиеттері кеңейе
түсті.
Жас ұрпақтарымыздың бойынан
рухани-адамгершілік қасиеттердің табылуына ықпал ету кез келген
педагогтың бірден бір парызы.