«Тексерілді»
«№ 22 «Нұршуақ» бөбекжайы»
жедел басқару құқығындағы
МКҚК әдіскері
________ Э.И. Сарбаева
Баяндама
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда дидактикалық ойынның маңызы»
№10 «Самал» ересек тобы
Дайындаған: Саудабаева Ұ
2024-2025 оқу жылы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда
дидақтикалық ойынның маңызы
Бала өзін қоршаған ортаны , өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстармен заттарды ойын арқылы танып біледі. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың негізі іс-әрекеті болып табылады. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі , мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан да оның мәні ерекше.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде , ойын ерекше орын алады.
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.Ойын арқылы оқыту –мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі. Баланың қызығушылығына негізделген оқу тәсілдерінің бірі ол дидактикалық ойын.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екендігін ескере келе, дидактикалық ойындарды қолданылуы жақсы нәтиже береді.
Дидактикалық ойындарды пайдалану педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Қайырбекова А, Әбселемова А, Алдабергенов А, Кларин.М. Хайдаров Ж. Төлетаева Г. Ә т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын , түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Дидактикалық ойындардың міндеті баланың тілін дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану және адамдармен тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Дидактикалық ойын баланың ақыл- ойын дамытып, таным түсініктерін ажыратудағы әдістердің бірі ,адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалар сөздік қорларын толықтырады, дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастырады, баланыстырып сөйлеуді дамытады. Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С. Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін.Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам , онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім.
Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаға көңілді және жеңіл болады. Сондықтан дидиктикалық ойындарды таңдаған кезде нақтылы сабақтың мақсаты , мүмкіндіктері мен жағдайына ерекше назар аударған жөн. Дидактикалық ойындар әсіресе ерте жастағы топтарда балаларға сюжеттік-
рөлдік ойындарын үйрету өзіне белгілі рөлді ала білу, ойын ережелерін орындау , оның сюжетін ашу мектепке дейін педагогиканың әдісі болып табылады.
Мысалы , «Әлди , әлди ақ бөпем» дидактикалық ойында тәрбиеші , кіші топтардаң балаларына қуыршақты шешу ретін есте сақтап қалу, оларды ұқыпты жинап және бүктеуге, қуыршаққа қамқор болуды, оны жатқызуды бесік жырын айтуды үйретеді.
Ойын ережесіне сәйкес , балалар заттардың ішінен ұйықтауға қажеттілігін таңдайды. Мұндай ойындар кіші топтарда бірнеше рет өткізіледі.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: Ойынның түпкі ниеті сюжетті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, ролдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойында балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді. Ойыннның түпкі ниеті-бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен; «дүкен» , «аурухана», «қызы мен шешесі» , «балалабақша» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әректтерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынандай типтік топтарға бөлуге болады: а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар ( «отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау); ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер , стадиондар тұрғызу және т.б.) б) қоғамдық ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.б.)
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні- бала атқараын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді- сюжетті ойындар деп аталады.
Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиалдағы қылықтарға іс-әрекеттерге , қарым-қатынастарға қатысты болады солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады яғни белгілі бір ролді ойнайды.
Ойынның процесінде балалардың өздері( ал кейбір ойындарда – ересектер ) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық , тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас одан әрі дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұйалшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда да түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білдімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту"

шағым қалдыра аласыз