400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Мектепалды мазмұнын жаңарту жағдайында мектепалды даярлық мұғаліміінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, құзіретті әрі жетекші тұлға болатыны сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Брахимова Рая Макеновна

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі КММ даярлық топ мұғалімі


Баяндаманың тақырыбы: «Мектепалды мазмұнын жаңарту жағдайында мектепалды даярлық мұғаліміінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»



«Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады»

К.Ушинский


Білім иелен!
Білім - мәңгілік дос,
өмір жолындағы – тірек

Қожа Ахмет Йассауи


Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда»  және  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.Бұл өзгерістерге дайын  болу  үшін  білім беру жүйесінде  қарқынды  жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.

Мектепалды даярлық мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.

Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің   болуы. Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі.

Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.

Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді.Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды.Бұл жұмыстардың барлығы да мектепалды даярлық мұғалімінің өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пән мұғалімі өз кәсібін терең меңгерумен қатар жақсы көру және оны үнемі жетілдіріп, кәсіби деңгейіңді көтеріп отыру қажет деп санаймын. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті.

Осымен байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;

· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;

· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.

Педагогикалық технология - білім беру үдерісінде бекітілген психологиялық педагогикалық ұстанымдар негізінде жүйелі түрде қолданылатын нысандар, әдістер, тәсілдердің жиынтығы, арнайы топтамасы.

Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады.

        I кезең: Жаңа идеяны іздеу

       Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

        II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру

        Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.

        III кезең: Жаңалықтарды енгізу

        Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.

        IV кезең: Жаңалықтарды бекіту

        Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Инновация дегеніміз- білім беру,тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу,яғни жаңа әдіс –тәсілдерді,амалдарды,құралдарды ,жаңа концепцияларды жасап,оларды қолдану деп анықталған.Инновациялық білім беру құралдарына; аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта ,инернет, компьютер –мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешен,инновациялық сайт және тағы басқалар жатады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез- құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.Соның бірі ақпараттық құзыреттілік –бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндікерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірбиеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.Білім беру дүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалана алады. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді.Сонымен қатар бүлдіршіндердің білім алу кезеңінде оқу іс- әрекетіне белсенділігін арттырады. Мұндай құралдарды балабақша бүлдіршіндеріне таптырмас құрал деп атауға болады. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға жалпы әдемілікке әуес болады. Мультимедиалық оқулықтар тәрбиеші үшін де күнбе-күн дамытылып отыратын әдістемелік жүйе болып табылады, дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық мақсатқа жетуге әсерін тигізеді. Баланың бойында білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Сабақ барысында әрдайым жаңа технологияны пайдаланып отыруды әдетке айналдырдым. Мысалы: АКТ пайдаланған кезде бала көзбен көріп отырғанда жақсы түсініп қабылдайды.Сөйлеуді дамыту сабағында «Жыл мезгілдері» тақырыбын ала отырып көктемдегі табиғаттағы өзгерістерді слайд арқылы интербелсенді тақтадан көрсеттім. Слайдта көрген материалдарды балалар өте қызыға отырып тамашалады.Қардың еруін,қар астынан бәйшешектің шығуын, ағаштар бүр жарып, айнала жайқалып жайнауын теледидардан көрген балалардың қуанышында шек болмады. Өз сабақтарымда АКТ-ны пайдалану арқылы оқушыларға оқу материалын тартымды етіп көрсететінін аңғардым және бұл оқушы бойында жаңа ойлар, әсерлі идеялар туғызатыны сөзсіз.Жаңа материалдарды бірігіп таңдауда да маңызы зор болды. Өйткені оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасау және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Ақпараттық технологияларды педагогикалық тұрғыдыдан дұрыс пайдалана білу арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. Сыныбымдағы баланың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған оқу қызметінде интербелсенді тақтадан балаларға тақырыпқа сай дамытушы мультфильмдерді күні бұрын интернет желісінен іріктеп аламын. Тақырыпқа байланысты көрсетілген мульфильм баланың есінде ұзақ уақытқа сақталады. Сонымен қатар баланың визуалды есте сақтау қабілеті арта түседі. Мысалы, «Жабайы аңдар» тақырыбын өткенде, балалардың қызығушылығын ояту үшін «Жабайы аңдар» туралы мультфильм көрсеттім. Оқушыларым оны қызыға тамашалады. Ал геометриялық фигураларды балаға түсіндіру үшін дамытушы ойындарды ұсынуға болады. Ол экраннан көргеннен кейін оның геометриялық фигура екенін түсінеді. Геометриялық фигуралардан не құрастыруға болатынын ойланады. Содан кейін балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында балаларға ермексаз беріп, геометрилық фигуралар құрастыруды тапсырдым. Оқушыларым ойлана отырып олар шаршы, тік төртбұрыш фигураларын жасап шықты. 

Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім көп әдісті»болуы керек қағидасына сүйене отырып, кез-келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданып отырмын. Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсету де өте тиімді. Ол мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, бала көзбен көріп, қолмен ұстап нәтижеге жетеді. Баланың сауатты жазуына көмегін береді, жіберген қатесін өзі түзете білуге үйретеді. Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып көптеген нәтижегежетістіктерге қол жеткіздім.
Дегенмен АКТ-ны мектепалды даярлық сыныбында пайдаланған кезде бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Сол себепті сабақтан соң біз көз жаттығуларын жасаймыз.

Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан мектепалды тобының балаларының мінезі мен ерекшеліктерін мектепке дейінгі дайындығын, денсаулығы мен даярлық сапасының бағалау өлшемін нақты білетін мектепалды даярлық тобының мұғалімі әрі психолог, әрі медицинадан хабары бар, әрі әртістік шеберлігі өте мықты дамыған тәрбиеші болу керек.Ол:

-  сабақты жаңаша шығармашылықпен жүргізуге құзіретті;

-  ұстаздық жүрегіне жылылық қалыптасқан;

-  балалардың ойындағы әртүрлі шығармашылық өнерлерін танып жолға түсіре білетін;

-  оқушылардың қызығушылығын оятып, оқу әрекетіне белсенділігін арттыра білетін;

- баланың отбасы және қоғамдық қарым-қатынасын тиімді ұйымдастырудағы ата-ана қызметінің проблемаларын нақты шешіп, жол көрсете білетін ұстаз болуы қажет.

Сонымен, жаңа ақпараттық технологияларды   сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2. Тіл байлығын дамытады;

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

Сөзімнің соңында мынандай түйінді шығара аламын:

  • Оқушы оқу процесіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.

  • Жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін, ойын негізге ала отырып сабақты жоспарлау

Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымы мен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырады.Қорыта айтқанда, қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, құзіретті әрі жетекші тұлға болатыны сөзсіз.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

3.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі