жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Оспанова Т.Н.
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Красная пояна селосы.
Красно – Поляна ЖОББМ КММ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр.
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.
Мектепке дейінгі оқыту, жаңа сапалық деңгейге шығу инновациялық технологияларды әзірлемей мүмкін емес. Педагогикалық инновация, бұл – дамуы, тәрбие мен оқытуды жақсартуға бағытталған, сонымен қоса мақсаттар мен мазмұнды, формалар мен әдістерді жетілдіруге негізделген өзгерістер. Олар ғылыми ізденіс ретіндегі педагогтың келешектегі өздік дамуын талап ететін санасын қалыптастырады.
Ғылыми тілмен айтқанда «иновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу»деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «іn -novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту,өзгерту,жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді.
Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану.
Иновациялық білім беру құралдарына : аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мултимедиялық құрал, электрондық оқулықтар және тағы басқалары жатады. . Интерактивті тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап ,қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі шексіз.Осындай құралдардың бірі – мултимедиялық оқулықтарды сабақта пайдалану оқу іс -әрекеттерінің жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда мұғалім әр оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы мұғалім уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады , екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді , сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.
Жобалау шығармашылық технологиясы.
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар
(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)
«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.)
Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.
Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған.
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.
2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.
3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім, сұр ішік, сұр қоян)
-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.
Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.
Алақанды бояуға батыру арқылыбастырмалап сурет салуға болады.
Мәселен : кактус салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.
Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.
Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жаңа технологияны қолдану.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»
2. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі. «Информатика негіздері», 2008 №4
3. Мултмедиялық құрал. «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» 2014 №3

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген