400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баяндама "Мұғалім әдебі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім әдебі туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қарақол орта мектеп-бақшасы»КММ
















"Мұғалім әдебі.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас"






















Мұхамбетов Н.Н.


2021 – 2022 оқу жылы


 «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені жақсы мұғалім –мектептің жүрегі »

Ыбырай Алтынсарин


“Мұғалім әдебі деген не, сіз оны қалай түсінесіз?”

Әдеп – белгілі бір халықтың қалыптасқан этикалық тәртібі. Педагогикалық әдеп – оқытушының аса бағалы педагогтық  қасиеті, бұл қасиет оған педагогикалық әсер ету құралдарын қолданған кезде өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеді.

Мұғалім сахнадағы актёр сияқты әрқашан көз алдыңда жүреді. Қарым – қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан – жақтылығын,  идеялық сенімінің, жүріс – тұрыс мәдениетінің, арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістерінің қоры, яғни ақыл – ойының көрінісі.

Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықтауға болады: 

1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті; 

2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі; 

3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын (жест) мәнерлі негіздері; 

4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы. 

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулыны педагогикаға кірікттіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік, төзім мен сабыр сақтау қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.

Қазіргі біздің заманымыздың 21 ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар мынадай:  - Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болу қажет;  - Мұғалім білім негіздерін өз беттерінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті;  - Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;  - Мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;  - Педагог әрқашан өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті; 

Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі сала, ол – білім беру жүйесі. Ал білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Ал білім беру терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуына, ізденуіне жол ашу мұғалім алдындағы үлкен міндет.

Заман талабына сай жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім берудің алғышарттарының бірі – оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас әдебі деп айтуға болады.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы», – деп А.Линкольн айтқандай, педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның оқушылармен арадағы тиянақты қарым-қатынасы.

Мұғалімнің оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуы – оқу үрдісін тиімді ұйымдастырып, тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, әрбір оқушының білім игеруде мақсатты деңгейде меңгеріп, алған білімдерін әрі қарай дамытуына мүмкіндіктер туғызады.

Оқушыларға білім берудегі мұғалімнің жеке қасиеттерінің маңызы зор, яғни, мұғалімнің педагогтік әдебі. Педагогтік әдеп – әр ұстаздың дара қасиеті. Ол мынандай адамдық қасиеттерден тұрады:

Ұстамдылық;

Ілтипаттылық;

Дәйектілік;

Талап қоя білушілік;

Зейінділік;

Ептілік;

Орынды қалжың, т.б.

Кейбір ұстаздардың бойында кездесетін орынсыз әзіл, тұрпайы мінез-қылықтар, ерсі сөздер оқушыларға жағымсыз әсер қалдырады. Бұл сабаққа оқушысы құлықсыз, немқұрайлы қарайды. Ал қатал талап қоя отырып оқытқан сабақтар жаттанды жауаптардан аспайтыны бесенеден белгілі.

Мұғалімнің педагогикалық әдебі болмайынша, ол өз пәнін қанша терең білгенімен, тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы педагогтік әдеп әлемі үшін төзім мен сабыр сақтау сияқты қасиеттердің көп жағдайда шешуші мәні бар.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең басты моральдық қасиеттерінің бірі, онсыз ол ұстаздық ете алмайды.

Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында. Сондықтан жан дүниесімен ғана емес, тартымды бейнесімен де әдемі көріне білуі керек. Мұғалімнің киім киісі, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері арқылы да оқушыға үлгі бола алады.

Болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны сөзсіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 наурыз
79
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі