400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Мұғалім мәртебесі, менің идеям бар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама "Мұғалім мәртебесі, менің идеям бар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама

Мұғалімнің мәртебесі,Менің идеям бар.

«Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан жылдарымыз бір, жолымыз бір, қазақ мұғалімдері!» деуінде тарихтың таңдаулы үні, мақтанмен айтарлық мені бар. Қазақ оқығандарын қарап отырсаңыз, әрқайсысы әр саланың маманы болса да, оқу, қазақ халқын оқыту деген ұлы мұрат біріктірген, бір жолға салған, бір мақсат табыстырған екен. Осы арнада тоғысқан олар ғажап адалдықпен, іңкәрлікпен еңбек етті. Енді ше, Ахаңның «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліпби», Міржақыптың бастауыш сыныпқа арналған «Қира­ғат», «Есеп құралы», Мағжанның «Пе­да­гогика», Жүсіпбектің «Тәрбиеге жетекші», «Психология» сияқты сан алуан методикалық шығармаларына зер салсаңыз, жоқтан бар жасаған жанкешті жұмысқа таңғалмасқа әддіңіз қалмайды. Иә, білім мен ғы­лымның алапат жарылысы басталар жаңа дәуірде уақыт Алаш зиялыларын таң­даған еді. Олар осы үдеден табылды. Бұл байыпты да жүйелі толайым еңбек үшін ұрпақтан-ұрпаққа алғыс шеруі жалғаса бермек.  Сол Міржақыптар «Өзі білу мен өз­гелерге білдіру екі басқа. Білгенін кісіге білдіру, яғни балаларды оқыту өз алдына бір ғылым», деген екен. Яки білгенімізді келе жатқан буынға қаншалықты бере алудамыз деген педагогикалық сауал көлденеңдейді. Сондықтан «Рухани жаңғыру» жо­басындағы білімнің салтанат құруы туралы сөз пассионарлық дүмпудің жаңа жолына, жаңа кезеңіне бастау боларлық бағдар. Бұл міндетте де мұғалімнің иығына артылар жүк ауыр. Соның бірі кеңестік педагогиканың күшейген тұсында қазақ мектептерінің жабылуымен есесі кетіп, есеңгіреп қалған қалалы жердегі қазақ тілінің қайтадан тұғырына қонуы болса дейсіз. Бүгінде де қазақ балаларының орыс сыныптарында оқуының алдын алу өте өзекті. Сондай-ақ аралас және басқа тілде оқитын мектептердегі қазақ тілі пәнінің оқытылу үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеру де маңызды. Оған отандық педагогиканың әлеуеті жеткілікті деп ойлаймыз. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
851
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі