жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Науайы атындағы жалпы орта мектеп 3- өзбек сыныбы
Науайы атындағы жалпы орта мектеп КММ
Баяндама
Математика пәнінде оқушылардың білім сапасын арттыру - адами капиталды дамыту негізі
Дайындаған:
Бастауыш сынып мұғалімі Туланова Зайнаб Саидазимовна
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім.
2.1 «Математика» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
2.2 Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасу- да.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» деп міндеттейді. Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, шығармашылықтарын арттыру,оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген, дамыта оқыту технологиясы мен дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытуды осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқым келеді.
2.1 «Математика» ұғымы және оның оқу үрдісіндегі рөлі
«Математика» – адамдардың
табиғатпен техникамен қарым – қатынас құралы,себебі оның
практикалық қолданылымы орасан зор. Күнделікті тіршілігіміз,
табиғат заңдарын ашып,оны адам игілігіне жарату,еліміздің
экономикасын және әлеуметтік зерттеулердің бәрі де математикалық
ойлаусыз іске аспайды.Сондықтан математика табиғаттану ғылымдарының
негізі және математикасыз бірде – біреуін терең меңгеруге
болмайды. Маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы
да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең,жан-жақты тараған
кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты-
математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
• Математика сөзінің өзі грек тілінде білім,
ғылым деген мағына береді. Олай болса ежелгі замандардан- ақ
математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде
қабылдаған.
• Математика –
ғылым болмысынан балама ұғым. Сондықтан да математика барлық
ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде
қарастырылады.
• Математика ең
алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады,дамытады және шыңдай
түседі.
• Математикалық тілде тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөз коммуникациясы, яғни сөйлеу мәдениетін дамытады.
2.2 Оқушының білім деңгейін көтерудегі мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушыларға математика қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал етеді.Мұғалім – оқушыларға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Оқушылардың білім деңгейін
арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеті дегеніміз – оқушының білімін
жетілдірудегі, түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде
оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс
түрлері.
Ауызша есептеуге үйрету
тәсілдері.
Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.Мен өз сабақтарымда балаларға ауызша есептеуді неғұрлым тиімді жолмен үйретуге әрекет жасаймын.Оқушыларға туған күндерге қатысты санамақ-тақпақтар жаттатып,санамақ-жұмбақтарды шешуге үйретемін.
Үлкеніміз Мүсілім,
Мен екі жас кішімін.
10-ға толып, туған күнін,
Тойлап отыр Нұрлан інім.
Үш жас кіші Нұрлан менен,
Нұрланның дәл жарым жасын,
Жасап отыр қарындасым.
Тапқыш болсаң, ал сана,
Әрқайсымыз қаншадамыз?
Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың барлығы есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды.Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен,олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
2-сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет.Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
«Дүкен» ойыны. Ойын шарты бойынша оқушылар дүкенші және сатып алушы рөлдерін сомдайды.Сатылым барысында оқушылар ақша беріп,ақша алу арқылы теңгелер арқылы ауызша есептеуге тез машықтанады,ақшаны таниды.Бұл әдіс математика сабағында жақсы нәтиже берді. «Монета,теңгелер» тақырыбындағы сабағымда оқушыларды рөлге бөліп осы әдісті қолдандым.Бұл барлық оқушы үшін деңгейіне қарамастан тиімді әрі қызықты болды.
«Дауыстап ойлау» әдісі Оқи отырып,ой бөліседі.Жаңа сабақты бастар алдында оқушылар оқулықтағы анықтамалармен танысады. Қарсылас топ-тарға немесе жұп болып бір-біріне түсінгенін айтып береді.Оның тағы бір үлгісі саусақтарды атымен санау:
Бас бармақ әкем,
Балан үйрек шешем
Ортан терек ағам,
Шылдыр-шүмек әпкем
Кішкентай бөбек мен
Біз үйде нешеуміз?
-Бесеуміз
Әрі-қарай мен өз жұмысымды жалғастырамын.
«Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі Оқушының ойлау қабілетін дамытады. Оқушылар сабақта өздері дайындаған тест тапсырмаларын бір-біріне береді. Тесттің екі дұрыс бір бұрыс жауабы болады.Тест көбіне есептермен беріледі. Бұл тәсіл математика сабағында арифметикалық есептеу тақырыптарында жақсы нәтиже берді.Барлық оқушылар сабаққа еніп,қызығушылық танытты.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
3. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар,есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.
Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, «Дүкен ойыны»
Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.
Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу,жұмыстарымен шұғылданады. Оларды жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білемін. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Қорытынды
Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау, шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді.
Пайданалынған әдебиеттер
-
А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
-
.Интернет қоры. bilimdiler.kz.
-
Кенеш Ә.С. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы.
Алматы 1998
-
Аймағамбетова Б. Көңілге қонған көрнекілік / Б. Аймағанбетова /
Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы -
Интернет ресурстар.Қосымша сайттар.
-
Математика оқулықтары.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген