400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Өнегелі тәрбие- отбасынан басталады.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмегі бар. Қазіргі таңда балалардың тәрбиесіне бірінші ата-анасы,туыстарының ықпалы зор,Баланың тәрбиесі жайлы мағлұматтар бар. Бірінші балабақшада,кейін мектепте тәрбиеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнегелі тәрбие- отбасынан басталады.


Адамзат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге әкелген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Нәрестенің өмірге келген алғашқы күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, адамгершілікке, саналыққа баулып өсірсеңіз, күндердің күнінде оның рақатын көріп, қуанышына бөленерініз сөзсіз. Баланың бойына жақсы қасиеттер ең әуелі өз отбасынан дарыйды. Отбасынан басталған өнегелі тәрбие балабақша мектеп қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағаты мен одан әрі жалғасады. Отбасында бала әуелі мәдениеттілікті үйренеді соңан соң өзіне тән ар-ұят ақыл ой, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Соңдықтан ата-ананың өз ара сыйласымдылығы өзін өзі ұстауы бала тәрбиесі үшін ауадай қажет. Бала бойында бес, жеті жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқа сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруде баса назар аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамассыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым қатынасы нақ осы кезеңде қаланатының естен шығармауымыз керек.

Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің кадыры. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр сырын білетін терең игерген педагог- тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шындауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.

Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени- гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі...

Соңдай ақ балабақшада тәрбиемен бірге оқу тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды...

Тәрбие жұмысын тәрбиеші педагог мамандармен бірге ата-анада бірлесе отырып жүргізсе келешек ұрпақтың өңегелі де , білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндердің өнер, білімге баулып, тәрбиелеуде балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің, өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор өйткені тәрбиешінің немесе ата-ананың ертегіні әсерлеп айтып, балаға жеткізуі баланың сол ертегі бойынша түсінігі қайталап айтып беруі оның тек сөздік қорын молайтып қана қоймай ақыл-ойын жетілдіреді. Бала жақсы кейіпкерлерге еліктейді, жаманнан желінеді, жақсы болуға, еңбекқор адал болуға үйренеді. Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», А.Құнанбаевтің жыл мезгілдері туралы («жаз», «күз», «қыс»,) өлендерінің хайуанаттар жайындағы ертері-әңгімелерді оқий отырып балаларды достыққа еңбекқорлыққа баулиды осындай жұмыстардың өзіне тәрбиенің алғашқы баспалдағын көруге болады.

Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата – анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.Бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшінүлкен еңбек, күш – жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.

Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.

Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.
Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғанаөнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.

Елбасы НұрсұлтанНазарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір – біріне, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата – аналар балаларына, ал балалары ата – аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен.

ҚР – ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата – ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толыққанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының,ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып,әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың
күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.

Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретіндеанықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиеніңешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбеккебаулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саясиқұндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.

Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.

Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратынәжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымдықа тынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пенқайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.

Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмыс бастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстықжағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы жәнет.б.Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.

Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететінұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.

Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні,қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі.Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігінқамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сыныпкезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.























«Бекітемін»

«Толағай» балабақшасының

Меңгерушсі: Оспанова Қ.

04.12.018жыл








Баяндама

Өнегелі тәрбие- отбасынан басталады.




















Дайындаған: «Жұлдвзай» тобының

Тәрбиешісі: Маханбетова Ф






2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі