Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Оқу сауаттылығына дайындауда сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі»


Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу...

...Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі...

Н.Ә.Назарбаев

Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы

жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды. Әдісін алғанша қай істе болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы болсада оңайланады. Істің шапшаң істелуі күйге жетуі, қайта-қайта істеліп, дағдығаайналған кезде болады. Екінші кемшілігі − қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру − оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. ...Бұлардың бәрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нәрселер. Ұлттық төл технология дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Төл технологияны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының көрнекті ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады.Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі.

Сатылай кешенді талдау” технологиясының мақсаты - қазақ тілінде ойын жеткізе алатын, өз ана тілінде дітін орындата алатын, қазақтың тарихы мен мәдениетін меңгерген жан-жақты білімді, мәдени ұлттық тұлға қалыптастыру. Сатылап оқытудың ескеретін екі жағы бар, бірі – шәкірттің шама-шарқымен есептесу, екіншісі – оқу мағлұматтарын дұрыс қолдану. Оқытушының шеберлігі – ойына келген нәрсені білдіру емес, аужайына, жасына, біліміне, күшіне қарап сабақ беру.

Ж.Аймауытов













Сатылай кешенді талдау арқылы теориялық материалды тілдік қатынасым теориясы (жазылым, айтылым, тыңдалым, сөйлесім) арқылы практикалық тұрғыдан талдап, тұжырым жасап, оны өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Әр пәннің табиғатын танытуда оқушының жеке мүмкіндігін ашуға ықпал ету.

Пәндердің мазмұнын, ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін және тақырып мазмұнын ашу арқылы танымдық дүниесін қалыптастыру.

Кез келген шаршы топта өз көзқарасын дәлелдей отырып, шешен де шебер жеткізе білуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілін, ұлттық құндылықтарын басқаларға таныта, бағалай білуге баулу.

Берілген тапсырманы сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру.

Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамыту мақсатында әртүрлі пәндердің мазмұнына сай түрлі сөзжұмбақтар, танымдық , ұлттық ойындар үлгілерін кеңінен қолдану және ондай ойындарды олардың өзіне құрастырып, жасауына бағыт-бағдар беру.

Барлық оқушыны табысты оқыту.

Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру.

Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
Оқуды жеделдету.

Шығармашылық қабілетін дамыту.

Ғылыми ізденіске жетелеу.






























САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:

оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі.

Табиғилығы.

Дағдыға басым бағыт беруі.

Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі.

Оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру.

Оқушыларға берілетін білімнің саралануы.

Оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай міндетті деңгейде білім алуға еріктілігі.

Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі;

Оқу үрдісінде пәнаралық байланыстың мақсатты енгізілуі.

Барлық оқушыны табысты оқыту.

Оқу-танымдылық белсенділігін арттыру.

Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Білім алуға деген ынтасы мен іскерлік қабілетіне ықпал ету.
Оқуды жеделдету.

Шығармашылық қабілетін дамыту.

Ғылыми ізденіске жетелеу.

Ж.Аймауытовтың пән жүйесі мен комплексті оқыту жүйесін салыстыруы

Пән жүйесімен оқыту

Пән жүйесімен оқытқанда, пәндер жеке-жеке өз жолымен жүреді, бірінің арбасына бірі соқтықпайды, ең ұқсатқанда аз-маз жарыса үзеңгі қағыса оқылады.

Пән жүйесінде мұғалімдер әрқайсысы өз пәнін оқытып, өзгеге бұрылмайды, жазаласа, бірінің сабағына бірі қайшы келіп, бірінікін бірі өтірік қып отырады, әсіресе, дін молдасы мен пән молдасы шартпа-шұрт түсе береді.

Пән жүйесінде өмірді, құбылысты қолма-қол зерттеу деген жоқ, барлық білім кітапта болады, білімді тәжірибе арқылы баланың өз көзі жетіп таппайды, мұғалімнің сөзіне сенеді, оқу заманнан аулақ қалады.

Пәндерді бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесіне қарсы. Бала нәрсені тұтас түрінде, іске пайдалы жағынан қарап, ұғып біледі, бөлшегін, тарауын, қимылын елемейді.

Пән жүйесінде сағат сайын пәндер алмасып, ауысып отырады да, баланың ынтасын бірде-біріне тұрақтатпай, алаң қылады.

Пән жүйесінде адамның тіршілігіне керекті, керексіз көп сөздермен, пікірлермен баланың басын тығындап, миқата қылады.

Сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытудың тиімділігі












ОСКТТ-ЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ПӘН БОЙЫНША ЖҮЙЕЛЕНУІ

1-сынып: Қазақ тілі. Математка.

2-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика.

3-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі.

4-сынып: Қазақ тілі, ана тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі,

дүниетану




1. Анықтама. ОСКТТ дегеніміз – қазақ тілін оқытудан бастау алып, халқымыздың әдебиетін, тарихын, жағрафиясын т.б. пәндердің жиынтығын құрап, оқушыларға жан-жақты білім беретін, оларды өз елінде, өз жерінде ұлтының биік тұлғалы азаматы етіп қалыптастыра алатын оқыту. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі.

2. Шығу тегі. ОСКТТ-ны жасауға өзге елдің озық ой-пікірлерімен қатар қазақ халқының төл ғалымдарының оқыту, тәрбие туралы жасаған ғылыми тұжырымдары, әдістемелік кешендері негіз етіп алынады. ОСКТТ-ның теориялық негізін А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамаларын басшылыққа алып, ағартушылық негізін – Ыбырай, Абай, Шоқан т.б.ағартушылардың педагогикалық ұстанымдарын технология авторы ұлттық құндылыққа негізелген әдіс-тәсілдер енгізіп, бастауыш сыныптардан бастап төменгідей пәндерге енгізудің жолдарын көрсетті, олар: қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика.

3. Ерекшелігі:



оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;

табиғилығы;

дағдыға басым бағыт беруі;

білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;

оқушыларға берілетін білімнің саралануы;

оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейде кем емес білім алуға еріктілігі;

оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

ОСКТТ-ның 2-ші деңгейінен бастап мұғалім тек бағыт-бағдар беруші субъектілік қызмет атқарады.

4. Жалпы білім беру жүйесіндегі пәндерге ОСКТТ-ны енгізудің мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, (қазақ тілі, ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, математика, тарих, география, биология, физика, химия, информатика) білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын, білімді тек қана белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттердің үйлесімді дамуына бағыттталған оқытудың түрі

5. Міндеттері. Мұғалім оқушыларға мәселе қояды, ойлаудың жолдарын үйретеді, оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс жасау әрекетіне бағыт-бағдар береді, сондықтан оқушы белсенді субъектіге айналады. Оқушылар өзара заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорытып, бірлескен ұжымдық әрекет жасайды. Олар өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір айту, баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығармашылық, зерттеушілікке бейімделеді. Оқушыларда өз біліміне деген сенімділік орнап, кез келген ортада құзыретті тұлға ретінде түрлі жағдаяттан шығуға машықтанады.

6. ОСКТТ-ны өрнектеу жолдары: Тірек сызбалар, алгаритм, кестелер, жүйелеу (тараулар, тақырыптар, түрлер).

Тірек сызбалар дегеніміз – нәтижеге жету мақсатында біртіндеп сатылай орындалатын әрекеттер тізбегі.

Алгаритм – нұсқаулар нәтижесінің шешімі.

7. ОСКТТ-ны шартты белгілері: берілген тапсырмаларды таңбалар арқылы өрнектеу.

8. ОСКТТ-ны оқытудың он деңгейі.

Сатылай кешенді талдау” технологиясымен жұмыс жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:

1.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал етеді.

2.“Сатылай кешенді талдау” технологиясын енгізу арқылы барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызылады, әр баланың даму жолында жұмыс жүргізіледі.

3.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы басқа технологиялармен жақсы үйлесім табады.

4.Жоғары қиындықта оқыту – “Сатылай кешенді талдау” технологиясының басты қағидаларының бірі. Соған байланысты бұл технология мемлекеттік білім стандартының толық меңгерілуіне кепілдік береді.

5.Оқыту тиімділігін арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді.

6. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – баланың білімді өз бетімен ізденуі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.

7. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық қабілетін, логикалық ойлауын арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі зор.

8.Баланың талап-тілегін, сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда, көптілділік, “Тілдердің үштұғырлылығы” проблемаларын шешуде “Сатылай кешенді талдау” технологиясының мүмкіндіктері мол.
9. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы. Осы технологияны қолдану, іс-тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім шығармашылық ізденіске қол жеткізеді.
10. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Олардың арасында зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылар саны артады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
923
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12