Материалдар / Баяндама. Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Сапенов Канат Марденович тарих пәні мұғалімі. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі”КММ

Қазіргі қоғам білім беру жүйесі моделін құрастыруға жаңа бағыттар мен көзқарастарды талап етеді. Білім беру технологияларының басты мақсаты білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Осы негізде білімнің сапасын арттыру жолдары білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін дамыту арқылы жүзеге асады. Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген болатын. ҰБТ-ның басты мақсаты бірыңғай тапсырмалар арқылы білім сапасына бақылау орнату, талапкердің білімін бағалауда әділ болу. ҰБТ білім беру мекемелерінің қызметін объективті бағалауға, нақты рейтинг көрсеткішін белгілеуге оқытушы мен оқушының жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылушылығын туғызады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге пайдаланылған емтихан материалдары мемлекет стандарт жүйесінде жасалады. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. ҰБТ-ға дайындық мектептерде негізінен сабақтан тыс уақытта жүргізілетіні белгілі. Мұғалім жалпы білім бере отырып және тақырыптық, тараулық, тоқсандық тағы да басқа сынақ тестер алу арқылы оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі таңда оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуының негізгі үш әдісі қалыптасқан: Біріншісі, дәстүрлі әдіс, оқушының мұғалімнің тақырыпты әңгімелеу, баяндау немесе дәріс оқуы арқылы дайындалуы. Екіншісі, оқушының өз бетімен оқып, іздену әдісі. Үшіншісі, оқушы тек қана дайын тестерді жаттаумен шектеледі. Бұл әдістердің тиімділігі мен тиімсіздігін айту қиын, себебі үш топтың ішінде жоғары және төмен ұпай жинаған оқушылар да кездеседі.

Қазақстан тарихы –күрделі әрі қиын пәндердің бірі. Себебі көптеген хронология, адам аттары, қоныстар және жыл, ай, күн аттары көптеп кездеседі. Оқушылар Ұлттық бірыңғай тест тапсырған уақытта осылардан қателер жіберіп жатады. Ал кейбір оқушылар тест кітаптарын жаттап алады, оқиғаның негізгі түп-тамырына назар аудармайды, сол себепті бір қарағанда жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді, шатасады, қателіктерге жол береді.Соған байланысты бұл мәселені шешуде мұғалімнің негізігі бағыттарының бірі Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты бір жүйеге келтіре отырып, тиімді жолдарды табу болып табылады. Сондай жолдардың бірі біздің ойымызша мақсаты, міндеті, жоспары жүйелі түрде құрылған, оқушылардың қызығушылығын арттыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілетін қосымша сабақтар. Қазақстан тарихы пәні бойынша қосымша сабақтардың алдында кешенді міндеттер қойылады. Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету мен кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылығын оятатын таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру. Қосымша сабақтарда тұлғаның азаматтық, еңбексүйгіштік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, тәртіптілік сияқты қасиеттерін тәрбиелеуге баса назар аударылады. Сонымен қатар қосымша сабақтарда білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері шешім табады. Бірақ сабаққа қарағанда бұл жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолдармен іске асады. Соған орай Қазақстан тарихы пәні бойынша қосымша сабақтардың өзіндік ерекшеліктері болады. Олар мынадай: Біріншіден, сабақ уақыты реттелген міндетті оқу түрі болса, қосымша сабақ ерікті сипат алады және оны өткізудің уақытын мұғалім белгілейді. Екіншіден, сабақ мазмұны мемлекеттік стандарт бағдарламамен белгіленсе, мұғалім қосымша сабақтың мазмұнын таңдауда біршама еркіндікте болады. Үшіншіден, жұмыстың көптеген түрлерін қолдану барысында оқушылардың психологиялық және деңгейлік ерекшеліктерін есепке алуға қолайлы мүмкіндік туады. ҰБТ-ға дайындауда 5 сыныптан бастап оқулықпен дайындаған дұрыс. Жұмыс істеу кезінде оқушылардың өз бетінше, ізденуіне жол ашады және ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Қазіргі таңда оқушы білімін бағалаудың тиімді жолы тест әдісі екендігі белгілі. Енді, оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдеріме тоқталар болсам. Тест тапсырмаларын дәуір-дәуірге бөліп, салыстырып мағынасын түсіндіріп оқыту керек. Оқушылардың білімін бағалауда тесттің бірнеше түрін пайдалануға болады. Мысалы: 1.Дұрыс жауап таңдау тесті. 2. Толықтыру тесті. 3.Сәйкестендіру тесті. 4. Баламалы тест. 5. Хронологиялық тест. Қазіргі кезде ҰБТ және кешенді тест тапсыру кезінде көп қолданысқа ие болғаны





1. Дұрыс жауап таңдау тесті.

Питекантроп қайдан табылды?

а) Қытайдан(Синантроп) с)Германиядан (Неандерталь)

в)Франциядан (Краманьон) д) Ява аралынан (Питекантроп)

2. Неандерталь баланың қаңқа сүйегі қай жерден табылды?

а) Өзбекстандағы тесіктас үңгірінен (1938 жылы)

в)Германиядағы неандерталь жерінен (б.з.б. 100-40 мың жыл бұрын)

с) Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жотасынан(еңбек құралдары )

д) Францияның Кроманьон үңгірінен («Саналы адам»)

2.Толықтыру тесті.Берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына жауабын жазады немесе берілген тапсырманы жалғастырып аяқтайды.

  1. «Түрік» сөзі (Теле) сөзінен шықты

  2. Алтын өнеркәсібінде 1873 жылы (12%) жұмысшы әйелдер еңбек етті.

  3. Қазақ зиялылары қатарынан «ұлтшылдар» мен «байшылдарды» іздеу науқаны басталған жылдары (Қ Сәтбаев, Ю Домбровский) Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды.

2.Сәйкестендіру тесті. Бұл тест оқушылардың қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсер етеді.

1Shape2 Shape1 .Дың ескерткіші ІХ ғ ІІ жартысы

2Shape3 . Баба ата мешіті ҮІ-ІХ ғғ

3Shape4 .Ақыртас ескерткіші ҮІІ-ҮІІІ ғғ

4. Боран мұнарасы Х ғасыр аяғы

4.Баламалы тест. Бұл тест әдісі өзінің тиімділігін береді. Оқушыны ойландырады.

С Сұрақтар

« » «ИӘ»

«Ж « Жоқ»

1

Қа Қазақ хандығын алғаш құрған Керей мен Жәнібек

+ +


2

Әмір Темір Отырарда қайтыс болды ма?

+ +


3

«Аттила» операсын алғаш рет жазған

Шоқан Уалиханов


+ +

4

Алтын Орданы құрған Батый

+ +


5

Алғашқы түсірілген көркем фильм «Қыз Жібек»


+ +

5. Хронологиялық тест.Бұл тест кезінде оқушыларға жылдар көрсетіледі. Оқушылар сол жылдағы оқиғаны баяндайды.

Жылдар

Оқиғалар

552 жыл

Түрік қағанаты құрылды

1206жыл

Темучин ең жоғарғы билеуші- Шыңғыс хан болып сайланды.

1218 жыл

Отырардағы Шыңғыс хан жіберілген сауда керуенінің өлтірілуі.

1465-1466

(870)жж

Қазақ хандығы құрылды

(М Х Дулати Тарих-и- Рашиди еңбегі)

1870ж

Маңғыстаудағы шаруалар, жұмысшылар көтерілісі

1917ж

22 қараша

Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІҮ съезд ашылды.

Түркістан автономиясы құрылды.(төрағасы М Шоқай болды)

1919ж

11қаңтар

Әскери коммунизм саясаты енгізілді.



Тестке дайындалу барысында бірнеше тест құрастыруға болады, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тарау бойынша тест құрастырып, тапсырма берген дұрыс. Әртүлі әдіс-тәсілдерді көп пайдалану керек. Сонымен қатар электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен көбірек жұмыс істеу өз жемісін береді. Оқушылар өз білімдерін тексеріп бақылау арқылы жоғары нәтижеге жету үшін өзіндік ізденіс, шығармашылыққа талпынады.

Сонымен бірге оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту мақсатында тақырып, тараулар бойынша тапсырмалар беріледі. Тапсырма алған оқушылар өз кезегінде өздері құрастырып дайындаған интеллектуалды ойын «Атажұрт», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», тарихи танымдық сайыс, кесте толтыру, тарихи диктант жүргізу арқылы құрастырылған тест тапсырмаларының сұрақтарының жауаптарын табу үшін топпен , жұппен, бүкіл сыныппен жұмыс жүргізу арқылы өзара пікірлесіп, талдауының нәтижесінде ұзақ уақыт есте сақтай алады. Осылай жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан тарихы пәнінен оқушыларымыз ҰБТ кезінде 2022 жылы 90,5%, 2023 жылы 95,8% білім сапасын көрсетті.







Бұдан шығатын қорытынды осындай дайындықтардың нәтижесінде оқушылардың Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдері ҰБТ және кешенді тестілеу кезінде еш қиындықсыз дұрыс жауаптарын белгілеуге мүмкіндіктері болса, сонымен қатар арнаулы орта, жоғары оқу орындарында оқыған кезде негіз болып қалыптасып, одан әрі дамытып, кең түрде білім алуына және өз елінің тарихын толыққанды білуіне кең жол ашылады деп сенім білдіреміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы оқулығының әдістемесі 1989ж Алматы баспасы

Қазақ тарихы журналы 1996ж №1,2,3. 2002ж №1,3,5,6.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!