жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: Оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруда, көшбасшылық қасиеттерін дамыту
ШҚО,Өскемен қаласы
«№5 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сыдыкова Ляйля Казезовна
Оқушылардың зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыруда, көшбасшылық қасиеттерін дамыту
Қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық.Осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі мектеп бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жаңа заман талабына сай компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорндық және телекоммуникациялық құралдары, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру көзделіп отыр. «Мұғалім – жас бала үшін ешбір теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты», - деп К.Д.Ушинский айтқандай оқушы мұғалімнің айнасы . Мұғалім оқушыға қалай бағыт – бағдар берсе ,оқушылар солай қабылдайды. «Бала білім берудегі мақсат – мұғалімнің көмегінсіз оның ойлау қабілетін дамыту», - деген Э.Хабберттің сөзімен келісе отырып, шығармашылық қабілеті мол , жан – жақты дамыған адамзат тәрибелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі дегім келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арнаған Жолдауларында қоғамның дамуындағы білімнің алатын орнын ерекше атап өтіп «Біз бaрлық елдер бойыншa әлемдік стaндaрт деңгейінде білім берудің сaпaлы қызметін ұсынуғa қол жеткізуіміз қaжет» деп aтaп өтеді.Мемлекет басшысымен белгіленген басымдылықтарды орындауда ағымдағы жылда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты ҚР Президентінің «Мәңгілік ел» идеясының негізі болатын және оны жүзеге асыратын тұғырнама тұрғызу.
Мәңгілік ел – заман талабына сәйкес әлемдік өркениеттің жаңалықтарын, ғылымы мен техникасын еркін танып, игеріп және пайдалана алатын біртұтас халық, мәңгілік қазақстандық қоғам құру.
Оқу барысында оқушылардың ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту басты проблеманың бірі. Әр сабақ – мұғалімнің ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын артпай, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, жаңаша ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны жақсы ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы дәрежеде қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелейді, зейінін арта түседі, есте сақтау қабілетін дамытады.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім - білік, дағдыларды меңгерте отырып, жаңа педагогикалық технологияларды шебер пайдалана білу арқылы оқыту үрдісін жаңарту және ізгілендіру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажеттігі туындап отыр.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық- деп атап айтқан.
«Оқудағы көшбасшылық» - оқушының эмоционалдық-өнегелік сауаттылығы, эмоционалдық-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы,бұл жердегі ең маңызды мәселе-оқу сапасын арттыру.Көшбасшылық кең тараған болса,әр бір адамның әрекетіне қарағанда, көшбасшылар тобының ықпалы үстемірек болған жағдайда ықпалы анағұлым тиімдірек болмақ.
Көшбасшы(ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді)- нақты формальды және формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білі, моральдық құндылықтар беруш, қоғамдық өмірде, топта белсенді, беделді мүшесі.
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі «Ең әуелі керегі терең білімді педагогика мен әдістемеден хабардар,оқыта алатын мұғалім. Екіншісі,оқыту ісіне керек құралдардың жеткіліктілігі.Құралсыз іс істелмейді,құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы»,-деп тілші-ғалым А.Байтұрсынұлы атап өткен екен.
Ұжымдағы орындалып жатқан іс-әрекеттің немесе белгілі бір жобаның тиянақты әрі жинақы орындалуына,сол топтағы лидердің,яғни көшбасшының қосар үлесі зор Көшбасшыға алғырлық,ақылдылық,қажырлылық,ұйымдастырушылық,жұртқа жағымдылық,сондай- ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлілік таныта білушілік қасиеттер мен қабілеттер тән.Әдетте,мұндай адамдар өзгелерден ерекшеленіп көзге түсіп тұрады.Сөйлеген сөзі,іс-әрекеті,адамдармен қарым-қатынасы,тіпті ойға алған ойы,бәрі,бәрі ерекше.Мұндай көшбасшылық қасиеттер әр адамның бойынан табылады.Тек осы ерекше қасиетті сыртқа шығару,қоғамды хабардар ету әркімнің өзіне байланысты.
Ғылымның жедел түрде қарқынды дамуы, қазіргі заман талабы мектеп оқушыларын бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мақсатын қойып отыр. Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап, қорытынды жасай білуге үйрету бастауыш сыныптан басталады. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру төмендегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту;
Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;
Өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылу;
Таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына мүмкіндік жасау;
Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (ғаламтор, электронды пошта);
Қоршаған ортада өз орнын, жеке рөлін анықтай білу;
ББД-ын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік туғызу.
Оқушылардың
игерген зерттеушілік біліктілік
деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын
олардың білімдері де жоғары
болады.
Зерттеушілік іс-әрекетке
бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына
көңіл бөліну керек:
- жұмысты орындауға деген жоғары
деңгейдегі талпыныс;
- жаңа біліммен және біліктілікпен
қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
- алынған ақпаратты
талдауға,жинақтауға,қорытындылауға
және өз
қызметінде пайдалана отырып нәтиже
шығаруға деген қабілеттілік;
- өз көзқарасын басқаның пікірімен
сәйкес келмесе де дәлелдеуге
талпыну;
- белгілі бір қызмет түрінде басқа
балалармен сайысуға деген ұмтылыс.
Зерттеушілік
қызмет дегеніміз – жаңа білім алуға
бағытталған шығармашылық қызмет. Оқушыны
зерттеушілік қызметке үйретуде мұғалімнің
өзі дайын болуы, демек ұстазда зерттеушілік
қызмет қалыптасуы шарт. Ол үшін мұғалім
зерттеушілік дегеніміз не,зерттеушілік
тапсырмалар,оларды пайдалану әдістемесі,
оқушылардың зерттеушілік қызметі туралы
толық түсінігі болуы керек.
Зерттеу
жұмысын жүргізу кезінде жетекші алға
қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің
мақсатына қарай оқушыларды бағыттап
отырады.Содан соң алынған нәтижелерді
талдауға және қорытындыны тұжырымдауға
тікелей де, жанама түрде де басшылық
етеді. Оқушылардың зерттеушілік білігі
артқан сайын мұғалім жанама басшылыққа
көңіл бөледі де оқушылардың дербестігі
және жұмысқа ынтасы арта түседі. Бұл
оқушыларда зерттеушілік қызметтің
қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.Оқушылардың
игерген зерттеушілік біліктілік
деңгейлері неғұрлым жоғары болған сайын
олардың білімдері де жоғары
болады.
Зерттеушілік іс-әрекетке
бейім оқушының төмендегідей сипаттамаларына
көңіл бөліну керек:
- жұмысты орындауға деген жоғары
деңгейдегі талпыныс;
- жаңа біліммен және біліктілікпен
қарулануға деген белсенді ұмтылыс;
- алынған ақпаратты
талдауға,жинақтауға,қорытындылауға
және өз
қызметінде пайдалана отырып нәтиже
шығаруға деген қабілеттілік;
- өз көзқарасын басқаның пікірімен
сәйкес келмесе де дәлелдеуге
талпыну;
- белгілі бір қызмет түрінде басқа
балалармен сайысуға деген ұмтылыс.
Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді.Ол - есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалық ләззат алуы және зерттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болуы.
Қорыта айтқанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:
-
Көшбасшылық қасиеттерінің ашылуына,
•
Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің
дамуына ықпал етеді,
•
Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп,зерттеулер
жүргізуге
бейімделеді;
•
Ой жүйелілігі мен шешендік өнері
қалыптасады;
•
Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру,бастысын
бөліп
шығару,өмірде
қолдану әдістерін меңгереді;
•
Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін
арттырып,оқушылардың
жоғары
шығармашылық деңгейін қамтамасыз
етеді.
Зертеушілік әдісте қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі: керекті ақпарат, фактіні жинау, түрлі көзқараста сараптау дағдысы, қорытынды жасап, пайымдау . Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін оның танымдық қабілетін түрлі әрекете көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет .
-Оқу тапсырмаларының үлгі кезеңдеріне бағытталуы;
- Әр түрлі деңгейлілікті және әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеру;
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы жүйелікті сақтауды төмендегі негізгі жағдайлар қажет етеді;
Оқушылардың парасаттылығын қалыптастыруда, ойлау әрекетінде шығармашылық, ақпараттық мәдениет және сауаттылық қызмет байқалады;
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың түйінді мәселелерін шешу мұғалімінің кәсіптілігімен байланысты шеберлігінде дамитыны сөзсіз.
Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші.Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді.Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.
«Шәкірт – сыңғырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ» демекші оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау мектептің басты мақсаттарының бірі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген