Материалдар / Баяндама "Орбұлақ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Орбұлақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арнлаған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОРБҰЛАҚ-ҚАЗАҚҚА ОРТАҚ ҰЛЫ ЖЕҢІСҚазақ топырағында талай ерліктің табы бар.Соны көш басында тұрғаны-Орбұлақ шайқасындағы ұлы жеңіс.Ақпараттық замана ағымы тарихымызға үңіліп, отарлау саясатының соққысынан шашылған жәдігерлерімізді жинақтауға мұрсат бергізбей,алға жетелеу әкеткені жасырын емес.Алайда тұншыққан, жұлмаланған,саясат шоқпары тиіп,ойдым-ойдым болған тарихымыз тәуелсіздіктін алғашқы лебімен қайта тыныстап , халық аршылған ақиқатпен қауыша бастады. Десек те тарихи сананы қалпына келтіру ісі оңайға соқпай отыр.Тәуелсіздігімізге 27 жыл өтсе де өз тіліне,өз тарихына өгейсіп қарап,бабаларының батырлығына күмәнмен көз тігетіндер қатары сиреген жоқ әлі.Мұндайда тарихымыздың ақтандық беттерін жүйелі зерттей алмай жүр деп ғалымдарға кінә артамыз ба,әлде халық ішінде бабалар ерлігін індете түсіндіріп,жеткізе білетін насихат жұмысы аз деп жылы жауып қоя саламыз ба?Қалай айналсақ та бұл төңіректе сұрақ көп, жауап санаулы-ақ. Ал Орбұлақта оянған қазақ рухын ешқандай күш сындыра алған жоқ. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін тарихи факт әрі бүгінгідей жаһандану дәуірінде кейінгі жастардың жігерін жанып, отаншылдыққа тәрбиелейтін шынайы, бірден-бір ерен ерлік.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде біз сөз еткен тақырыпқа жан-жақты түсініктеме береді. Тариихи сананы жаңғырту үшін алдымен Ұлы Далада өмір сүрген тұлғаларды насихаттау, олардың ерлігін елге өнеге ретінде ұсыну, арнайы ашық аспан астында тарихтан сыр шертетін саябақтар ашу, архив жұмысын жандандыру міндеттерін жүйелеу қажеттігін айтады. Елбасының айтуынша, еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар қазақтың арғы ата-бабалары болып саналатынын жан-жақты айғақтауға мүмкіндік бермеген. «Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғым. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қағыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен Саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз», - дейді өз мақаласында Нұрсылтан Әбішұлы.Орбұлақ жеңісінің 375 жылдығымен тұспа-тұс келген Елбасы мақаласықазақ тарихының түйткілді мәселелеріне толқынды жауап ұсынды әрі жаңа міндеттер жүктеді. Жаркент қаласында бой көтерген «Ұлы жебе» мемориалды кешені Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын одан әрі айшықтай түсті. Ендігі дүние жаңа нысанның жастарға берер насихатында тұр. Ашылған кешен құстар қонақтайтын тастұғырға айналмасын десек, осы бастан Орбұлақ шайқасындағы ұлы жеңісті жеткіншіктерге түсіндіргеніміз жөн. Ол қалай жүзеге асады дегенде тағы да телеэкранға тоқтам жасауға тура келеді. Осы орайда «Троя» тарихи киносын еске түсірейікші. Көрген адамның намысын оятатын ғажап туындыны бәріміз де тырп етпей көрдік емес пе?! Еуропалықтардың көп жағдайда жауынгерлері жаяу ұрысқа ғана дағдыланғанын, мініс ат тек қол-басшыларынан берілетінін ескерсек, біздің әскерден әдіс-айла, дайындық жағынан әлдеқайда төмендеу болғанын байқаймыз. Бірақ «Трояны» көрген адам ең мықты әскер гректер деп ойлап қалатыны жасырын емес. Киноның идеологиялық тұрғыда ең керемет насихат құралы екенін осындайда ұғына түсеміз. Гектордың қалың қолына арнап сөйлеген сөзі, нағыз ерлерше өмір сүруі, соғыстағы жекпе-жектердің әділетті өтуі,Ахиллестің батырлығы,анасымен өрбитін диалогы-бәрі рухты жанитын, балаларды ерлік жасауға үйрететін эпизодтар.Әсіресе,Гектор мен Ахиллестің жекпе-жегі ешкімді де бейжай қалдырмайды. Қазақ тарихы отаншылдық рухты оя-татын оқиғаларға бай.Бір ғана эпостық дастандардың өзінен бірнеше кино түсіруге болады.Бұл жайында ұлт зиялылары талай жылдан бері айтып келе жатқанымен қар-жылық қиындықтарға байланысты бастама аяқсыз қалып келді.Алайда «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мың бала» фильмі қазақ киносында үлкен бетбұрыс ретінде бағаланады.Осылардан асып түспесе,кем соқпайтын Орбұлақ шайқасындағы жеңіс ірі кинотуындыға сұранып тұрғанын айтып өткіміз келеді.Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бес қаруы бойындағы 600 қазақ сарбазы!Олар қарсы алдынан қазір ұрандап ұмтылатын қас жауының қаншалықты күшті екенін білмейді.Бар мақсаты-елін,жерін қорғау, «қара қазан, сары баланың қамын» күйттеу.Ер адамға бұдан артық қандай қозғаушы күш керек? «Бірлігі жарасқан ел берекелі», «Саусақ бірікпей,ине ілікпейді» деген мәтелдерді санасына құйып өскен қазақ баласы қандай қара қүшке де төтеп беруге,күйрете соққы жасауға әзір. Расында,600 сарбаз 50 мың ата жауын-қалың жоңғарды қалай жеңді?Міне,осы сұраққа жан-жақты жауап іздегенде ғана жастарға насихаттаудың жүздеген жолын табамыз.Дәл осылай ғылыми мақалалар негізінде шектеліп қалған қаншама тарихи оқиғалар бар?Оның бәрін жарыққа шығарып,кинотуынды ретінде ұсыну үлкен ізденісті талап етеді.Батыр қонтайшы мен Жәңгір сұлтан арасындағы кескілескен шайқас қалай қазақтардың пайдасына шешілді?Дамыған елдер халық аузында еміс-еміс айтылатын ауызекі аңыздың өзін шындықпен пара-пар деңгейде көркемдеп,ғажайып туындыға айналдыруда.Ал оның қасында бүкіл әлем ғалымдары мойындаған Орбұлақ шайқасын неге жарқ еткізіп көрсетпеске?Әрі сол кездегі ұлы жеңістің 375 жылдығын атап өту тарихымыздың тереңдігін дәлелдей түседі. Елбасы Рухани жаңғырудың жалғасы ретінде шыққан «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы-кино өнері екенін меңзейді. «Қазіргі замадағы халықтың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады.Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөль атқарды.Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі қойылымдық фильмдердің телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек.Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік сценаристерді,режиссерлерді,актерлерді,продюссерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс»,- дейді Елбасы. Ұлы жеңіс! Бұл сөздің мазмұны ауқымды,тарихы да терең.Ұшы-қиыры жоқ Ұлы Даланың әр төбесі ғасырлар қайталаған тарихи тұнбасына толы.Батыр бабаларымыздың ерлігі кешегі кеңестік кезеңде,оның алдындағы орыс патшалығы дәуірінде елге мұра болудың орнына әбден жанышталды,одан қалса, кейінгі буынның санасынан өшірілді.Ал ұлы жеңіс жолындағы ерліктер ел есінен ұмтылған жоқ.Әрине, ұлы жеңіс дегенде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып фашистік Германия басқыншыларынан елін қорғаған ерлердің ерлігі бір төбе.Бірақ қазақ үшін ұлы жеңістің астары тым тереңде.Біз одан бұрын да миллиондап көз жұмған небір алапат айқастардың барын жадымыздан шығарғанымыз жөн.Орбұлақ,Аңырықай шайқастары,одан бертіндегі Кенесары көтерілістері секілді қаншама толқулар,Алашорданың құрылуы,тіпті,кешегі үш ғасырлық бодандықтан босап,тәуелсіздік туын желбіреткен күніміз де ұды жеңістің бір көрінісі емес пе?! Түсіне білгенге тәуелсіздік күніне орай толғаған тобықтай ойымыз осымен тамам.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!