400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Өзін-өзі тану пәнін оқытуда мұғалім сыйының маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі білім беруде оқушы бойында рухани құндылықтарды дарыту маңызды,сол себепті сабақ тақырыбына сай мұғалім сыйын жасау маңызды деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар сапалы берудің негізі»


«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда мұғалім сыйының маңыздылығы.


Курмангалиева Бактыгул Сагингалиевна


Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп


Бастауыш сынып мұғалімі


«Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келетін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», — деген болатын академик  Д.С. Лихачев. 

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Сонымен, “Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі- “Мен” образының түрлі аспектілерінің қалыптасуы.

«Өзін-өзі тану» пәні мемлекетіміздің ертеңгі азаматтары болатын, бүгінгі жас жеткіншектерге рухани-адамгершілік тұрғыдан бағыт-бағдар береді. Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде адамның өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алуы, рухани тазаруы, өркениеттің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы. Өзін-өзі тану пәні - өз алдына жеке ғылыми пән. Бұл пән - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – педагогикалық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған. «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз

ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады.

1

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

Мұғалімнің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты - баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.

Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек. [1]

Өзін-өзі тану сабағының мақсат-міндеттері әр баланың өз жүрегінде жалпыадамзаттық рухани құндылықтар  (Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйіспеншілік, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау) бар екендігіне көздерін жеткізіп, өмірде осы құндылықтарды басшылыққа алуды үйретуді көздейді. Сонымен қатар олар осы жалпыадамзаттық құндылықтар қамтитын рухани-адамгершілік қасиеттердің әлеуетін ашып, әр баланың ізгілік жолын таңдауға ықпал етуі керек. Өзін-өзі тану сабақтарының рухани-адамгершілік тереңдігі осы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды балалардың бойынан ояту негізгі мақсаты болып табылады. 

АҚИҚАТ -шындықты айту; тек жақсы және қажет заттарды ғана айту; басқалардан жақсылықты іздеу; қарапайымдылық; оптимизм; кішіпейілдік және т.б. 

СҮЙІСПЕНШІЛІК -ақкөңілділік; бауырмалдық; достық; татулық.   адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.кішіпейілдік. жомарттық; аянбай қызмет ету; ізгілік және т.б. 

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ -жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу; уақытты үнемдей білу; құмарлықты тыя білу (ақша, тамақ, және т.б.); қоғамға риясыз қызмет ету; әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік; әділеттілік және т.б. 

ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ- қарапайым өмір, асқақ ой; құмарлықты шектеу; өзіне-өзі сенімділік; іске берілу;

ұстамдылық; өзін-өзі құрметтеу; қарапайымдылық; жағымды ойлау және т.б. 

ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ -басқа мәдениеттің құндылығын түсіну; толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; 

2



қоршаған ортаны қорғау. оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу; әлеуметтік әділеттілік; адам құқығы; жақсы азамат болу және т.б. Өзін-өзі тануға үйрету білім беру процесәндегі әрбір қатысушының тұлғалық ерекшеліктерін мойындай отырып,интерактивті әдіс негізінде жүргізіледі.Адамгершілік құндылықтар әр түрлі жасқа қолжетімді әлемді түсіну арқылы сіңіріледі.Өзін және басқа адамдарды тануды,қоршаған ортамен қарым-қатынасты, ақиқатты және махаббатты адамзат өмірінің ең жоғары мағынасы деп түсіну балалар еркін ойлана алатын өзінің пікірін білдіре алатын,өзінің дарындылығын және қабілеттілігін ашып көрсететін сенімді,ресми емес жағдайларда орын алады.Өзі – өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі,қоғамға қызмет етудің іс жүзіндегі дағдылары дамиды. Өзін – өзі тану пәні бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Тыныштық сәті», «Үй тапсырмасын тексеру», «Дәйексөз», «Мұғалім сыйы», «Шығармашылық жұмыс», «Сергіту сәті», «Ойын», «Топпен ән айту», «Үйге тапсырма», «Соңғы тыныштық сәті».

Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:
• сабақтың тақырыбын балалардың түсінуіне және оған өзіндік көзқарасын жағымды эмоциясымен байқатуына кол жеткізу;

• адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен бірге нақтылай отырып бекіту;

• бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі өмір сүретін ортада жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі: күнделікті сабақта  «Нұрға бөлену» сәтінен бір-біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен басталса, дәйексөздің  мәнін  түсіндіре отырып, сабақтың  тақырыбын ашу, әңгімелесе  отырып мәтінді түсіндіру, осы  кезде мұғалім сыйын ұйымдастыруға болады.

Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі  «Мұғалім сыйы».

«Мұғалім сыйы» — балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме,өлеңдерді,күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі. Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып,негізгі ойды түсінуге үйренеді. Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп,бойына сіңіреді. «Мұғалім сыйы» шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып,олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.

3

Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге қызығушылық тудырып,өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.

Әңгімелер, ертегілер - баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Бала ертегіні тыңдау арқылы, ондағы жағымсыз кейіпкерлерді әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағымды етіп көрсетуге тырысады. Осы әдіс арқылы баланың қиялы дамып, сөздік қоры көбейіп, жаңа сөздер, сөйлемдер ойлап табады. Ертегі балалардың шығармашылық қабілет-дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, онымен тығыз байланыстыра отырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял-армандарын жетілдіріп шешен сөйлеп, қайратты болуға жұмылдырады. [3]

Мұғалім сыйы сол күнгі тақырыпқа байланысты тақпақ, өлең немесе  аңыз әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге болады. Осындай,  әдіс-тәсіл арасында оқушыларға қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді.

Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге қызығушылық тудырып, өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.

Шығарма, әңгімелерді кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлерін қолдануғада болады. [2]

Осы мақсатта өз іс-тәжірибемде тұлғаның құзыреттілігін ұлттық құндылықтарды ертегілер негізінде байланыстырып өткізген сабақтарыма тоқталамын.


Қазақ мультфильмдері - ұлттық рух пен болмысты көрсету арқылы жас өркендерге орасан зор тәрбие береді.

Бала мұғалімге айтады

  • Егер айтып берсең, ұмытамын.

  • Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын.

  • Егер еліктіре тартсаң, расымен ұмытпаймын, - деген сөзін ескере

отырып, әр сабағымды түрлендіріп өткіземін.

4

Соның бірі «мұғалім сыйына» тақырыпқа сай бейнетаспаларды көрсетемін. [6]

4-сыныптағы «Жанашырлық – жанға қуат» тақырыбындағы сабағымда «Мұғалім сыйы» бөлімінде «Керқұла атты Кендебай» ертегісін аудиотаспа арқылы тыңдатқандағы мақсатым оқушылардың бір-бірімен жақынырақ достасуы, шығармашылық қабілеттерін дамыту. [4]

Тапсырма:

Әр оқушы Кендебай бойындағы жақсы, жанашырлық қасиеттерді айқындап айту.

Нұсқау:

Ертегідегі Кендебай бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсың?

Талдау:

І топ: Көрініс көрсету. Баламен кездесу сәті.

ІІ топ: Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы Кендебайдың жанашырлық қасиетін аш. (Уәде берілсе неғұрлым ерте, Ғұмыры да болады соғұрлым келте).

ІІІ топ: Адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсың? Постер құрастыру.

Басына іс түскен адамдарға жанашыр бола біл, қамқор бол, жанашарлықты сөзбен ғана емес, іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет – ең бастысы осы.

3-сыныпта «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында жаңа сабақты оқиғаларды әңгімелеу барысында, мұғалім сыйына: «Отбасы құндылықтары» бейнетаспасын көрсеттім.

Бейнетаспаны көре отыра балалар ата-ананы құрметтеу,сыйластық,бір-біріне қамқор болу,бір-бірін жақсы көріп жылылық сыйласа мықты отбасы болатынын түсінді. Кейбір адамдар ата-анасының қадірін білмей қарттар үйіне тапсырады, қиянат жасайды, қалайша өз ата-анасына жаны ашымайды, бұл қылықтары дұрыс емес екендігі туралы шырылдап, жандары ашып, ақиқатын айтты.

Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады – деп өз ой – пікірлерін білдірді.

Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асыруда рухани – адамгершілік құндылықтарды тек өзін –өзі тану пәнінде емес басқа пәндермен де интеграциялау болады. [7]

Әдебиеттік оқу - Өзін-өзі тану.

3-сыныптағы әдебиеттік оқу пәнінен «Жақсылық жасау борышың» тақырыбындағы сабақты «өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялағанда «Мұғалім сыйы» бөлімінде «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» видеоролигін көрсете отырып,

5

жақсылық жасау әрбіріміздің қолымыздан келетінін, оны міндет етпеу керектігін,жақсылық жасасаң өзіңе еселеніп қайтатынын ұғынды.

Осындай әдістерді қолдану арқылы тақырыпты ашу кезінде жеке тұлғаның қалыптасуына ертегілердің тәрбиелік мәні бар екендігіне көңіл бөлемін, ертегі арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіремін, сөйлеу мәдениетімен шығармашылық қабілетін дамытуға көңіл бөлемін.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың жауапкершілігін күшейтіп, әр баланың жанын түсініп, көкірегіндегі саңылауын ашып, өз-өзіне сенімін арттырып, еліміздің болашағын көркейтер, өркендетер ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етемін.




Күтілетін нәтиже:

• Мұғалімді және оқушылар бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.

• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.

• Мұғалім балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.

• Бала әңгіме, ертегілер арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді.

• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына сіңіреді.

• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.





Ұсынысым:



  1. «Мұғалім сыйы» әдісін басқа пәндерге кіріктіріп қолданылса.


2.Өзін – өзі тану пәніне оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты қазақ ертегілері бейнетаспалары шығарылса






6




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. А.Б.Сарсекенова, Д.Б.Алтаева «Өзін - өзі тану» пәні бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру. Алматы 2011 ж. [1]

  2. А.С.Кульниязова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша көмекші әдістемелік жұмыстарды жетілдірудің жаңа бағыттары. Атырау 2014 ж, 24-бет [6]

  3. А.С.Кульниязова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша көмекші әдістемелік жұмыстарды жетілдірудің жаңа бағыттары. Атырау 2014 ж, 70-бет [7]

  4. www.google.kz. [2]

































10

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі