Материалдар / Баяндама «Психопатияларды емдеу жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Психопатияларды емдеу жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақша баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
143
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Психология және педагогика факультеті

Психология және дефектология кафедрасы













Баяндама

Тақырыбы:

«Психопатияларды емдеу жолдары»









Пәні: Психопатология

Дайындаған: Қуекесова Г. Т.

Дефектология мамандығы, 2 курс студенті

Тексерген: Сатыбалдина Р.А

Психология және педагогика

факультетінің оқытушысы











2019 жыл, Қостанай

Психопатиялар – интеллект өзгерісінсіз, тұлғааралық қатынас және қоршаған ортаға адаптациялану бұзылыстарына алып келетін туа және жүре пайда болған мінез-құлықтың тұрақты бұзылыстарының тобы.

Профилактикасы мен емі

Психопатия емі көптеген қиындықтар тудырады. Анық айтқанымыздай психопатия ауру емес. Егер ауруларды емдеуде нeгiзгi мақсат дертті үрдісті басу және мүмкін болатын көріністерін жою болатын болса, психопатия кезінде науқастың тұлғалық құрылымын қайта қалыптастыру, сыртқы ортамен қарым-қатынас түзудің принциптерін дұрыс түciнyдi іске асыру болып табылады. Бipaқ біз қолданатын психотропты препараттар тек психопатияның белгілі бip көріністеріне ғана әсер етеді.

Көптеген психопатиялық жағдайлар құрамында әртүрлі аффективті бұзылыстар маңызды орын алады. Психотропты препараттарды аффективті патологияны басу үшін немесе эмоциональды көріністерді қадағалау үшін тағайындау олардың симптоматикасының ерекшеліктері мен науқастың жағдайына жалпы әсерін ескере отырып жүргізілуі керек. Депрессивті бұзылыстар кезінде антидепрессанттар қолданылады, ал үрейлі жағдайларда - транквилизаторларды қолданады, депрессия белгілерінің айқын үрей белгілерімен бірге жүруі жағдайында - антидепрессанттар мен нейролептиктер комбинациясы беріледі. Психопатияға терең депрессиялық күй тән болмағандықтан жеңіл антидепрессанттар тағайындалады. Психопатия кезінде ұйқы бұзылысы жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда транквилизаторлардыколдануарқылыұйқыны қалпына келтіруге болады. Егер тиімділік көрсетпесе ұйықтататын дәрілер тағайындалады. Паранойяльды реакциялар кезінде нейролептиктерколданған жөн. Ал егер паранойяльды реакциялар аффективті реакциямен бірге жүрсе комбинацияланған ем қолданукерек. Психопатия емі үшін психотропты препарат таңдағанда кең спектрлі антипсихопатикалық дәрілерді қолданған жөн.Мұндай препаратқа неулептил жатады. Психотропты терапияның маңызы психопатияның декомпенсациясы, психопатиялық және невротикалық көріністер күшейген жағдайда арта түседі.

Мамандардың жалпы қолдауы бойынша, психопатия емінде негізгі рөлді психотерапия алуы керек. Тек психотерапия көмегімен тұлға құрылымын өзгертуге, өзінің «Мені» туралы пікірін түзетуге және тұлға аралық дұрыс байланыс құру жолын табуға болады. Психотерапия әртүрлі - индивидуальды және коллективті болуы мүмкін. Психотерапияның әр түрінің өзінше артықшылықтары бар. Коллективті психотерапияға жағдайы жақсарған адамдар да қатысуға болады. Олардың мысалдары басқа науқастар үшін оң және ынталандырушы әсер етеді. Емдеудің екі түрі - дәрілік және психотерапияны бip-бipiнe қарсы қоюға болмайды. Олар үйлестіріліп, дұрыс қолданғанда емдік әсері күшейеді.

Шетелдегі психопатияның шығу тегіне психодинамикалық көзқарасқа байланысты олардың емі психоанализ көмегімен жүргізіледі. Мұндай емнің мақсаты – санаға бағынбайтын комплекстерді табу, науқастардың оларға жауабын қамтамасыз ету, жүріс-тұрысты түзету болып табылады. Психоанализ индивидуальды айлап және жылдап өткізіледі. Психодрама да осындай мақсатта колданылады. Науқастың дертті комплекстерге жауап реакциясын шақыру мақсатында арнайы көріністер ұйымдастырылып, науқас өзі қатысушы немесе көрермен болады. Оң нәтиже емнің ерекше тәсілдеріне байланысты емес, оның дертінің пайда болу механизмін анықтауға бағытталған науқасқа аударылған зейінге байланысты.

Психопатия профилактикасының тиімділігі қоғам өмірінің жалпы әлеуметтік шарттарына, және де арнайы психогигиеналық және медициналық шаралардың жүргізілуіне байланысты. Тұлға әртүрлі әлеуметтік орталық факторлардың активті әсерінің нәтижесінде түзіледі. Ерте сатыда - бұл жанұя, балабақша, мектеп, институт және т.б, болып табылады.

Кеңестік денсаулық сақтау өзінің алғашқы құрылған жылдарында психопатия профилактикасын ең нeгiзгi міндет деп жариялады. Coның ішінде психопатияның біріншілік профилактикасының мақсаттарына сәйкес келетін ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша; пре - және постнатальді зақымдану жағдайларының алдын алу; баланың психикалық және физикалық дұрыс дамуына жағдай жасау шаралары маңызды мәнге ие болды. Психопатияның біріншілік профилактикасында балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін оптимальды психологиялық климат құру мақсатында психологиялық және педагогикалық әсер ету шараларына айрықша мән берілді. Ерте балалық шақта жанұяның, жанұяішілік қарым-қатынастың әсері ерекше. Бала бірқалыпты, жылы эмоциональды қатынас жағдайында өсуі керек.

Сәбидің психикалық даму дәрежесіне қарай оған ата-анасының өзара қарым-қатынасы әсер ете бастайды. Ата-ананың арасындағы жиі болатын жанжал сәби психикасында терең із қалдырады. Жиі олар жүріс-тұрысымен және мәнерлерімен ата-анасына еліктей бастайды.

Сонымен қатар ата-анасының сәбиге деген қарым- қатынасьның да маңызы зор. Бала өмірінің алғашқы жылдарында белсенділік, тәуелсіздік таныта бастайды: бір нәрсе жасауға, әкелуге тырысады және т.б. Ата-анасы баласы бір нәрсеге ұшырап қалмас үшін, және т.б. мақсаттармен, оның талпынысын басып тастайды. Кейінірек бұл жағдай оның мінез-құлқында әрекетсіздікке әкелуі мүмкін. Баланың үнемі «неге» деген сұрағына мән бермеу баланы сенімсіздікке және толымсыздыққа тәрбиелейді.

Жасөспірімдермен қатынасқа ерекше зейін қою керек. Бұл жаста балада айтарлықтай психикалық қайта құрылулар болады. Түзіліп келе жатқан тұлға ретінде өзіндік «Менін» саналы түсіне бастайды. Бұл үрдіс өзіндік «Менін» дәлелдеу талпыныстарымен жүреді. Жиі бұл ата-ана кеңестерін елемеумен, олармен қатынаста керіскіштікпен және дөрекілікпен көрінеді. Мұндай психикалық дисгармония жағдайы акселерация құбылыстарымен асқына түседі. Акселерация кезінде күшті физикалық даму және техникалық прогресс жағдайында қалыптасумен қатар жасөспірімдер үлкен көлемді ақпаратты игереді. Сонымен қатар жеке өмірлік тәжірибесінің болмауы өздерінің іс-әрекеттерінің әлеуметтік мәнін бұрыс болжауға алып келеді. Бұл жерде өсу дерті деп аталатын кезеңді өткеруге көмектесетін, жасөспірімдердің тұлғалық дисгармониясын одан әрі тереңдетпес үшін ата-ана мен ересектердің жасөспірімдермен арасындағы қарым-қатынасының жақсы ойластырылған жүйесі қажет. Ата-анасының, педагогтардың және ересектердің еңбектері қажет нәтиже бермеген жағдайда дәрігер - психиатрға көрінген дұрыс.

Екіншілік, үшіншілік профилактика деп атауға болатын профилактиканың тағы бір аспекті тұлға дисгормониясы күшеюнің, декомпенсация дамуының алдын алуды, тұлғалық ақауларды компенсациялауға көмек беруді және максимальды әлеуметтік адаптацияны қамтамасыз етуді көздейді. Психопатияның екіншілік және үшіншілік профилактикасын жүргізу бойынша шаралар арнайы білімді қажет етеді. Бұл жерде тұлғаның дисгармониялық көріністерінің ерекшеліктерін және осы белгілердің күшеюіне әкелетін жағдайларды анықтай білу керек. Алдын алушы немесе сүйемелдеуші психотерапия қажет. Соңғысының құрамында жанұялық психотерапия болуы керек, оның мақсаты - жанұя ішілік қарым-қатынастарды нормализациялау болып табылады. Науқастың әлеуметтік реабилитациясында оның профессиональды бағдарына негізгі рөл беріледі. Науқастарға еңбектік кеңестер бергенде науқастың тек білімін, профессиональды бағдарын ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық ерекшелігін де ескерген жөн. Кейде адамның мінез ерекшеліктері қызмет профилімен сыйымсыз болады. Мұндайда профилактикалық мақсатта науқасқа қызметін өзгертуге кеңес беру керек.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!