400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Қалыптастырушы бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалауды жүргізудің әдістемесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байменова Данагуль Бектурсыновна

№40 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: ІІ санат

Баяндама: «Қалыптастырушы бағалау»



Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.

Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.

Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Үлгі ретінде сіздерге қалыптастырушы бағалаудың өткізілу барысын әкеліп отырмын.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын сабақтың басында немесе сабақ соңында өткізіп алуымызға болады. Қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізіп отырсақ, балалардың алдағы болатын жиынтыққа дайындығын байқауға болады.



Picture 2

Орындалған жұмыс соңына кері байланыс жазылады. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;

• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына

ұсыныс беру;

•Picture 3 кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Picture 3

ҚPicture 2 алыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған бақылау парағын қолдануына болады . Бақылау парағының үлгісі төменде берілген.

























Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі