Баяндама қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету
Материалдың қысқаша нұсқасы

1

Аты – жөні (толық)


2

Мекеме, бөлімше атауы

«

3

Ғылыми дәрежесі, дәрежесі, лауазымы


4

Мекен-жайы, байланыс телефоны,


5

Мақала тақырыбы

Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету

6

Секция

Білім беру нәтижелерін бағалау: ынталандырудан саралауға дейін

Сұраныс



Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету


Кіріспе


«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек»

М.В. Ломоносов

Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін, танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін, теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта қарқын тәсілін қолдану оқушының өз білімін шыңдауға, дәлелдеуге, өз уақытын тиімді жұмсауға, өз бетінше жұмыстануға дағдыланады.


Әдебиетке шолу


Кіріспе 1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау».

Алматы.2005ж.

2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.

Зерттеу әдістері

3. «Дарын» журналының жинақтамалары.

Нәтижелер

4. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.

Қорытынды

5. «Математикаі» журналының жинақтамасы.2009ж.


Зерттеу әдістері


Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік­нұсқаулар арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін, мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып,математика пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Әр сынып оқушысының жас ерекшелігін ескеріп, әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық, регаталық есептер, логикалық тапсырмаларды жинақтаймын. Мақсаты: Оқушылардың қарқын тәсілі арқылы логикалық ой­өрісін, шығармашылық қасиеттерін аша отырып, өз бетінше жұмыс жасауға, тапқырлыққа, математика оқу бағдарламасын терең меңгеруге жасалған. Міндеттері: Оқушыларға қарқын тәсілі арқылы олимпиадаға дайындық кезінде математика пәні бойынша терең білім беру;


Нәтижелер


«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –

логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Қарқын - кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

Қарқын тәсілі арқылы дарынды оқушылармен оқулықтың А, В деңгейлерін ауызша талдап өту С деңгейіндегі есептерді шығарту және қосымша олимпиада, регата логикалық тапсырмалармен жұмыстанып жоғарғы нәтижеге жету. Әлеуметтік желінің дамыған заманында сабақтан тыс уақытта оқушыларға материалдарды интернеттен жүктеп ватсап арқылы жіберу және ютуб каналдарынан күрделі тапсырмалардың шығарылу жолдарын видео роликтан қарап өз өздерін дамытып нәтиже көрсету.


Қорытынды


Ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп, «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де — ақымактық» деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады.

Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» деген екен.

Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп.

Баяндамамды қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету үшін инемен құдық қазғандай еңбектену керек екенін жеткізгім келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж.

2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.

3. «Дарын» журналының жинақтамалары.

4. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.

5. «Математикаі» журналының жинақтамасы.2009ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2024
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі