жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. "Қашықтықтан білім беру"
Қызылорда көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі
Баяндама
Тақырыбы: Қашықтықтан білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері
Орындаған: тарих пәнінің оқытушысы Асанова Ж.Н
Қызылорда,2020
«Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады».
Ушинский
Мұғалім қай уақытта да заман ағымына қарай әрдайым жаңа әдістерге бейім болады. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу-коронавирустық індеттің таралуын азайтуға бағытталған қадамдардың бірі. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы, нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Осы орайда әр ұстазға әрі жауапты, әрі ауыр жүк артылары сөзсіз.
Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту. Қашықтан оқытудың тиімділігі оған енгізілген педагогикалық мағынамен анықталады, оның түсіндірулерінің ішінде екі түрлі көзқарасты бөліп көрсетіледі. Біріншісі, бүгінгі күні кеңінен таралған, қашықтықтан оқыту арқылы мұғалім мен оқушы арасында ақпарат алмасуды білдіреді.
Екінші тәсілде қашықтан оқытудың басым бағыты – қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарының көмегімен құрылған оқушының жеке танымдылығының қызметі. Бұл тәсіл білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылының интерактивтілігін және оқу процесінің өнімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық және педагогикалық технологияларды біріктіруді көздейді. Бұл жағдайда ақпарат алмасу және жіберу оқушылардың нәтижелі білім беру қызметін ұйымдастыру үшін көмекші ортаның рөлін атқарады. Оқыту нақты уақытта синхронды түрде жүреді (чат, бейне байланыс, қашықтағы студенттер мен мұғалімдерге ортақ “виртуалды тақталар” және тағы басқалар), сонымен қатар асинхронды (электрондық пошта негізіндегі телеконференциялар).
Бағалауды ұйымдастыруда оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас және қолдау көрсетіп, түсінікті және дәйекті ережелер мен рәсімдерді қалыптастыратын; оқу үдерісіне қызықты әдіс-тәсілдерді қолдануды; оқуда және тапсырмаларды орындауда цифрлық немесе цифрлық емес құралдарды таңдау және пайдалануды; барлық оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасалатын, оқушыларда өз пікірін айтуға және тапсырмаларды таңдауға мүмкіндігі болатын саралап оқытуға бағдарлануды басты назар аудару керек. Қашықтан жұмыс істеу барысында өзара жағымды және оңтайлы қарым-қатынас аса маңызды. «Уақытында тапсырмадың! Не деген масқара?!» деудің орнына тағы да бір мүмкіндік беру жолдарын қарастырған абзал. Басты назарды ынталандыру, қолдау, эмоцияларды білдіру, адами қарым-қатынасты сақтау мүмкіндіктеріне аудару керек.
Шәкірттерді оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы ойлаған кезде, біз олардың ішкі ынтасын арттыру жолдарын түсінуге тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз оларды қызықтыру, жаңа бір нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға, табысқа жетуге ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, білімгерді оқуға белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтан және дәстүрлі оқытуда кеңінен қолданып, балалардың дербес оқушыға айналуына көмектесеміз.
Қашықтан оқыту сабақтарының түрлері бір жағынан педагогикалық процестің ерекшеліктерімен, екінші жағынан — оқыту орталығының қарамағындағы ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мен сервистердің жиынтығымен анықталады. Тәжірибе қашықтан оқытуда сабақтың келесі түрлерін қолдану өнімділігін көрсетеді. Кіріспе сабақ бүкіл курсты қамту, оның мәселелерін, алдағы сабақтарды шолу мақсатында өткізіледі. Жеке сабақ-кеңес беру әр оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі формада өткізіледі.
Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қазіргі білім саласындағы талап та оқушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр. Сондықтан да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда тиімді тәсіл ретінде кейс технологиясын ұсынғым келіп отыр. Кейс технологиясы (ағылшынның case-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс технологиясына арналған материалдар түрлері мыналар:
Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарлары бойынша электрондық тасымалдауыштарда материалдар кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері қолданылады. Мұндай әдістердің тыңдаушылардың белсенділігін , шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігі мол;
Жұмыс дәптері;
Анықтама;
Оқу, аудио, бейне материалдары.
Бақылау және емтихан материалдары (қазіргі білім саласындағы тапсырмалары)
Кейс әдісінің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Себебі оқушылардың көпшілігі естігеннің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпараттарды бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Сондай-ақ кейстің құрамында білгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланады. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға басып шығара алады. Оқушы жағдаятқа талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабаққа қызығушылығы артады.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» ,- деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы, білімдар азаматтар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.
«Біз тарихтан-кемеңгерлікті, поэзиядан-шешендікті, математикадан-зеректікті, жаратылыс ғылымдарынан –тереңдікті, логика мен көсемсөзден-айтысу дағдысын үйренеміз» деген ұлы Ф.Бэкон тағылымы дәл бүгінгі күннен сыр шерткендей.
Сабақтың тақырыбына қарай қосымша тың мәліметтерді таныстырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға және пікір алмасу, пікірталастар ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін арттыруға тырысамын.
Қорытынды
“Ел басына күн туса,ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын,тəуелсіздігін қорғайтын,білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге,яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.Қазіргі таңда барлық əріптестерім қашықтықтан оқыту форматы бойынша сабақ беруде. Білім министрі А.Аймағамбетовтың қашықтықтан оқыту туралы бұйрығы шыққалы ұстаздар қауымы барынша талмай еңбек етіп жатыр. Балаларға жан -жақты, қызықты білім беру үшін ғаламтор желісіндегі түрлі платформаларынан ізденуде.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген