Материалдар / Баяндама: "Қазақ халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу" Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Г.М.Баймуханова

Баяндама: "Қазақ халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу" Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Г.М.Баймуханова

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне қатысты мектептерінде оқушыларды дәстүрлі ұлттық мәдениеттің ағымдық дәрежедегі жүйесіне ғана қосуды мақсат етпей, оның дәстүрлі ұлттық мәдениетке толықтай бет бұруына көңіл бөлу қажет. Өз ретінде дәстүрлі ұлттық музыканы жас ұрпаққа үйрету ісі отбасылық, туысқандық байланыстармен де жүзеге асады. Осындай дәстүрлік қалыптарды сақтай отырып, өнерпаз жастардың ұлттық нақышты бойына сіңіруіне ықпал жасау, құймақұлақты тәсілді еңгізу, сонымен қатар, музыкалық оқу орындарында дәстүрлі бүге-шүгесіне дейін меңгерген өнер иелерін арнай шақырып, жастарға дәріс бергізу арқылы кейінгі буын өкілдерін тек бір бағытпен ғана кетпей, толыққанды өнер иесі етіп даялау көзделеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
299
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ халық музыкасы арқылы оқушыларды тәрбиелеу

Домбыра үйірмесінің жетекшісі: Г.М.Баймуханова


Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты, ұлттық рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды қажеттігі арта түсуде. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты өз халқының қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей,өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Тәрбиені ұйымдастырудағы сыртқы ұқсастық өзінің бағыты және мазмұны жағынан тәрбие барлық халықтар үшін бір тұтас деп есептеуге себеп бола алмайды. Әрбір халықтың тәрбиелік идеялары ұлттық рухқа қаныққаны соншалық, оларды бөтен топыраққа көшіре салу әсте мүмкін емес. Халықтың өз жасаған және халықтың бастау көздерге сүйінген тәрбие дерексіз идеяларға негізделген немесе басқа халықтан алған ең таңдаулы жүйелерде жоқ тәрбиелік күшке ие болады. Әлбетте, мұның бәрінен бір халықты басқа халықтардан бөлектеу немесе жоғары қою керек деген пікір тұрмауға тиіс. Олардың әрбірінің тәрбиелеу мен оқыту саласында өз жетістіктері мен табыстары да, сондай-ақ олқылықтары да бар. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанына бар жан тәнімен берілген азаматы болу керек екенін ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатыны есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттың әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында түсінікті ете алады. Сондықтан жас ұрпаққа өз кезімен өткенің түсіндіріп ,ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе: негізінде тәрбиелей отырып өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игере түсуі керек.

Аса маңызды міндет – оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру эстетикалық көркемдік тәрбиенің қайнар бұлағы. Музыка пәнімен оның кластан тыс үйірмелері.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу,бірлесе отырып оркестрде ойнау олардың музыкалық қабілетін (есту,ырғақ,есте сақтау) қалыптастырумен қатар,ортақ табысқа қуана білу,эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Оркестр гректің ORCHESTRE –сахна алдындағы алаң деген сөзінен шыққан. Оркестр әр түрлі аспаптардың топтасуынан құралған топ. Негізінен профессия нольдік және көркемөнерпаздық болып екіге бөлінеді. Профессионалдық оркестр дегеніміз музыкалық сауаты бар, өз аспабын белгілі бір деңгейде жете меңгерген орындаушылардан құрылған топ. Мұндай топқа музыкалық оқу орындарының, опера театырының оркестрі жатады. Ал мектептегі мәдениет сарайындағы оркестр коллективі көркемөнерпаздар оркестрі болып табылады. Оркестр дайындығында мынандай көрнекілік құралдардың түрлерін пайдалануға болады. Техникалық , графикалық, бейнелеуші, көркем сөз арқылы берілетін көрнекіліктер.

Оркестр музыкаға икемі мен қабілеті бар оқушылардан құралған топ. Біріншіден алғашқы үйрену кезеңіндегі ережелерді дәлме-дәл түсіндіру. Домбырашының отыру реттілігі, қол мен саусақтарды аспатарға дұрыс қоя білуі аспаптан дыбыстың таза шығу штрихтар, аппликтуралар т.б.

Аппликатура деген сөз –қазақша басу, орналастыру деген ұғымды білдіреді. Шығарманы орындағанда кездесеті саусақ басудың алуан түлі әдістерін; белгілі бір тіртіпке келтіріп, жүйелі түрде ауысыды айтады.Дұрыс қойылған аппликатура саусақтардың шеберлігін тез өсіреді. Берілген шығарманы жылдам үйренуге көмегі тиеді. Жылдам екпіндігі шығармаларда саусақтардың тез алмасу әдісі жиі қолданса , жәй екпінде саусақтардың жылжу әдісін -көбірек қолданады. Бұл талаптар дайындық кезеңінде тиянақты қалыптаспаса, оқушы аспапты өз мәнінде игере алмайды. Жетекші аспапты игерудің тиімді жолдарын іздестіріп, жұмыс істеуі қажет. Бірінші динмикалық белгілерді алайық «Пиано» , «Форте»- сияқты таңбаларды сөзбен қанша түсіндіргенімен де практика жүзінде көрсетпейінше ұғындыру қиын. Екінші жетекші аспапты өзі ойнап практика жүзінде көрсетіп, түрлі штрих, қағыс, дыбыс күші белгілерін түсіндіріп, олардың маңызын театырлық жағынан қорытынды мен тұжырымдайды. Оркестр жұмысының ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап – репертуар таңдау . Репертуар оқушылардың жас ерекшеліктеріне , аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс№ Оркестрге шығарма таңдағанда оның оқыту және концерттік түрлеріне көңіл бөлу. Оқыту түрлеріне : қысқаша әндер, жаттығулар, пьесалар.

Жаттығулар мақсаты оң қол мен сол қолдың үйлесімді қимылына пернелерді басқанда саусақтарды шашыратпауға, буындардың еркін бос болуына шеберлдікті өсіруге қатысты әдіс-амалдарды меңгеруге дағдыландыру болып табылады. Жаттығу, этпюдтерді жәй ырғақта ритмикалық мәнін сақтап ойнауға дағдыландыру . Қос ішекте қағыстармен орындалатын эпюдтерді көбінесе күйлердегі әдіс-амалдарды меңгеру үшін қолданылады. Концерттік репертуарға кіретіндер: Ұлы күйшілердің күйлері, халық күйлері. Жетекшінің басты міндеті – шығармаларың көркемдік-эстетикалық мазмұнын ашатын терең ұғындыра білетін тәсілдерді пайдалану. Мысалы: Динаның «Тойбастар» күйін алайық. Жетекші күйші туралы, күйдің шығу тарихы туралы мағлұмат беріп, ритмикалық, динамикалық –жасақтарын көрсетіп, мазмұнын ашпаса оқушының күйді терең, нәтижелі игеруі мүмкін емес. Үйренудің мынандай жұмыс түрлері бар.

Алдымен жәй екпінде , түрлі жаттығуларды игермейінше, ән-күйлерді ойнау қиынға соғады.

Шығарманы бастан-аяқ бірнеше рет қайталап көркемдік дәрежеге дейін жеткізу.

Оқушыларды топ-топқа бөліп үйрету.Жетекеші үйірме мүшелерімен өткізілетін жұмыстарды төмендегідей бағытта жоспарлау кере.

Қол қимылдарының түрлерін игерту, оны дамыту.

Жеңіл музыкалық шығармаларды талдап үйрету, тактіге бөлу.

Шығармаларды мәнеріне келтіріп орындату.

Есту қабілетін дамыту.

Қасиетті халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл байлығын, өнерін бүгінгі ұрпаққа қалған мұра деп қарап пайдаланайық . Қазақтың қасиетті де киелі домбырасының атқаратын рөлі ерекше. Оркестр жұмысындағы оқушылардың аспаты игеру шеберлігін арттырумен қатар білімдерін кеңейту.

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне қатысты мектептерінде оқушыларды дәстүрлі ұлттық мәдениеттің қалалық дәрежедегі жүйесіне ғана қосуды мақсат етпей, оның дәстүрлі ұлттық мәдениетке толықтай бет бұруына көңіл бөлу қажет. Өз ретінде дәстүрлі ұлттық музыканы жас ұрпаққа үйрету ісі отбасылық, туысқандық байланыстармен де жүзеге асады. Осындай дәстүрлік қалыптарды сақтай отырып, өнерпаз жастардың ұлттық нақышты бойына сіңіруіне ықпал жасау, құймақұлақты тәсілді еңгізу, сонымен қатар, музыкалық оқу орындарында дәстүрлі бүге-шүгесіне дейін меңгерген өнер иелерін арнай шақырып, жастарға дәріс бергізу арқылы кейінгі буын өкілдерін тек бір бағытпен ғана кетпей, толыққанды өнер иесі етіп даялау көзделеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі,Алматы-1988 ж.

2.Қасқабасов С. «Қазақ өнерінің тарихы» Алматы «Өнер» 2008

3.Қоңыратбай Т. «Музыка өнері» Алматы «Өлке» 2009

4..Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы «Білім» 1995























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ