400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазақ руханиятының қос шамшырағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ руханиятының қос шамшырағы


Бигалиева Рахима Мухаметжановна

Құмаш Нұрғалиев гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Автор жан-жақты іздене отырып, қазақ халқының қос ойшылы Абай мен Шәкерімнің ағартушылық қызметіндегі діннің атқарған рөлі тақырыбын барынша аша білген, мысалдармен толыққанды дәлелдеп, өзінше тұжырымдап жеткізген.


Автор всесторонне исследуя роль религии в просветительской деятельности двух великих мыслителей казахского народа Абая и Шакарима сумела в полной мере расскрыть данную тему. Изложила свою точку зрения, приводя примеры из творчества двух поэтов.


«Адамзат баласының соңғы табан тірейтін нүктесі – Ислам»,- дейді орыс классигі Л.Толстой. Тек Толстой ғана емес, Гете, А.С.Пушкин сынды әлем ақылмандарының баршасы бой ұсынып, жан жүрегімен мойындап кеткен Ислам - Аллаһ Тағала тарапынан адамзат баласы үшін түсірілген ең соңғы асыл дін. Қазақ халқының сан ғасырлық өмір тәжірибесінде имандылық, саналы тәлім мен тағылым, үлгі-өнегенің негізі болып келген Ислам діні қазақ ойшылдарының өмірінде, шығармашылығында, ағартушылық қызметінде үлкен орын алды. Ислам дінінің қағидаларын мықты ұстанып, бес уақыт намазы мен оразасын қаза қылмаған қазақ даласының сұлтаны Құнанбай қажының ұрпақтары, қазақ халқының қос алтын темірқазығы - Абай мен Шәкерім адамзаттың асыл дінін өз биігінде қастерлеп, ұлтына ұлықтап өтті.

Қазақ руханиятының қос алыбы Абай мен Шәкерім - қандас туысқан ғана емес, рухани тұрғыда табысқан, жан дүниесімен рухани үндескен жандар. Сонда екеуін бір арнаға тоғыстырған не?! Ортағасырлық мұсылмандық өрлеу дәуірінің өкілдері Шығыс классикалық поэзиясынан нәр алған қос ғұламаны бір арнаға тоғыстырған – адамзаттың асыл діні Ислам. Олай болса қос дананың рухани әлемін тану үшін Ислам әлеміне үңілеміз. XX ғасырда әдебиетте орын алған діни-ағартушылық бағыттың өкілдері Абай мен Шәкерім туындыларының өзекті идеясы – Алланы дәріптеу, адамзатты Алланы сүюге, Алла жолымен жүруге шақыру.

Ислам дінінде Алланы тану - адамның өзін-өзі тануынан басталатын болса, адам баласы өзін рухани тұрғыда жан-жақты тани алғанда ғана Жаратушысына жол табады. «Әли Имран» сүресінің 190-аятында: «Жер мен көктің жаратылуына және күн мен түннің алма кезек алмасуында ақыл иелері үшін айқын дәлелдер бар»,-делінген [1.75].Дүниенің түрлі ғылым салаларынан сусындап, жалпы жаратылысты және өз жаратылысын таныған қос ақыл иелері Абай мен Шәкерім тереңінен толғана отырып, пәлсапалық пайымдау жасайды. Шәкерім ойшыл былай дейді: «Адам ойлау керек: осы мені кім жаратты, қайдан шықтым, не үшін жаралдым, түбінде не боламын деп. Осылайша ойлағанда, жоқтан бар қылып бір құдіретті Ие жаратты. Жаратқан Иесін танып, біліп, соған құлшылық қылсын деп» [3.368]. Солайша ғалым жоқтан бар жасау – пендеуи іс емес, тек құдірет иесі Аллаға ғана тән қасиет екендігін айтады. Ал Абай хакім болса: «Аллаһты бар дедік, бір дедік, ғылым құдіреті сыйпаты бірлән сипаттадық. Алла Тағаланың көрмегі, естімегі, біз секілді көзбенен, құлақпенен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты», - деп, Алланың кемел сипаттары мен Оның барлығы мен бірлігі туралы пайымдайды.[4.98] Философ Ғ.Есім Абайдың хакімдігі туралы: «Абайдың хакімдігі сонда – ол бір істің басталуы мен себебін іздеуші»,-деп, Абайды мұсылмандық деңгейден әлдеқайда жоғары хакімдікке жеткізеді. [4.101]

Қасиетті Құран Кәрімде Аллаһ Тағаланың адам баласын зор махаббатпен, жақсы көріп жаратқаны туралы «Бақара» сүресінде: «(Ей, Мұхаммед!) Сенің Тәңірің кезінде періштелерге: «Жер бетінде халифа жаратамын!»-деген еді. Сонда періштелер: «Біз сенің даңқыңды дәріптеп, қасиетіңді арттырып жүрсек, жер бетінде күнә жасап қан төгетін бір бұзық жаратпақсың ба?»- дейді. «Менің көкейімде не жатқанын білмейсіңдер ғой,»- деді Алла оларға,» - делінген (30-аят) [1.6]. Жаратушы Ие Адам атаны өз тарапынан періштелерге әмір етіп, бір уыс топырақтан жасайды, Өзі дем салып, рухын үрлейді, осы сәтте адамзат баласының жүрегіне сүйіспеншілік дарытқаны да аян. Хакім Абай адамзатты соншалықты махаббатпен жаратқан, бұл дүниенің халифасы етіп тағайындаған Алланы да дәл солай сүюге, әмірлеріне бой ұсынып, Хақ жолымен жүруге шақырады:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және Хақ жолы осы деп Әділетті. [2.56-57]

Осылайша Абай Алла мен адам арасында болатын махаббат сезімін атап көрсетеді. Абай адамзатқа ұсынған үш сүюдің бірі – Алланы сүю болса, екіншісі – тұтас адамзатты «бауырым» деп сүй және Хақ жолы – Әділетті сүй деп «қайран елі - қазағына» сара жол нұсқайды. «Осы үш сүю болады имани гүл»,- деп көрсеткен Абай қазақ қоғамын рухани тұрғыда оянуға бастайды және осы имани құндылықты халқына бағыт-бағдар ретінде ұсынады. Ғ.Есім: «Абай ұғымында Аллаһты сүю - адамның жеке басындағы абзал қасиеттерді қастерлеу, адамгершілікті негізгі қағидаға айналдыру, ал ол үшін ең алдымен өзіңді-өзің тазалауың қажет», - дейді.[4.101]

Философ Шәкерім болса:

Нұрыңмен жарық жүрегім,

Ғайыптан хабар біледі.

Жарымнан алған тілегім,

Қап тауын нандай тіледі.

Қанжарың бер, барайын,

Меңіреудің ішін жарайын,

Нұрыңнан сәуле салайын,

Сонда оған жан кіреді, - деп [5.321], надандық пен әділетсіздік жайлаған меңіреу өлке – қазақ даласының қараңғылық пердесін қақ жарып, көр кеуделерге нұрыңнан сәуле салайын деп Жаратушысымен тілдеседі, сырласады. Шәкерім танымында «Жар» ұғымы – Жаратушы, өз сөзінде «Менің Жарым - қыз емес, Хақиқаттың шын нұры»,-деп түсінік береді.

Жалпы алғанда, Абай хакім Алланы тануда:

Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?!

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?!

Махаббат ғадауатпен майдандасқан,

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?! – [2.22] деп, «махаббат» ұғымын жиі қолданса, ал мұндағы «ғадауат» - зұлымдық ұғымында. Абай: «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі,» - дейді, ендеше Абай мен Шәкерім көкірек көзі ашылып, пенделік тірліктен биіктеп, ғайып дүниені тануға тырысады. Қос ойшылдың да пәлсапалық ойы – Ислам дінін толық түсіне отырып, Алла мен адам болмысын тану.

Абайдың да, Шәкерімнің де ортақ қайғысы – қазақ қамы, ұлт болашағы, елдің бүгіні мен ертеңі. Мақсаты – қараңғылық қамытын киген, надандық құрсауында қалған қазақ қоғамынының көкірек көзін ашу, ұлттық рухын ояту, ділін дінмен тазарту. Жалпы қазақ даласына енген түрлі саяси, тарихи өзгерістер «жаным – арымның садағасы» деп ғасырлар бойы күн кешкен қазақ баласының ділі мен дініне, рухани жан дүниесіне дақ салады, «қазағым-қаным» деп ажырамас татулықпен тіршілік еткен қазақ халқының иманы төмендеп, бір-біріне деген жанашырлығы мен аяушылығы азаяды. Қазақ қоғамын азғындық пен арсыздық, билік пен байлыққа мастану, жемқорлық мен мансапқорлық дерті жайлайды. Осы бір қазаққа жабысқан дерттен арылудың бірден-бір жолы – Алла жолы. Осыған орай Абай:

Алланың, пайғамбардың жолындамыз,

Ынтамызды бұзбастық иманымыз.

Пайда, мақтан, әуесқой – шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?

Мүмин болсаң, әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол», - деп, қазақты шайтан ісі-нәпсіні тыйып, Алла мен пайғамбар жолына, имандылыққа баулиды. [2.58]

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,

Аларында шара жоқ, алдамасқа.

Табысына табынып, қалтаң қағып,

Тойғанынан қалғанын берсе алашқа,- деп, дүниеқоңыздық, аярлық, байлыққа мастану, сараңдық тәрізді мінездерді қатал сынға алады. [2.3]

Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, - деп, жұртын адал еңбекке, ар мен ұятқа, қайратты, ақылды, жылы жүректі болуға үндейді[2.3]. Адам болмысын кемелдікке жеткізетін бұл үш асыл қасиет - бүгінгі таңда да жас ұрпақтың да рухани әлемін байытуда таптырмас өнеге. Ал соңында:

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі Хаққа қол емес, - дей отырып, Алла жолында ынтамен, шынайы адал жүрекпен жүруге шақырады. [2.13]

Ал данагөй Шәкерім болса:

Қазақтың жайнар даласы,

Жетілер оқып баласы,

Шошытатын мені сол –

Олардың күндес таласы, - деп, осы бір күндестік атты қырсықтың өскелең жасқа тигізер зиянын өкінішпен айтады [5.253]. Осының барлығын көзімен көре білген қос ақынның жүрегі қайғыдан қарс айырылады, тығырықтан шығар жол іздейді. Екеуінің де нұсқайтын жолы - Алла жолы, ар жолы. «Жайнар көңіл, қайнар өмір, Ар білімі оқылса» деп, арлы болуға үндейді:

Адамның бәрі бір, болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Ар билейтін заманда нәпсі өліп,

Бірігер еңбекте барша адам баласы.[5.127]

Інжудей тізілген үкілі өлең «Адаспасаң ақ жолдан, Қонады бақыт басыңа» деп, қазақты арлылық пен адалдыққа шақырады. Бұл – баршаға ортақ адамгершілік қағидасы!

Құдайдан жарылқа деп жәрдем сұра,

Сен талайды қылдың ғой біле тұра.

Аяғыңды аңдап бас, өлім таяу,

Қарсы алдыңда дайын тұр қазған ұра, - деп, әркімнің бұл дүниеде жасаған күнәлары үшін жауапқа тартыларын да ескертеді. Одан әрі:

Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,

Тексерілмей қоймасың бір кезінде, - деп, Жаратушының адам баласын бұл фәниге сынақ үшін жібергенін, әр қылған ісің үшін есеп беретін күннің келетінін еске салады. [5.129]

Біреудің мінін кешірсең,

Саған да Құдай кешеді.

Бәрін де қылмай есірсең,

Төбеңді әлі-ақ теседі, - деп, кешірімді, кең бол, сонда өзің де кешірімге ие боласың, ал есерленіп, есірсең, сенің жауапқа тартылар шағың туар, Құдайға күпір болмас ақ жолыңды тап, таза бол деген діни қағиданы алға тартады. Екеуінің тығырықтан шығар жолы, ұлтқа ұсынары – Алланың ақ жолы.

Ойымыздызды қорытындылайтын болсақ, Шәкерім ұстазы Абай тәрізді қоғамның өрлеуі – әр адамның рухани тұрғыда жетілуімен байланысты деп тұжырымдайды. Абайдың асыл мұраларынан нәр алған Шәкерім Абайдың ағартушылық жолын жалғастырушы, алдыңғы ойды дамытушы. Қазақ қоғамының қос ағартушысының айтар ойы өзара сабақтас, үндес. Қос ойшыл – Ислам ілімі мен қағидаларын туған еліне насихаттаған ұлт руханиятының шамшырағы, қараңғыда адастырмас алтын темірқазығы және олардың мұралары – қай ғасырда болмасын маңыздылығы жоғалпаған, баға жетпес құндылық, ұлттық мұра, асыл қазына.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі /аударған Халифа Алтай/ Құран шәриф басым комбинаты.

  2. Абай. Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 2004 ж.

  3. Базарбаев М. Көрікті ойдан көркем сөз: Зерттеулер мен мақалалар.- Алматы: Рауан, 1994 ж.

  4. Бейсенов Б.Қ. Қазақ ойшылдары дін туралы.- Алматы: Дәуір, 2012 ж.

  5. Шәкәрім. Иманым.- Алматы: Арыс, 2000 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
356
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі