жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: «Қазақстан және интеграциялық үдерістер»
Жалғансай орта мектебі
Баяндама тақырыбы:
«Қазақстан және интеграциялық үдерістер»
Дайындаған: Тарих пәні мұғалімі Мендигереева Жансая
2019 ж
Жоспары :
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Қазақстандағы интеграциялық үдерстердің рөлі.
ІІ. ЕурАзЭҚ-тың өңірлік интеграциялық ұйым ретіндегі орнын айқындау.
ІІІ. Мемлекеттілікті жаңғыртудағы жаңа бастамалар
Қорытынды
Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістер Қазақстан Республикасы көшбасшылық рөл атқарып отыр. Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 жылы 28 наурызда МГУ-дың профессорлары мен оқытушылары алдында сөйлеген сөзінде тұңгыш рет Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев көтерген болатын. Қалыптастқан жағдайлар ТМД бойынша бірлесудің жаңа деңгейге көшуін қажетсінді. Осы мақсатта 1995 ж 28-қаңтарда Қазақстан, Ресей, Беларусь, укімттері кедендік одақ құру жөнінде келісім жасасты. Бұл одаққа 1996 ж Қырғыз республикасы ,1999 ж Тәжікстан республикасы қосылды. Одақтың мақсаты 1) одаққа кіретін елдер арасында тарифтік шектерулерді жойып, біртұтас сауда режимі мен бірдей кедендік тариф қалыптастыру; 2) мүше мемлекеттердің кедендік территорияларын біріктіріп, біртұтас кедендік территория жүйесіне көшу, ішкі шекараларды сыртықы шекараларға көшіру болды.
1996 ж 29 наурызда экономика мен гуманитарлық салалардағы интеграцияны әрі қарай жетілдіру мақсатында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан президенттері келісім жасасты. Бұл келісімде ҚР президентінің Еуразиалық одақ құрудағы көптеген идеялары принциптері жүзеге асты.
2000 ж. 10 қазанда Астана қаласында құрылған Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭқ)- Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық ұйым. Жаңа ұйымның басты міндеті - Кедендік одаққа кіретін елдер негізінде біріңғай экономикалық кеңістік ұйымдастыру.ЕЭҚ жұмысын 3жылға сайланатын Интеграциялық комитеттің бас хатышысы үйлестіріп отырады. Қоғамдастыққа мүше елдер экономикалық потенциялдарына байланысты төмендегідей дауысқа ие: Ресей-40 дауыс, Беларусь пен Қазақстан әрқайсысы -20 дауыс, Қырғызстан мен Тәжікстан -10дауыс. Осыған сәйкес мемлекеттер қоғамдастық бюджетіне жарна төлеп тұруға келісті. Бүгінде қанатын кеңірек жайып, танымал болып келе жатқан басында бес елдің бастамасымен іргесі қаланып кейін алтыншы болып Өзбекстан қосылған бұл ұйым, ең алдымен өзара ортақ Кедендік одақ құрып, біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастырып, осылардың негізінде өздерінде тұратын халықтардың тұрмыс әлеуметтік жағдаларын жақстарту мен өмір сүру деңгейін өсіруді көздейді. Өткен кезеңдер ішінде қауымдастықтың көлемінде салыстырмалы түрде біршама табыстар мен ілгерілеуге қол жеткізілді. Көптеген салалардағы экономикалық байланыстар жандандырылды. ЕурАзЭҚ мүше елдердің арасындағы тауар айналымының құны 2001 жылғы 29млрд доллардан, 2007 ж 102 млрд долларға жетті. Сондай келісім мен мәмілелердің арқасында кеден иен шекарадағы бірқатар мәслелер шешіліп оңтайлы сипат алды. Бүгінгі таңда бұл қауымдастық белсенді түрде жұмыс істеп отырған: Мемлекетаралық кеңес, Интеграциялық комитет, Парламент аралық ассамблея және Қауымдастықтың соты тәрізді басшы органдары бар толыққанды ұйым. Қоғамдастыққа мүше елдердің басшылары асығыстыққа жол бермеу мақсатымен 2007 жылы қазанда Душанбеде өткен Мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысында алдымен үш мемлекет: Белоруссия, Қазақстан және Ресей арасында Кедендік одақ құру, содан соң оған өздеріндегі экономикалық және заңнамалардың дайындығына қарай Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қосылуы жөнінде мәмілеге келіп сондай ортақ шешім қабылдады. ЕурАзЭҚ –қа мүше мемлекеттер арасында көші -қон ең өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан да Душанбеде өткен кеңесте мемлекет басшыларының мақұлдауымен жаңа көші-қон саясатын жасау жөнінде шешім қабылданды. Әрине қауымдастықтың көлемінде атқарылған істерден гөрі атқарылар істер көп Дегенмен қауымдастың қызметінде қазіргі кезде басым бағыттар ретінде көлік, энергетика, еңбек көші-қоны, аграрлық өнеркәсіптік кешен, инновациялық технологиялар және бірқатар мәдение әлуметтік мәселелергет ерекше көңіл бөлінеді.
1998 жылдың 28-сәуірінде төрт мемлекет – Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей басшыларының қол қойылуымен «Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам» деп аталатын құжат қабылданды. Бұл құжаттың мақсат міндеті бұрынғы посткеңестік аумақта бір тудың астында өмір сүріп, аралас болып қалған адамдардың ендігі жерде бір қауымдастыққа біріккен елдердің территориясында бір-бірінен азаматтық алуында шекарадан әрі-бері өтіуінде т.б әлеуметтік қиындықтарды көрмей керісінше жеңілдіктер болуын қамтамасыз етеді. ЕурАзЭҚ-тің қызметіне халықаралық деңгейде де мән беріліп, назар аударылып отыр. Мәселен: ол 2003 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды. Ал 2007 жылы 6 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассмаблеясының 62 сессиясында бірауыздан: «БҰҰ мен Еуразиялық – экономикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастық» жөнінде қарар қабылданды. ЕурАзЭҚ-посткеңестік аумақта табысты жұмыс істеп тұрған бірден бір халықаарылқ ұйым, «Егер қауымдастықтың жалпы аумағын айтатын болсақ, ол бұрынғы КСРО-ның 93 пайызын қамтиды және онда 206 млн адам тұрады, Қауымдастыққа ешқандай кедергісіз әрі алымсыз еркін сауданы режимі қалыптасып осы елдердің аумағындағы өндірілген тауарларға кедендік алым салықтар төленбейді.» Қазақстан осы ұйымның келешегіне зор үміт артады. Қазақстан әр уақытта ТМД аймағындағы интеграцияның дамуын қолдап келе жатқан мемлекет және соның жолында күш–жігер, қарқынды жұмыстар жасауда. Сондықтан, Астана ЕурАзЭқ-тың әлеуетін толық пайдалану мақсатында осы ұйымдағы жұмысқа басымдылық берілуі тиіс деп есептейді.
Осылайша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері жалпы ішкі өнімнің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның сапалы және жоғары деңгейге көшу туралы шешім қабылдады. Біздің сыртқы сасатымыздың өзекті бағыты жақын көршілеріміз ТМД елдерімен орталық азия мемлекеттерімен әріптестікті өзара іс-қимылды тереңдету. Негізінен күш жігер Қазақстан республикасының, Ресей, Белоруссияның кеден одағын құруды аяқтауға шоғырланған. 2010 ж ҚР-дың ЕурАзЭҚ-тағы төрағалығы жылында бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, Кеден одағының Кеден кодексі күшіне енді. 2012 ж 1-қаңтарынан бастап интеграцияның келесі кезеңі бірыңғай экономикалық кеңістік іске қосылды. Сөйтіп Ресеймен және Беларуспен біз Кеден Одағын,Біртұтас экономикалық кеңістік құрдық Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекетке төнген үлкен қауіптің алдын алатын тетіктер де қажет, және ондай құрылым бар. Ол 1992 ж мамырда құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы . Бүгінгі күні әскери саяси ұйымға 6 мемлекет мүше. ҰҚШҰ- нің негізгі міндеті – ұйымға мүше елдерді сыртқы агрессиядан қорғау. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық Қазақстан республикасының сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады.
Соңғы он жылдықтарда халықаралық және мемлекетаралық аралық қатынастардың бүкіл жүйесі ірі өзгерістерге ұшырады. Жаңа аймақтық интеграциялық бірлестіктер ШЫҰ, БРИКС, ЕурАзЭҚ, жаһандық өндірістік кешндер қалыптасып, континеттерді бірыңғай ақпараттық жүйелер байланыстыруда. Мұндай ұйымдардың істеріне қатысу Қазақстанның әлемдік нарықта позицияларын арттыруға, сыртқы сауданы ұлғайтуға мүмкіндік береді, сыртқы қаржы берешегі ішкі ақша аударым мәслелерін реттеу керекті қаржының келу келешегін жақсартады. Халықаралық экономикалық қатынастар жалпы реттеу жүйесіне тартылу халықаралық қауымдастықтардың жалпы нормалары мен ережелерін шеңберінде сыртқы экономикалық қарым-қатынастың пайдалы тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді
Халықаралық қауымдастық Қазақстан және Ресейді жаһандық үдеістердің беделді қатысушылары ретінде қабылдайды. Қазақстан дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық қауымға сәтті интеграцияланды. Осы жылдарда Қазақстанның көп ұлтты және көпконфессиялы халқы көрші мемлекеттермен ішкі тұрақтылық пен бейбітшілік жағдайда өмір сүруде. Қазақстан әлемде экономиканың нақты секторын несиелендіру қарқынын арттыруда бірінші орынды алады. Бүгінгі таңда ел нағыз инвестициялық серпілісті бастан өткеруде. 1990 жылдармен салыстырғанда 2010 жылы Қазақстандағы ІЖӨ адам басына шаққанда 12 есеге өскен.
Ішкі үдерістер дамуының негізгі жетістіктері көзқарасы бойынша , Қазақстан мен оның Көшбасшысының басты жетістігі мәдениет ықпалы мен өркениеттік толеранттылыққа ашықтық және қабылдағыштыққа негізделген қоғамдық тұрақтылық болып табылады. «Қазақстан -2050» стратегиясын таныстырғанда Қазақстан президенті Н.Ә Назарбаев «Біздің жаңа мақсатымыз 2050 жылға қарай мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпы еңбек мүмкіндіктері негізіндегі берекелі қоғам құру» екендегін баса айтты. Мықты мемлекет өмір сүру үшін саясатымен айналыспайды, ол жоспарлау, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсу саясатымен айналысады. ТМД-да Қазақстан жеке меншікке, еркін бәсекелестік пен жариялылық қағидасына негізделген нарықтық экономиканың тиімді моделін қалыптастырады. «Қазақстан- 2030» стратегиясын жүзеге асыру барысында елге шетелдік инвестицияның 160 млрд астам доллары тартылды. Кәсіпкерлік қызмет пен салық жүйесі қалыптасып, халықтың тұрмыс жағдайы бірнеше есеге өсті. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру салаларында айтарлықтай өзгерістер бар. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Біздің адам әлеуетін дамытудағы ұзақ мерзімді салымдар саясатымыздың арқасында ғана біз талантты жас ұрпақты қалыптастырдық» деп көрсетті. «Қазақстан -2050» стратегиясы –жаңа бағыттың экономикалық саясаты- пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген. Қуатты бизнес - қуатты мемлекет моделіндегі жетекші күші кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік кепілдемлер және жауапкершілік және мемлекеттікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту болып табылады.
шағым қалдыра аласыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген