15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама: "Қазіргі таңда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімділігін қолдану"
Қазіргі таңда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін тиімділігін қолдану
Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтарын одан әрі арта түсуіне ықпал жасаудамын. Питер Клайннің «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деген сөзіне үстана отырып әр сабағымда оқушыларға өздігімен тақырыпты меңгеруіне және жұмыс жасауына мүмкіндік беремін. Ол үшін сабақ барысында оқушыларға ынтымақтастық және коммуникативті орта құру үшін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.
Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері –жеті модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критериалды бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан, педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолданудамын.
Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ынғайлы әрі тиімді. Математика мен информатика сабағында бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім. Бағдарламаның негізгі факторына тоқталсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Жұмыс жасау барысында олардың көзқарастары мен білім деңгейлерін аңықтап алу қажет. Олар нені игерді нені игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз және өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана оқуға деген ынталары артады. Оқудағы жаңа тәсілдер модулін топтық, жұптық жұмыс арқылы іске асырылады. Яғни, оқушылар арасында өзара диалог орнату арқылы білім беру деп түсінемін. Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп септігін тигізеді және баланың білімін жетілдіруде көп қолданылады. Көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ-жауап ретінде қолданамыз. Пәнге қатысты айтсам теория мен практиканы ұштасытырып оқытамын. Ы.Алтынсарин: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Яғни, бала теорияны меңгерумен қатар тәжірибе жүзінде де қалай жасау қажеттігін ұғынуы керек. Тәжірибелік тапсырмада көптеген сұрақтар туындайды. Оқушылар өзара пікірлері мен ойларын айтып бірлесе жұмыс жасайды. Бұл кезде оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері пайдаланылады. Көптеген талқылаулар, әдетте әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Бұл кезде «Жұптық әңгіме», «Қар үйіндісі», «Тыңдап отырған үштік», «Әңгіме-дебат» т.б сияқты әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізеді. Сын тұрғысынан ойлау модуліне мен келесідей әдіс-тәсілдерді қолданамын. «Жіңішке-жуан сұрақтар», «Білемін. Білдім. Білгім келеді», «Ашық хат», «Қос жазба күнделігі», «Фишбоун», «Ыстық орындық» және т.б.
АКТ-ны қолдану мұғалімге қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Конфуций: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтаймын, өзіме жасатсаң-үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіндігіміз бар. АКТ-ні қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шындауда қосар үлесі мол.
Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау-одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз. Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді, дағдыланады.
Талантты және дарынды баларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабылеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Дарынды бала-бұл жақсы оқитын оқушы ма? деген сұрақ туындайды. Дарынды бала дегеніміз: өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала. Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп, шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасындағы жиі кездесетінін дәлеледеді. Сауалнама арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Реферат жазу, синквейн, эссе жазу, жұмбақ және ребус құрастыру т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бергенде тек әр топтан қабілетті оқушылар орындайды, сол арқылы да талантты және дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылады. Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық модульдері ықпалдастырылып өткізіледі. Себебі, үш модуль де оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып табылады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулі оқушының танымдық дамуына негізделген. Танымдық даму- баланың оқу және проблеманы шешу қабілеті. Сабақ кезінде оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр бала ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдайды. Сабақ жоспарын жасауда тапсырмаларды құру барысында әр оқушының деңгейін ескеру керектігін түсіндім. Оқушыларды деңгейіне байланысты топтастыруға немесе жұптастыруға болады. Жоғары деңгейлі оқушыларға күрделі тапсырма, орта деңгейге орташа және төмен деңгейлі оқушыларға төмендеу тапсырмалар дайындап отыру керек.
Оқудағы басқару мен көшбасшылық модулі педагогикалық жетілудің пайдалынымалған әлеуеті, мұғалімдерге қолдау көрсетілген жағдайда, кәсіби өсу мен бірлескен білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген. Яғни, сабақты мұғалім басқарып, көшбасшылық жасай алған жағдайда, жақсы нәтижеге қол жеткізеді деп түсінемін.
Сөз соңында, қорыта айтарым, «Еңбексіз талант -тұл» дегендей уақыт көшінен қалмай, әлемнің дамыған алдыңғы мемлекеттерінің қатарына енуімізге өз үлесімізді қосып, ұрпақ алдындағы борышымызды шығармашылық еңбегімізбен жүзеге асыра беруге өз үлесімді қосуға ат салысамын.
«Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу». (Конфуций)
Интерактивтілік сабақ барысында оқушыларға оқу үдерісіне белсенді түрде араласып отыруына, яғни сұрақтар қоюға, сонымен қатар өздеріне белгісіз ұғымдарды анықтап сұрауына оқу материалының фрагменттеріне араласуына мүмкіндік береді. Сабақта компьютерді, видеоматериалдарды қолдану мұғалімнің жаңа сабақты өз дәрежесінде оқушылардың белсенді түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Интерактивтік әдістердің артықшылығы мұғалімнің жетекшілігімен және дербес компьютерлік оқыту барысымен дәстүрлі әдістерден басым болып келеді. Мұнда компьютер, планшет мұғалімнің белсенді көмекшісіне айналады. Оқушы сонымен қатар сабақта слайдыларды қолдануы, дайын модель үлгілерін, сызбалар қолдануы мүмкіндік береді.
Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезінде сабақта көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Бірақ көрнекілікті және техникалық құралдарды пайдаланғанда балалардың өздеріне тән ерекшеліктері басшылыққа алынуы керек Мұғалімдер мен оқушыларға әр-түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді. Демек, оқытудың мұндай жүйесінің құралы – компьютер болып табылады. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып компьютер арқылы сабақ өткізу әдісін пайдалану тиімді екендігін өмір көрсетіп дәлелдеп отыр. Сол себепті сабақта, жекелеген пәндерді оқытуда компьютерді қолдану бүгінде қажет. Ал оқушылардың компьютермен жұмыс істеуі тек мұғалім жетекшілігімен ғана жүзеге асырылады.
Мектепте де компьютермен жұмыс істеуі өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып, білім нәтижесіне көзін жеткізеді.
Сабақты компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
-оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпарат алмасу сипатын айқындау;
-дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-ойлау қабілетін дамыту;
-ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалдарды меңгеруде қолдана білуге үйрету.
Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі - компьютер арқылы пәндік сабақтар өткізу. Бұл оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады.
Ақпараттық технология және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі қағидалары іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану нәтижесінде адам машықтанған тұлғаға айналуы өзіне-өзі түсінікті.
Оқыту үрдісінде мұғалім мен компьютердің көмегін қолдану білім беру үдерісінің сапасын арттырады. Осы аталған әдістемені қолдану сабақ беру үрдісін белсендіре түседі және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра түседі. Біріншіден, мұғалімнің жаңа сабақта компьютерді қолдануы дайындығы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімді бірдей деңгейде меңгеруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мұғалімнің кәсіби дайындығына жоғары талаптар қойылады, себебі мұғалім сабақ беру әдістерінің қазіргі кезең талаптарына сай дәрежеде болуын үнемі қадағалап отыруы және өзінің біліктілігін қазіргі кезең техника және технология жетістіктері негізінде арттырып отыруы қажет болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген