жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
баяндама: Қыз баланы тәрбиелеу
Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен
мәдениеттілігін — сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап
бағалаған. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды
сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол
себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың
болашағы қыздың құрсағынан
басталады.
Шылым шегу – қыз баланың денсаулығына, одан
туатын болашақ ұрпағына зауалын тигізеді. Темекі тартқан адам
өзінің асқазанын, өкпесін және басқа мүшелерін
бұзып, өз ғұмырына балта шабады. Қыздар – болашақ ана болатын нәзік
жаратылыстың иелері. Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек.
Әттең, шылым шегетін қыздар өз келешегі туралы ойланбай тұр
ғой!
Арақ ішу – шаңырақты ортасына түсіреді.
Ішімдіктің салдарынан үлкен қылмыстар да жасалып, қаншама бала
жетім қалып жатыр. Соңғы жылдары сыраны қазақтың қыздары алып ішіп
жүргенін жиі көреміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәліметінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден
асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Өкінішке орай, сыра ішу
жағынан біз Әлем бойынша екінші орында, ТМД бойынша бірінші орында
екенбіз. Әрбір адам жылына 10 литр сыра ішеді екен. Сыраның
құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь
құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы
ішімдікке айналады.
Бір қолында –
сыра, аузында – шылым, онысын өзінше үлкен жетістікке жеттім деп
мақтаныш көретін қыздар бар. Егер мақтанар болсаң, жақсы
біліміңмен, өнерде жеткен биік жетістігіңмен мақтан. Ауылдағы
ата-әжең мен әке-шешеңе, бауырларыңа жасаған көмегіңмен
мақтан.
Денені жалаңаштау – болашақ ана атанатын
қыздар – кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер
киюі қазір ұлттық стилге айналған тәрізді. Бойжеткендердің жартылай
жалаңаш жүре беруі – сән сияқты қалыптасты. Сыртқы дененің
жалаңаштануы – ішкі рухани жалаңаштыққа әкеледі. Ашық-шашық жүрген
әйел өзіне қажет емес артық қуат жинайды да, еркектерге тән
гистостерон гормоны пайда болып, ағзаның гормональды бұзылуына
соқтырады, нәтижесінде қатерлі ісік т.б. ауруларға жол ашады, екен.
Әйгілі түрік дәргері Синан Зереннің айтуынша жалаңаш киімдер
адамның ішкі ағзалары – бүйрек, бауыр және зәр жолдарының
сырқаттануына апарып соқтырады.
Сөйтіп,
кіндігін жарқыратып жүрген қыздар орны толмас өкінішке
ұрындыратынын елеп-ескере бермейтініміз өкінішті-ақ. Статистикалық
мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың
дені бүйрек ауруына тез шалдыққан. Себеп біреу. Жалаңаштанудан суық
тигізген.
Денеге сурет
салу – адам тәнiне таңба басу және ол суреттердiң небiр жын-шайтан
кейпiндегi бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткiншектер
психологиясының күрт өзгеруiне бiрден-бiр себепшi. Алайда, жастар
мұны керiсiнше түсiнедi. Олар үшiн бұл – сұлулық пен өзгеден
ерекшеленудiң белгiсi, бүгiнгi қоғамның модасы. Қазiр мектепте
оқитын, «бесiктен белi шықпаған» қыз бала ойланбастан денесiне
сурет салдырады.
«Қыз – халықтың
гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес,
бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де
көрікті. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап
өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық
нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де
жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан»
алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ
емес.
Қыздар өз арасындағы кикілжіңді шешу үшін
қара күш пен төбелеске құмарланып барады. Сұлу сымбаты бола тұра,
күшке жүгінудің қыздарға жараспайтыны айдан анық. Мейірімділік пен
жақсылық үшін жаралған қыздардың кейбірінен бұл қасиеттің кетіп,
зұлымдық пен қорлауға бой алдырғаны. Бұл төбелестерде, әсіресе,
қатыгездіктің белең алатыны рас. Американдық голливуд фильмдерінде
не бір «батыр» қыздардың сомдалуы біздің ұрпақтың психологиясын
бұзып жатыр.
Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін
алма» деген ғой. Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының
әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн
естен шығаруға болмайды.
Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі қыз – ертенгі ана.
Мақсаты: қызбалаларды тәрбиелеуде үлкен мән , үлкен жауапкершілік бар екенің ұғындыра отыоып, тән сұлулығының тамыры- тазалықта, тәртіпте екеннің білу.
Әдісі:әнгімемелеу, түсіндіру
Көрнекілік: Газет журналдар,кітаптар, плакаттар
Барысы:
Жоспар: 1. Қазақтың қыз баланы тәрбиелеу тәрбиелеу дәстүрі.
2. Тән саулығының тамыры – тазалықта
3. Бүгінгі қыз- ертенгі ана.
1. Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс- тіршілігімен, тұрмыс- салтымен және мәдениеттілік тығыз байланысты. Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланы тәрбиелеу, негізінен, отбасында жүзеге асырылған.
Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді мекендердің, ата- анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге " Ұят ", " намыс ", " ар ", ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақылдау талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған. Қазақ отбасының күнделікті тіршілігінде қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баласының адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды, ілтипатты, қамқорлық қатынас жасау: тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, маралдық қолдау, сенімін арту, өзіне деген сенімін нығайту, жауапкершілік жүктеу т. б, қазір мағанасын жойған жоқ.Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі тұспалдап айту.
" Қызым саған айтам, келінім сен тында ", " Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді ", " Таң еттен, сөз сүйектен өтеді " деген халық нақылдары осының кепілі.
Арамызда кім нақыл сөздер, мақал – мәтелдер біледер біледі. Осы танға дейін естігеніміз, жаттағанымыз болар сонықтан барлығын 2 нақыл сөз айтайық.
Қазақ қыздары туралы тек мақал – мәтел, нақыл сөздер ғана көп емес, сонымен қатар қазақ қыздары туралы ақын- жазушыларымызда, жас ұрпақтарымызда ой қозғаған.Кім оқыған мақалалары туралы оқиды.
Осы тақырып бойынша кім мақала жазды, сен де өз мақаланды оқып өт.
Шашайын маржан сөзді тұнықтағы.
Ашайын құпия сырды құлыптағы.
Басымнан ұша берген бақтай болды.
Баяғы қыздарымның қылықтары.
Таязба талай жастық ұғымдары.
Таңдайдай кетпей жүрген шырын дәмі
Қалмады қала түгін ауылда да.
Баяғы қыздарымның бұрымдары.
Тербесем қаламымды ой көктеді.
Артық өкпе, наздық сөйлеткені.
Шалбарға шын құрбан боп кеткені ме
Баяғы қыздарымның көйлектері.
Өмірдін дәл өзіндей сабақ барма.
Әр күнім айналғандай парақтарға
Қымсынып қымыз "шер қыздарымды
Үйреткен кімдер екен шараптарға
Жігітпен қыздардың, бір кейімдері
Шетжұрттың, жасығына сүйенеді
Саусақтан өнер тамған қыздар қайда.
Икемсіз ақ білектен дара сөзді
Ізеймін дәстірімді сонау кезгі
Қазақтың қасиетті қанға сіңген
Қашаннан қадірлеймін қара көзді.
2." Тән саулығының тамыры- тазалықта".
А) Адамдар ертекезде- ақ өз денсаулығын күтіп, сақтауды білген. Денсаулық дегеніміз – адамның тәнің, жанның және рухани адамгершілігінің үйлесімділігі, оның басқа адамдармен мейірімді қарым- қатынасы. Міне сондықтанда жеке бас гигиенасына аса көніл бөлген жөн.Әр адамның жеке сүлгісі, тіс шөткесі, сабыны т. б. Көптеген нәрсені бөлек болуы тиіс. Жеке адам өз денесін таза, киімін ұқыпты, құралдарын дұрыс ұстауы қажет. Жеке бас гигиенасы- бұл адамның жеке мүшелерін күтуде гигиеналық ережелерді орындау арқылы өз денесінің тазалығын сақтай білу.
Б) Қолда, саусақтардың арасындағы қатпарларда, тырнақтардың астында микроптар көп мөлшерде жиналады. Сондықтан қолды тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, даладан келгенде үнемі жуу керек. Қолды, әсіресе, тырнақтардың астыцн, саусақтардың арасын сабындап жуған дұрыс. Апта сайын тырнақты қайшымен абайлап алып тастау керек. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбі болады.Оның түбінде қан тамырлар, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық еті талшық қара талшықтары ұштасып жатады.Шаштын түсі ондағы бояғыш затқа байланысты. Боялғыш заттын ыдырауына шаш ағарады.Денеге үш турлі түк түседі, өседі. Ұзын түк шаш басты күнінең және суықтан сақтайды, қайратты түк- мұрт, сақал жәнетанауда, құлақтын сыртқы дыбыс өткізу жолында және жұмсақ түктер дененің қалған жерінде. Адамның басында шамамен жүз мыннан астам шаш түбі кездеседі. Шаш ағаруды заттан, керотиннен,күкірт және азоттан құралады. Күніне 100 шашқа жуық түсіп, орнына жаңа 100 шаш өседі. Бастағы шаш 2-3 жылда ауысып отырады. Шашты уақытында май және шан тазалыынан, қайызғақтан тазартып, жуып кету қажет. Оның кермектігі адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуінен тері құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шаштыжіңішкертіп, үгілгіш етеді. Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бір сағат қайнатады немесе 5 литір суға 2-3 шай қасық ас содасын салады. Шашты орамалмен құрғаттады. Су шашты женіл кептіруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп бұйралауда шаштын өсіруін нашарлатады.
В) Аурудың алдын- алудың басты шарты- тазалық. Үйді, төсек- орныңдвы, ыдыс- аяқты, киімді арнайы тазартқыш заттарментазалау. Аптаға 1 рет моншаға тусіп, төсекті ауыстыру. Өздеріңізге таныс П. К Ивановтың " Қарағым " атты ілімінің 6 ережесінде:" Айнала қоршаған табиғатты сүй. Төңірігегіне түкірме, жалпы қақырынып- түкірініп, ішіннен ештене шығарма. Осыған әдеттен : бұл – сенің денсаулығың " делінген.
Көпшілік адамдар денсаулығын қорғауды медицинаға жүктейді, егер адамдар өздерінің денсаулықтарын сақтамаса медицина ғылымының жетістіктері денсаулық әкеліп бермейтіндігі шындық.Қазақта мынадай мақал бар: " Ақша жоғалтсаң- еш нәрсе жоғалпағаның, уақыт жоғалтсаң – көп нәрсені жоғалтқаның , денсаулығынды жоғалтсаң – бәрінде жоғалтқаның" дейді. Осынау мақалада қаншама ой жатыр. Мыс: қарапайым құрудын түрі – Педикулез.Бұл биттердің кесірінен болатын ауру.Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін киімін киюден жұғады. Соның әсерінен педикулу пайда болып, биттер мекендеген жер қыши басбастайды. Сондай – ақ, биттер көптеген жұқпалы аурулардың тасмылдаушылары (бөртпе, сүзек т. б ) болып табылады.
Битпен күресудің, оны алдын алудың шаралары – жеке бас тазалығы мен сонитарлық талаптарды қатаң сақтау. Шаш пен денеге гигиеналық күтім керек. Жуылған соң төсек пен ішкейімді ауыстырып тұру қажет.Бит түскен кезде дәрігерге қаралған жөн.Емдеу шараларын кешіктірмей жүргізу қажет.
Осы тақырып бойынша кім мақала жазып әкелді.
Менің оқыған баяндамам Гүлсезімнің шағын ой- пікіріндей сендерде өз ойларынды білдіріп, тәртіп- тәрбие бойынша оқуларына болады, бағана айтып өткендей қыздар турмалы көптеген ойлар қозғалған мысалға мына кітаптарды алайық
Қ. Жарықбаев Жантануға кіріспе хрестаматиясы 2005 Алматы
Әдеп және жантану хрестоматия 1996 Алматы
3. "Бүгінгі қыз – ертенгі ана" Қыз бала 12-14 жасқа келгенде бүкіл тазалық шараларын өз бетінше орындауы тиіс. Қыздын жыныстық тәрбиесі туған күннен басталады.Оның өзінің жеке төсек орны мен киім кешегі болуға тиіс.Алғашқы етеккірдін басталуына шамалы уақыт қалған кезде бойының жылдам өсе бастағаны байқалады, осы кезеңде жыныс ағзасы үлкейіп, қасағасы мен қолтық аумағына түк шыға бастайды.Жыныстық жетілудің айқын белгілерінің бірі- бұл етеккірдің келуі. Алғашқы етеккір кезінде көбіне жалпы әлсіздік, бас ауруы, бел және іштің төменгі жағында ауырсыну байқалады.Қызға- бойжеткенгә жыныстық тәрбие берудің мақсаты біреу- оны отбасылық өмірге дайындау. Қыздар ұлдарға қарағанда жыныстық жақтан ерте жетіледі, және өздерінен жасы үлкен бозбалаларға көз сала бастайды, ал оның ізі көбіне өкінішті, келеңсіз жағдайларға алып келеді, Кейде бозбала жыныстық қатынасты ерте бастап, артының қандай жағдайға апаратынын ойламайды.
Қыз пәктігі, қыз намысы, қыздық түсініктері өз манызын жоғалтқан жоқ. Мынау тіршілікте бәрі де бір- бірімен тығыз байланысты.Адам баласы дамудың балалық, жасөспірімдік, жастық, есею кезендерінен табиғи түрде әдемі өтуә тиіс.Қыз бойында ақыл- парасаттылық, сымбаттылық, тазалық болуы тиіс.Қыз бала сонымен әдемі.
Тәрбие сағатын мына өлең жолдарымен аяқтайын:
Осал да болма ойыңнан оңай адасқан
Өжетте болма орынсыз сөзге таласқан
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық
Одан соң жаным, жаз мінез керек жарасқан
Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле
Сабырлы таудың мінезі керек күлсенде
Қыз мінез деген сұлулық сыры өмірдің
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын сыр сенде
Десекте біздер жастықтын сырын аз ұқтық
Өмірдін жолы болмайды тегіс жазықтық
Әрдайым сен есіне сақта жарқыным
Жеңілмен мықты қаруын сенің – нәзіктік
Қайғынын жүгі жаныштап сені жатсада
Досынды тағыдыр –талқысы сол деп тастама
Дұшпанның саған айласы алуан қастандық
Қалайда өзін жақсылық ойла басқаға
Қадірлеп сонда қалтықсыз танып асыл ар
Өзгелер сені сені адамның бірі осы деп
Арына тиіп жолынды кескен тентектер
Алдына келіп өздері кейін бас иер.
Қазақ қауымында
қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп
есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша
ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі
қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз -
өріс, ұл - қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз
балаға айырықша көңіл бөлген. Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін»
дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды. Қыз бала жайлы
халқымызда мақал-мәтелдер де жетерлік. Соның бір парасын
назарларыңызға ұсынамыз. Бір қыз күйеуге шықса, Қырық қыз түс
көреді. Қыз өссе - елдің көркі Гүл өссе жердің көркі. Қыздың көзі
қызылда. Қайтып келген қыз жаман, Қайта шапқан жау жаман. Төркін
десе қыз төзбейді. Тойған қыз төркінін танымас. Қыз бала үйге
жаққан бояу. Қыз бала өкпешіл болса, Қалың малы көп болар. Қызы бар
үйдің жеңгесі сүйкімді келеді. Қызды ауылдың қызығы көп. Қызды
қымтап ұстаған ұялмайды. Қыз бен жылқы жаудікі. Күйеу жаман болса
қызыңнан. Қыздың ұяты шешеге. Қызды асырап білмеген күң етер,
Жібекті түте алмаған жүн етер. Қызым саған айтам, келінім сен
тыңда. Қызың өссе қылықтымен ауыл бол. Қыз қылығымен. Шешесіне
қарап қызын ал, Аяғына қарап асын іш. Қызы бардың назы бар. Қызға
қырық үйден тыйым. Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан
шығады. Қыз - өріс, ұл - қоныс. Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі
елдің арасын қыз қосады. Қыздың жолы жіңішке. Қыздың қырық жаны
бар. Судың түбін шым бекітер, Даудың түбін қыз бекітер. Отырған қыз
орнын табады. Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас. Қыз ұзатқанның
қызылы қалмас. Жақсы қыз - жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы
жұлдыз. Қыз назы қырық кісіні мас қылады Қыздың қабағында құт бар.
Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді. Қыздың жолы қырық кісінің
жолын бөгейді. Қызда қырық көліктік бақыт бар. Қыз – қонақ. Қыздың
көзі қызылда.
Толығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/44118/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз

