баяндама Сабақты зерттеу кәсіби шебер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама Сабақты зерттеу кәсіби шебер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сабқты зеріттеу бойынша әкімшілікке анықтама жазуға көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Сабақты зерттеу - кәсіби дамудың жарқын жолы»


Замануи мектептегі әр ұстаздың алдына қойған мақсаты – бұл өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай арттырып отыру. «Сабақты зерттеу» үрдісінің түйінді сипаты креативтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі ең алдымен, мақсат міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.

Ж.Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» , деген екен. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер қолданады.

Білім беру саласында оқушылардың танымдық білімін қалыптастырумен қатар білік-дағдыларын дамыту да тең дәрежеде қарастыру қажеттілігі танылып отыр. Білім берудің жаңа мазмұны бойынша сабақ үрдісінде берілетін теориялық білімді оқушылардың өмірде қолдана білуіне жан-жақты басымдық берілген. Сабақты зерттеу - оқыту мен оқу сапасын жақсарту мен тәжірибелерді жүзеге асыру, бірлесіп зерттеу жүргізу, өзара көмек беру және ақпарат алмасу алаңы екеніне іс жүзінде көз жеткіздік .

«Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген мәні зор мәселе көтеріліп отырғаны аян. Біздің ендігі мақсатымыз - алдымыздағы оқушыларымыздың білімі мен дағдысын дамыта отырып, өзін-өзі таныған жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында біз өз мектебімізде сабақты зерттеу (Lesson study ) әдісі 4 жыл бойында жүргізіліп келеді. . Сабақты зерттеудің үш түрі бары анық: бірыңғай тақырыпқа байланысты, оқыту дағдыларын дамыту, мұғалімдердің бақылау дағдыларын дамыту.

Жалпы зерттеу тақырыбымыз : Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Мақсаты: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, жаңа әдіс

тәсілдерді қолдана отырып сөздік қорын молайту.

Нәтиже: оқушылар өздігінен білім алу қабілеттері дамиды, диалогқа түседі, өз ойларын еркін жеткізе алады.

Жоспарланғандай сабақ өз кезеңдерімен өтті. Алғашқы отырыста-ақ өткізілетін әдіс-тәсілдерін саралап, түсініп, қолдану кезеңдерін талқылап алдық. Әр мұғалім өз сабағын жоспарлап келді, ал біз оның жоспарына тиімді өтетін әдіс-тәсілдерді енгізіп отырдық. Сабақ соңынан ол жоспар талданып, енгізген әдіс-тәсілдердің жетістігі мен тиімсіздігі сараланып, келесі сабаққа және басқа да мұғалімдерге ұсыныс жасалып отырды. Сонымен қатар, үш деңгейлі (А,В,С) оқушылар таңдап

алынып, зерттелді. Біздің басты мақсатымыз өзіміздің бақылау дағдымызды дамыту болғандықтан, мұқият қадағалау мен нысананы анық бақылай алуға тырыстық.

Біз де оқушыларымыз сияқты өзімізді-өзіміз бағалап отырдық. Осы әрекет арқылы енгізіліп, қолданылып жатқан әдістердің өз тәжірибемізде дұрыс немесе бұрыс қолданылып жатқанына назар аудардық. Бақылаушының рөлі өте ауыр, жауапты. Сабақты зерттей отырып, өзіміздің зерделей алу қасиетімізді де дамыта отырамыз. Өзіміз байқамайтын қателіктерімізді бақылап, сабақ аламыз. Сабақ кезеңдеріне алынған әдісті біріге таңдап, әр кім өз сабағында қолданды. Мұндай әдіс өте тиімді көрінді, себебі, бірте-бірте өңделе, түзетіле жүргізілген тәсілдер оң нәтиже беріп отырды.

Біздің ұстаздардың алдына қойған мақсаты - бұл өзінің кәсіби шеберлігін заман талабына сай арттырып отыру. Соған сай әр ұстаз өз кәсіби шеберлігін әріптестермен тәжірибе алмасып , семинар, тренингтерге қатысып және «Сабақты зерттеу» үрдісін жүзеге асыру арқылы арттырып отырды. «Сабақты зерттеу» үрдісінің түйінді сипаты кретивтілік пен ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көрдік.

  1. Қорыта келе, аталған жұмыстар мектебімізде оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс шараларды жоспарлауға, жүзеге асыру және мониторингтерін жүргізу мақсаттарына қол жеткізді. Бірлескен жұмыс нәтижесі мұғалімдердің үздіксіз білім алуына, икемділік пен еркіндіктің болуына, бір шешімге келмейтін проблемаларды талқылауға, қолайлы ортада тәуекелге баруға ықпал ететін реформаның жүргізілуіне, зерттеулер нәтижесінде алынған білім құнды болып саналатын пікірлестер қауымдастығын құруды қамтамассыз етті. Жұмыстар барысында мұғалімдер бір-бірімен ашық, сенімді орта қалыптастыра отырып, көшбасшылыққа жағдай жасалды. Сабақты зерттеу нәтижесінде оқушыларымыз

  1. Алдына мақсат қоюды үйренді,

  2. Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптасты

  3. Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады

4. Бірігіп жұмыс жасауды, бір-бірімен тіл табысуды үйренді;

5. Өз пікірін ашық айта алады

6.Сыни көзқарастары қалыптасты

7. Белсенді оқушының саны артты





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі