жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Сахна тілі және әсемдік "
Тақырыбы: Сахна тілі және әсемдік
Кіріспе
Тіл – халық өмірінің айнасы, әр халықтың әдебиеті арқылы жүйелі қалыпқа түскен, әлеуметтік қызметі әр алуан қатынас құралы. Сондықтан да, тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Өйткені ол әрбір адамға ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің, ұлттың мақтанышы, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Сөйлей білу - эстетикалық тәрбиенің бір саласы.Айтатын ойыңның мағынасын бөліп-жармай жеткізе білу,әр сөзді анық айту,дыбысты меңгерту мәдениеттіліктің белгісі. Сахна тілі - тілді өз мәнінде қолданып тіл техникасымен жұмыс жасауға үйретеді. Сөзді дұрыс сөйлеу тілді, ерінді, дауыты, тынысты дұрыс қолдана білу сөйлеуге үйретеді. Ол үшін тілге, ерінге арналған жаттығулар жасауымыз керек.
Ерінге арналғани жаттығулар.
1-жаттығу. Екі ерінді ө әріпін айтқандай алға қарай ұмсындырыңыз,бұл жаттығуды жасағанда тіл және тіс өз қалпында болуы қажет.
2-жаттығу. Тісті көрсерпей езу тартыңыз.
3-жаттығу. Алдымен тек жоғары тісті көрсетіңіз,төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрыңыз. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көріңіз.
4-жаттығу. Екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрыңыз да, сонан соң ерініңізді әуелі сәл жоғары, төмен қозғаңыз.
5-жаттығу. Енді екі ерінді сүйірлеп алып әуелі оң жаққа, сонан соң сол жаққа бұрып көріңіз. Иек қозғалмасын.
Жаттығуларды бірнеше рет қайталаңыз.
Тілді жаттықтыратын жаңылтпаштар.
Сахнада ән айтқанда немесе рөл ойнағанда тілдің әртіске бағынбауы қандай азап десеңізші...
Сондықтан да жаңылтпаштар - әртістің үйде жүргендегі тілді жолға келтіретін бірден-бір құралы, ол жаңылтпаштар.
( Жаңылтпаштарды айтқанда сөйлемнің екпіндерін құбылтып, әрбір сөзге екпінді жеке түсіріп үйреніңіз)
Асхат жамап жасқап
Жасапты ақ сапты аспап
Ақ сапты аспабы
Жап-жақсы аспап
Олақ бала салақ па?
Салақ бала салақ па?
Олақ бала да салақ
Салақ бала да салақ
Толағайдың торы ала аты бар,
Толағай торы ала атыңды тағалатып ал.
Кібіртіктенкірегенді
Кібіртіктенкіреді деу керек
Кібіртіктенкіремегенді
Кібіртіктенкіремеді деу керек
Қайыптың аяғы қайықтан тайцып па?
Сол да Қайыпқа айып па?
Батырға қай көлік сай көлік?
Батырға сай көлік – сәйгүлік.
Жаңылтпаштағы әр сөзді тез-тез айтқанда, сөйлемнің бірде-бір әріпі айтылмай қалмасын.Сахнада айтқанда, ондай кемшілік тез байқалады, соны есте сақтаңыз.Сөйлемнің әр жолын төменгі дауыстан бастап, дауысыңызды көтеріп отырыңыз. Өз үніңізді өзіңіз тыңдаңыз.Дауысыңыз ең төменгі регистрден шығып, ең жоғарғы регистрге жетсін.
Мұндай жаттығулар сізді бір сарынмен сөйлеуден де сақтандырады.Дауысыңызға әуенді үн қосады.Сахнадағы шеберлігіңізді молайтады, сөзіңізді сырлы, сәнді мағыналы етуге көмектеседі.Сондықтан әрдайым әртіс өз өнерін жоғары сатыға көтеріп отыру үшін үнемі ізденісте болуы керек.
Тіл жаттығулары.
Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысы бар.Тіл ауыр икемсің болса, жаңылтпашты, қиын сөздерді айтуға кедергі жасайды.Мұндай кемшіліктерді де жаттығулар жасай отырып арылуға болады.Сонымен жаттығу түрлеріне көңіл аударыңыз.
1-жаттығу. Ауыз екі елі ашық, бірақ ендігі көңіл – тілдің қимылына ауады. Тіл ұшы жәй ғана тіске тиіп жатсын,ауызды ашқанда, көмейдкгі кішкене тілді көтеріп,Дауысты дыбыстарды еркін шығарыңыз. ( Дыбыс тамақта болсын)
2-жаттығу. Тіл ақырын көтеріліп, жоғарытіске тиіп ( иек қозғалмайды) қайта орнына келуі тиіс.
3-жаттығу. Енді тіл жоғарғы көмейге қарай жиырылсын. Сонда тілдің астындағы көк тамырларына күш түсіп, р әріпі сөйлемде анық шығатын болады.
4-жаттығу. Тілді жиырып алып, біресе оң ұртқа, біресе сол ұртқа тигіземіз. ( Ауыздың жағдайы бұрынғысынша)
Жаттығуларды бірнеше рет қайталаңыз.
Негізінде иектің, ауыздың қимылына көңіл бөлген жөн. Ол үшін мына тордағы әріптерді даыстап айнаға қарап айтып жаттыққаны дұрыс деп ойлаймын.
Дикция.
А-Э
|
Э-А |
О-Э |
У-Э |
Ы-І |
І-Ы |
Ү-Ұ |
Ұ-Ү
|
Ү-И |
Е-И |
И-Е |
У-Е
|
«Дикция» латын тілінен аударғанда «айту», «айтылу» деген мағынаны білдіреді. Сахнада әртістің аузынан шыққан үнге қойылатын ең басты талап – дыбыстың таза және анық болуы.Егер сөйлеп тұрған сөзіңізден бір дыбыс естілмей қалса немесе күңгірт шала естілсе, бар сөйлемнің мән-мағынасы бұзылады. Олар кетік тіс және қысқа тіл. Ал көбінесе сәби күніне қалыптасқан жақты ашпау, дыбысты тістің арасынан шығарып сөйлеу, сөзді асығыс быдықтап айту, сөздің соңғы әріптерін айтпай кету, болмаса естіртпей сөйлеу – осының бәрін күнделікті дыбыстардың, дыбысталу мүшелерінің кемшілігін жаттықтыру арқылы ғана жоюға болады. Тек әрбір адамның осындай жаттығуларды қажымай-талмай жасауға ынтасы болғаны, ерінбегені аса қажет.Дыбысталу мүшелеріне жататын: ерін, тіс, таңдай, иек, тіл, кішкене тіл, көмей.
Міне сондықтан да дикция дауысқа аса көп әсер етеді. Онсыз ешбір адам
өзінің сөзін түсіндіре алмайды, ал әншілер айтқан әндерін тыңдаушының
жүрегіне жеткізе алмайды, ал актерлерге көрермендер жүгінбейді. Әр сөзге мән бере сөйлеу, сөзді қадірлеу дикцияның жемісі.
Бет гимнастикасы.
Өнер адамы сахнаға шығарда қалай бояну керек және бетті қалай күту керек? Ең алдымен осыны білген жөн. Мысалы:
Гимнастика дегеніміз – Арнаулы жаттығулар жүйесі.Ол барлық организмге немесе оның кейбір бөліктеріне әсер етеді. Гимнастикалық қозғалыс
тканьдердің қан айналысын жақсартады. Организмге қанның бөлінуін өзгертеді, тынысты кеңейтеді. Тері бездерінің қызыметін күшейтеді, қысқа бұлшық еттерді ұзартып, олардың қозғалысын жақсартады.
Жаттығулар.
Көзді тарс жұмып, іштей үшке дейін санайды. Содан соң көзді барынша ашады да тағыда үшке дейін санайцды. Мұны пауза деп атайды.( Жаттығуды 5 рет қайталайды)
2. Көздің шеке жақтағы қиығына сұқ саусақпен үшінші саусақты
қойып,көзді жұмып қайтадан үлкейгенше ашады да, саусақты анық
көргенше көз жанарын бұрады.( 5 рет қайталау)
Тура қарап тұрып қабақты көтереді де 2- ге дейін санайды. Үзілістен
кейін қабақты түсіреді. ( Жаттығуды 6-рет қайталайды.)
Басты тік ұстап, көздің жанарын алдымен оңға содан соң солға айналдыру.
Тура қарайды да көздің жанарын оңға, солға бұрады және жоғары, төмен бұрады.
Жасаған жаттығулардың бәрі көздің бұлшығын бекітеді, қабақтың ісуін азайтады. Әжім түсіруе кедергі жасайды.
Әсемдік касметикасы.
Сахнаға шығар алдында жақсы бояна білген жөн. Әсемдік касметикасының басты мақсаты – бетті бояулардың көмегімен әдемі
көрсету.Бұл касметикаға қасты жұлу, опа жағу, қаспен кірпікті бояу, ерінді бояу секілді працедуралар жатады. Мысалы:
Қасты әдемілеу. Қастың формасын әртүрлі етіп әдемілеп өзгертуге болады. Ол үшін арнаулы әртүрлі жуғыш құралдар пайдаланылады. Соның арқасында қасты қиғаш, доға секілді дөңгелектеп әсемдеуге де болады. Қасты негізі бетке опа жаққаннан кейін массаж және маска басқа да касметикалық жұмыстардан кейін әсемдейді. Қасты жұлар алдында спиртпен сүртеді, қолды сабындап жуады, қолға майлы кірем жағады, тек содан кейін қастың бір талын жеке-жеке жұла бастамай, формасын нақ белгілеп алады. Қасты тек өсіп тұрған жағына жұлады. Жұлынғани қастың орны қызарып, тітіркенеді. Оны кетіру үшін тампонмен бор қышқылын ( борный кислата) басады. Егер қастың қасында немесе айналасында түлеген тері, безеу тұрса оны жұлуға болмайды.
Қас бояу. Қасты арнаулы қара немесе қоңыр қарындашпен бояйды. Өйткені қарындаш арнаулы майлармен қауыпсіз бояулардан тұрады. Басқа қарындаштармен бояуға болмайды. Егер қастың түгі ұзын болса терісін де бояп қояды. Кешке бояуды жуып кірем жағып жатады.
Бетті опалау. Касметикалық құралдардың ішінде опаның орны ерекше. Опаны жабық ыдыста ұстайды.Себебі ол ылғал тартады. Опаны маңдайға, бетке, мұрын мен иекке қалың етіп жағады, кейін тегістеп шығады. Мойынды да естен шығаруға болмайды. Қасты, ерінді, кірпікті опадан кейін ғана бояйды.
Кірпік. Кірпікті арнаулы тушпен0 бояйды. Кірпікті бояуды жоғарда ең шетінен бастайды. Кірпіктің ортасынан тура көтеріп, екі жағындағыларын екі жаққа қарай бояйды.
Ерінді бояу. Егер ерініңіз үлкен болса екі езуге дейін толық бояудың қажеті жоқ. Ал ерін кішентай болса толық бояйды. Үстіңгі ерін алдыңғы еріннен үлкен болса, помаданы астыңғы ерінге көбірек жағады.
Қорытынды: Сөзбен жұмыс істеу әдісі және сахнада сөйлеу өлшемі – бүгінгі нақтылық пен айқындықтың нәтижесінде қалыптасып, дамитын өнер тәжірибесі
Өнер мектебі көркемдік ойлаудың және кәсіби техниканың белсенді тәрбиелеу мен оқыту әдісіне әсер ететін жалғыз негізі болады. Үнді дауыс, жағымды дауыс, жеңіл және таза дикция, нақты дауыс екпінін қою, тіл байлығын меңгеру - өнер адамдарына ең қажетті міндеттер.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы облыстық №11 қазақ мектеп – интернат кешені.
Баян класының мұғалімі: Андирова Алмагүл Боранқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген