Баяндама "Спорт -
денсаулық кепілі"
Кіріспе
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз
білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі
шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз
«Тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған.
Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты
болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты
өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап
көрсетті.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыстарының басты міндеті – жастардың ой
өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын
сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың
жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу -
тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс
қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты
жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғарғы
сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ
болады.
«Салауатты өмір сүру дегеніміз
– тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану».
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл -
ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп
отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас
кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп,
теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да
шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен
салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге
енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен
қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері
әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік,
тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық
жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр.
Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп
опық жеуі мүмкін.
Қазақ халқы «Тәрбие басы - тал бесік» деп бекер айтпаса керек.
Жат әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал
одан кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу
орнында дұрыс тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз
қажет. Қазіргі таңдағы мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда
салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның
тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек
ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және
материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық
өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене
тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың
салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады.
Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі
болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады.
Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ
жастарды елестетеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму
стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі
бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4 - ші бөлімі
азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны
белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын
ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді,
темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған» деген жолдарынан
байқауымызға болады.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене
қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған
әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене
тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн
режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін
табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді
демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен
айтқанда, дене тәрбиесі - барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның
түп қазығы - қозғалыс, қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Дене
тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп белгілі бір мақсатқа
бағыттаса, оның берері көп. Атам қазақ бірінші байлық - денсаулық
деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы
кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы
баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты
болмақ. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбек етуге деген
ынта - жігерді арттырады.
Ал жасампаз еңбек елдің табысын еселейді. Отанның данқын
асқақтатады. Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр -
шыныққан, жан - жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата - баба
аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.
Біздің мектепте де Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру
тәрбие тұжырымдамасы аясындағы «Дене тәрбиесі және салауатты өмір
салтын қалыптастыру» бағыты бойынша оқушылардың бойында
салауаттылықты қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық шаралар
ұйымдастырылуда.
Атап айтар болсақ,
таңертеңгілік дене жаттығуларын
орындау;
Түрлі спорт секцияларын
ұйымдастыру (баскетбол, волейбол, футбол т.б)
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғызқұмалақ,
батпан көтеру)
Мекемелер арасында жолдастық кездесулер
өткізу;
Мектептің оқушылары мен
оқытушылары арасында спорттық ойындардың ішінде қозғалмалы
ойындарға қызығушылық өте басым.
Қозғалмалы ойындарға баскетбол, волейбол,
футболды жатқызуға болады. Бұл жаттығулардың пайдасына тоқтала
кетейік.
Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған
ойындардың бірі
Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи
қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру,
секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста
болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі
пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы
болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып,
іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі
өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның
бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Ойыншының
қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы.
Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық
деңгейін көрсетеді.
Баскетбол, спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу
орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының
студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде
дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу
процесінде ойынның негізгі айла - тәсілдері, тыныс алу және ойын
жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады.
Волейбол – спорттың кең
тараған ойындардың бір түрі.
Тіпті, су бойында жағажайда да жарыстар
өткізіледі.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса
пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру,
жүру, секіру, лақтыру, т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он
жасар баладан бастап қай жаста болмасын, бәрі ойнай береді.
Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі
ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Волейбол
ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлікті
арттырады.
Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық,
салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе
қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс
құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Өнердің, спорттың сан - салалы түрімен айналысуға
болады.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы,
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей,
еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір
жоқ.
Денсаулық – басты байлық
өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой
көңілдегі.
Салауатты өмір салтын
насихаттап,
Атанайық жақсы азамат
өңірдегі.
Павлодар облысы
Лебяжі
ауданы
Дене шынықтыру
мұғалімі
Арынов Даурен
Русланович