Материалдар / Баяндама: Спорт-денсаулық кепілі

Баяндама: Спорт-денсаулық кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан, мектептен тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескеру қажет. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуін, өмірге белсенді ұстанымы мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Авторы:
22 Наурыз 2025
112
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Алматы каласы Алатау ауданы

«152 мектеп-гимназия»

дене шынықтыру пәні мұғалімі

Башкеев Максат Сабырович


Спорт-денсаулық кепілі


Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы

адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан, мектептен тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескеру қажет. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуін, өмірге белсенді ұстанымы мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.

Республикамыздағы білім беру саласына және әртүрлі қолдану салаларына

байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі, қабілеттілігі мен біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді. Болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты.

Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты

өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге, оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Дене шынықтыру мұғалімі сабақтардың қауіпсіздігін және санитарлық

гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,

нормативтердің тапсырылуын ұйымдастырады, жарыстарға қатысу үшін

командаларды қалыптастырады және жаттықтырады, жалпы дене шынықтыру

топтарында, спорт секцияларында оқу жұмысын жүргізеді. Бастысы, дене шынықтыру мұғалімі оқушылардың көңіл-күйлерін түсіне білуі қажет. Сондай-ақ, олардың жеке және жас қабілеттіліктерін зерделей алу және оны ескере білуі

маңызды болып табылады.

Оқушыларды оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі, ол - мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді. Дене шынықтыру сабағында түрлі спортпен дұрыс шұғылдану әдістері

үйретіледі. Спортпен шұғылдану – адамның иммунитетін күшейтіп, ауруға қарсы тұруға көмегін тигізеді және есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйықтай алмау қиындығынан құтқарады. Ағзаның иммунитетін көтеріп, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына айрықша септігін тигізеді.

Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы, оқушыларға сапалы да бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері және жолдары мақсатқа орай ұйымдастырылады.

Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер қатарынан көш бастап,

дамудың кез-келген саласында озық тұруымыз қажет. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап, өскелең ұрпаққа сапалы білім беруге бар күш жігерімізді салуымыз қажет.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі