400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Стандартты емес сабақтардың жоғарғы сыныптардағы түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Қарашатау ЖОББМ

химия пәнінің

ІІ санатты мұғалімі

Гаухар Нысанбаевна Султанова



Стандартты емес сабақтардың жоғары сыныптардағы түрлері

Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басым болу қажет.

Стандартты емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабақ дағдысын қалыптастырады, балалардың көңіл-күйін көтереді, оқушының бойында терең тиянақты білім қалыптастырады. Сондықтан стандартты емес сабақ түрлерін пайдалану, сабақ үрдісінде басты рөл атқарады.

И.П.Подвласованың анықтамасы бойынша : Стандартты емес сабақ дегеніміз — түрлендірілген сабақ түрі, өзінің құрылымы бар. Стандартты емес сабақты білімді тиянақтауда немесе жаңа сабақта өту кезінде пайдалануға болады. Стандартты емес сабақтар – бұл оқу қызметінің машықтарын қалыптастыруға септігін тигізетін, эмоционалды әсер ететін оқу құралы, осының арқасында барынша терең әрі мықты білім қалыптасады. Мұғалім алдындағы негізгі міндет — берілген тапсырманы оқушыға түсіндіріп, көрсетіп, жеткізіп беру емес, берілген жұмысты ұйымдасқан түрде жасауға, шешуге үйрету және бағыт-бағдар беру.

Стандартты емес сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:

— бөлімдерді тақырыптарға бөлу, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын белгілеу;

— бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдына білімдік, тәрбиелік, дамыту мәдениеттерін қою;

— тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

— негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

— сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

— тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

— сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды жоспарлау. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

— сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсақ, видео және слайдтарды, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

— техникалық оқыту құралдарын тексеру;

— сабақта орындалатын өздік жұмыстардың көлемін және түрін анықтау;

— үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеу, оны орындау әдістемесін табу;

— сабақтың қорытындысын шығару әдіс-тәсілдерін білу;

— тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысты жүргізуді жоспарлау;

— сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.

Негізінде бекіту және қайталау сабақтарында баланың сабаққа деген қызығушылығы төмен болады. Осыған байланысты сабақтарды стандартты емес сабақ ретінде берсе, сабақ өте қызықты болар еді. Стандартты емес сабақ беру барысында сабақты тиімді оқыту , мұғалім мен оқушыны шығармашылық қатынасқа жетелейді.

Стандартты емес сабақтардың түрлері әртүрлі. Мысалы,

*семинарлар, монологтар, концерттер, викториналар, сценарийлер

* «сот», «дөңгелек үстел» отырысы, аукцион, кіріктірілген сабақтар, пікірталастар, т.б.

Стандартты емес сабақтар жаңашылдықпен, қайталанбастығымен, өзгешелігімен ерекшеленіп, мұғалімге шығармашылық табысын көрсетуге, ал оқушыға – оның шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Стандартты емес сабақтың бір түрі — ойын сабақ. Сабақтың бұл түрі — баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой — өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.

Стандартты емес сабақтың бірі — «Сауалнама» ойыны. «Сауалнама» сабағы — оқушыларға сұрақ қойып, жауап алумен ұштасады. Ойында кім көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша есептеуге, сабақ ортасында сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау үшін, сабақтың соңында оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қолданамын. Жақсы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

Ауызша жауап беруде «Үндемес» ойынын қолдануға болады. Әр оқушыда жауаптың дұрыс-бұрысын көрсетіп отыратын белгілер бар. Балалар осы белгі арқылы ғана жұмыс жасайды. Мұндай ойын оқушылардың тыныш отырып жауап беруіне және сабақты меңгерген меңгермегенін анықтауға болады. Егер оқушы жауаппен келіссе көк кеспені, келіспесе қызыл кеспені көтереді.

Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Мен өзім сабақ беретін кластарда келесідей стратегияларды қолданамын. Мысалы, «Anticipation guide», ‘Mind Map’, ‘3 Read’, ‘Concept Map’, ‘Chain’, ‘T/F’.

«Anticipation guide» бұл тақырыпты түсіндірместен бұрын оқушылардың не білетінін анықтауға берілетін сұрақтар. Оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруі тиіс. Содан кейін өздерін тексереді.

‘Mind Map’ сол тақырып туралы ассоциация құрастыру

‘3 Read’ оқушылар тақырыпты үш рет оқиды. Бірінші оқығанда мәтіннің негізгі тақырыбын анықтайды. Екінші оқығанда мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды. Үшінші оқығанда мәтіннен өзіне алған маңызды ақпаратты анықтайды.

‘Concept Map’ бұл сөздікпен жұмыс. Бұнда картаны 4 ке бөліп сызады. 1 – бөлігінде анықтамасы, 2-бөлігінде осы сөздің синонимі немесе антонимі, 3-бөлігінде осы сөз қатысқан сөйлем жазылады. Ал 4-бөлігінде осы сөзге байланысты сурет немесе өлең жолдары, реакция теңдеуі болады. Немесе бұл стратегияны «Артығын тап » ойынымен де алмастыруға болады. Яғни картаның бір бөлігіне жалған ақпарат жазып, оқушы сол ақпаратты табуы тиіс.

‘Chain’ бұл стратегияда тірек сөздер қолданылады. Осы сөздерді қолдану арқылы оқушы өтілген тақырыпты баяндауы тиіс.

‘T/F’ бұл кезде оқушы ақпараттың жалған немесе растығын анықтайды.

Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді: мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру.

Барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушы қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмаларды өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні анық.








































Қарашатау ЖОББ мектебі














«Стандартты емес сабақтардың жоғары сыныптардағы түрлері»

(баяндама)













Дайындаған: химия пәнінің мұғалімі Г.Н.Султанова



















2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі