Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықты қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».
Н. Ә. Назарбаев

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бүгінгі таңда оқушы қабілетін қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып отырғандығымыз белгілі. Осы жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі көрініп отыр.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту кезеңінде мен әрбір оқушыға жаңа сабақтарды меңгертіп қана қоймай, оқушыдан жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық - қазақ әдебиеті пәнін өткізу барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, қазақша сөз мағынасын ашып айта алмау, шығарма жаза алмау сияқты кедергілер бар. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын. Сабақта жоғарғы сапаға жету үшін, алдымен пәнге деген қызығушылығын ояту керек.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсатым:
1. Шәкірттеріме қазақ халқының өткені мен қазіргі тарихын үйрету.
2. Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
3. Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
4. Пәнге деген қызығушылығын ояту.
5. Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.
6. Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістері, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуына ықпал ететіндігі белгілі.М.Жұмабаевтың «Педагогика » деген еңбегінде «Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін » делінген.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. Қайткенде де оқушының ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат еттім, дайын тақырыптар оқушыны қызықтырмайды, мұғалім оқушыны өзіне тең дәрежеде екенін есте шығармай, оны жеке тұлға екендігін қабылдап, сан алуан әрекет арқылы – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру - осының бәрі бүгінгі қажеттілік. Әлемдік психолог-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған. Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек. Әдебиет сабағы - нағыз өнерге сүйіспеншілік оятатын, оқушыларды шығармашылыққа жетелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXІ ғасырда сәтсіздікке ұшырайды»,- деп атап көрсетті. Осыған орай еліміздегі білім саласын дамытуға арналған іс — шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті -жастардың білімді үйреніп қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сыни тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сыни тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.

Сыни тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. 

«Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады. Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

- дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

- оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

- пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Сыни тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді.

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.

ІІІығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Ал, бүгінгі күрделі жаңарулар тұсында балалардың шығармашылық бастамасы басты нысанасы болып отыр. Баланың шығармашылық бастамасын дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық ұғымы мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың шығармаларында шығармашылықты дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. Психологтар мен ғалымдар Л.С.Выгодский., В.В.Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұханов, Ж.М.Әбдилдин, Қ.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практиканың алтын қоры деп білеміз.

Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе төмендегідей қорытындыға келуге болады. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән «Шығармашылық» сөзінің төркіні - шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеруге болатындығын айтуда. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне жаңалық болып табылатын, субъективтік жаңалық.

Ш ығармашылық тұрғыдан дамыған тұлға моделі:

Оқытудың мақсатын, міндеттерін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріп оқыту, ойлауын дамыту, шығармашылық тұлға қалыптастыру алға қойылды.


І-кезең: Тақырыпқа сәйкес теориялық білімді жинақтау, шағын шығармашылық топтар құру, ұжымды жұмылдыру, жұмысты ұйымдастыру көзделді.

ІІ-кезең: Жинақталған білім практикада жүзеге асырылды.

ІІІ-кезең: Атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшіліктерін сұрыптау, кемшіліктерді жою кезеңі. Мұнда шығармашылық есептер жасау, педагогикалық оқулар өткізу, бақылау түрлерін енгізу, сыртқы байланыстарды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

ІҮ-кезеңде жүргізілген жұмыстар жүйеленіп, қорытылып, нәтижесі шығарылды.

Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағының берері мол.

1. Өйткені әдебиет пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.

2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.

3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.

4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.

Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды.

Олар: 1. Білімдік категориясы

2. Түсіндіру категориясы.

3. Қолдану категориясы.

4. Талдау категориясы.

5. Жинақтау категориясы.

6. Бағалау категориясы.




Біліктілігі

Белгілері

Оқушы іс-әрекеті



Білуі

Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі білуі

Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды



Түсінуі

Жаңа материалда берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы

Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады



Қолдануы

Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы

Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді



Талдауы

Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі.

Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.



Жинақтауы

Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алуы

Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады



Бағалауы

Жаңа ұғымның жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтай пайымдай білуі

Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады







Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Сыни тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сыни тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сыни тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сыни тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба?

- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой – толғаныс.

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі

1. Қызығушылықты ояту кезеңі . Оқушылардың қызығушылықтарын сақтай отырып, жаңа тақырыппен жұмыс істеу, бірте-бірте «ескі» білімнен «жаңа» білімге көшу т.б. Оқушы мәтінді оқиды, мазмұндайды, талдайды, түсіндіреді, жаңа тақырып бойынша жазбалар жүргізеді.

- Кластер;

- Білемін, білмеймін, білгім келеді кестесін толтыру;

- Екі бөлікті күнделік;

- Берілген сұрақтарға жауап іздеу.

Бұл кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс жеке, жұппен, немесе топпен жүргізіледі.

2. Ой толғаныс кезеңі. Өтілетін тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, оқушы белсенділігін арттыру, сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлау, алдағы жұмыстарды кескіндеу т.б. Оқушы өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіреді, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, білгісі келетін нәрселерді сұрайды т.б.

- Әңгімелесу;

- Кластер;

- Дұрыс, дұрыс емес атты қағидалар;

- Инсерт;

- Екі бөлікті күнделік;

- Концептуалды кесте т.б.

3.Қорытынды кезеңі.Сабақтың алғашқы кезеңіндегі жазбаларға оралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, өтілген тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді т.б. Оқушылар жаңа тақырыптан алған мәліметтер мен оған дейінгі өз білімдерін салыстырады, сол дәуір мен қазіргі дәуірдегі ролдерін салыстырады т.б.

- Пікірталас;

- Кластер;

- Кесте толтыру;

- Сұрақтарға жауап;

-Шығармашылық жұмыстар жазу.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге кол жеткізеді: оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. Мысалы, М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алады. Топтық жұмыс: а) оқушылар поэманы оқып, мазмұнымен танысады ә) Поэманың басты мақсатын ашады. Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру: - поэманың кейіпкерлерін атау; - неліктен Баян інісі Ноянды өлтірді? Талдау жұмыстарын, ең алдымен, оқушыларға поэмадағы басты оқиғаларды тапқызып, әрқайсысына тақырып бойынша сұрақ қойғызу арқылы бастаған тиімді. Оқушылардың өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жүмыс істеуін көздеп, “осы оқиғадағы кейіпкерлер қандай іс-әрекет жасады” деген сұрақ беріледі. Бұл сұраққа жауапты балалар өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады. Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жұмыс а) поэмадан кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі; ә) сабақ барысында оқушылар өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз жан» деген тақырыпта «5 минуттық эссе» жазылып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі тандап алған кейіпкердің өзгешелігін айтады. Балалар поэманын негізгі тақырыптарын айтады: Отанын, елін, жерін сүюге, адамгершілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке, басқа да өнегелі істерге үйрету. Осы тақырыптарға сәйкес мақал-мәтелдер айтылады. Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады. Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу: 1) Баян мен Ноянның жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер едіндер? 2) М.Жұмабаев поэмасынан өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар? Үйге: Поэма бойынша шығарма жазу немесе табиғатты суреттейтін жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін анықтау.

Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. Сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты әрі жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяңдайды.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.

Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын- ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу- біздің міндетіміз.

Сондықтан балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген

қызығуын қалай арттыра түсем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан біз мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек.

Қорыта келе, біз мұғалімдер-шәкірттердің арманы болғымыз келеді, ертең өскен кезде де біздің түлектер ұстаздарына зор құрмет, мақтанышпен қараса екен деймін. Қазіргі қазақ баласына «Сен мықты азамат боласың!» - деп үлкен сеніммен қарап, оған таныс нәрсемен, оқушыны әр сабақта «Даналыққа ұмтылу-таңқалудан басталады», - деп таң қалдыра білуіміз қажет. Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күннің тек білімді маманы емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тәрбиені және мәдениетті қастерлейтін рухани кемелденген азамат болып жетілу керек!

















Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі
















БАЯНДАМА


Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Пән мұғалімі: Қалиханова Айгерім Серікқызы





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012ж
2. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 19-25 сәуір, 2013ж

3. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері »

С. Мирсеитова, 2011 жыл.

4. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару»,

Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.

5. Қасенова С.А. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Алматы қ.,
6. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Үшінші базалық деңгей. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

ДББҰ, 2012ж.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12