400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама :«Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы









Баяндама

«Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту»

















Жоспар

1. Оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін арттыру.

2. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі түрлері.

3. Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту.

























Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттык білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс.

Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағыт та жұмыс істейтін, жаңалықтар ашу. Бұл, әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілеттерін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.Танымдық іс - әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Шығармашылық жұмыс жасауға қатысу, оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық белсенділігін, дүниетанымын, өзін басқара білу және белгілі бір білім дағдыларын қалыптастыруға, ізденімпаздық, өзін ұстай білу сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіруде өте маңызды роль атқарады.

Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен.

Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек. Баланың  жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйын көтеретін,ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай –ақ, басқа да болып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын –тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының болмысына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен, табиғат пен таныстыруда танымдық, шығармашылық ойындар өте маңызды орын алады.

Танымдық, шығармашылық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың тыным мүшелерін (есту, көру, ойлау, сөйлеу), сонымен бірге, шығармашылық қабілетін дамытуда таптырмас ойын болып табылады. Танымдық, шығармашылық ойындарды ойлап тауып, оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.

«Тіл дамыту» сабақтарында балалардың оқу, танымдық іс –әрекетін белсендіру мақсатында өткізілетін «Сөйлем» тақырыбы кезінде дидактикалық ойындар қолдану балалардың танымтық іс әрекетті арттыруға мүмкіндік береді. Балалардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі – жаңылтпаш айту. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі – ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жүргізіледі, содан кейын өз ойын, қиялын айтып береді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, балалардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда балалардың әңгіменің тақырыбын таңдауына бағыт берып, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінеді. Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, балалардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейын балалар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгертіп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын дәрежеге жетеді.

Танымдық іс- әрекет сипатына сәйкес ойын тұрлері:

1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс- әрекет орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс -әрекет жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Балалардың іс- әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

5. Ізденіс іс- әрекетіне бағытталған ойындар.

Мектеп жасына дейінгы балаларды қоршаған ортамен таныстыруда танымдық шығармашылық өтілген тақырыптарлы пысықтауға өте тиімді. Танымдық ойындар  қоршаған дүниені тану, білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын қоршаған болмысты тану соғұрлым мол болады.  «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелес-тікке ұмтылуға, танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Мысалы, балаларды үй жануарлары мен таныстыруды төрт түлікке, жабайы аңдар, үй құстары және т.б. байланысты танымдық шығармашылық ойындарды қолдана аламыз.

«Суреттерді дұрыс құрастыр» ойыны

Мақсаты: балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құрал-жабдықтар:жемістердің қиылған суреті

Балалардың алдына алманың қиылған суреттері беріледі. Ол суретте, домалақтығы, түсі, бөлек-бөлек қиылған болады. Балаларға терілетін тапсырма суреттерді дұрыс жинастыру.

Тәжірибемде, танымдық іс - әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылық дамыту үшін, балалардың ой-өрісін дамыту мақсатын ғана шешіп қоймай, іс- әрекет үстінде бейімділігін ашып, рухани құндылықтарын жетілдіруге мүмкіндік беретін, «Ойын» технологиясын қолданамын. Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу.

Ойын технологиясы кез-келген бала да, адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті. Ойын түрлері оқушының  ой қабілетін  арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.

Ойынсыз ақыл- ой  қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.

Танымдық іс –әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту, ойындар баланы таным қабілеті арқылы табиғатты, қоршаған ортаны таныса, шығармашылық ойындар арқылы бала таныған заттарының қандай қызмет атқарып, қандай қасиетке ие екендерін айта білу, сөйлеу, сөзбен сөзді байланыстырып сөйлеуге үйреніп дағдыланады .

Баланың тұлғасы көп қырлы,оның бәрі ойын барысында көрінеді. Бірақ, балалардың шығармашылыққа қызығуына көп уақыт кетеді. Педагогтің міндеті-дер кезінде түсініп,баланы бір бағытқа жөн сілтеу. Мен өз тәжірибемде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», осыған байланысты арналған ойындар жинағын ұсынамын.


.










Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. И.Бикирова. Шығармашылық – нәтижелі оқыту негізі  Бастауыш мектеп, 2006 №1

  2. Қазақстан мектебі №1,2013 ж.

  3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Бастауыш мектеп 2004, №10

  4. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. «Мектеп» 1978ж



 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1053
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі