«Бірыңғай тәрбие» бағдарламасы бойынша жобалардың іске асырылуы - баяндамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бірыңғай тәрбие» бағдарламасы бойынша жобалардың іске асырылуы - баяндамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. Колледжде оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, студенттердің бойына адами құн¬ды-лықтарды сіңіру, колледж бен отбасының өзара байланысын нығайтуға аса мән беріледі. Студентке тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бірыңғай тәрбие» бағдарламасы бойынша жобалардың іске асырылуы

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық

шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. Колледжде оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, студенттердің бойына адами құн­ды­лықтарды сіңіру, колледж бен отбасының өзара байланысын нығайтуға аса мән беріледі. Студентке тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарындағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы колледжде 2024-2025 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының стратегиялық бағдары болып табылады.

Бағдарлама үш негізгі блокқа бөлінген, олардың әрқайсысы тәрбие жұмысының әртүрлі аспектілерін қамтиды:

1.Білім беру мазмұны мен топ сағаттары арқылы құндылықтарды енгізу.

Бұл блокта негізгі құндылықтарды жүйелеу және оларды оқу процесіне кіріктіру ұсынылған. Педагогтер білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуға, өзіндік рефлексия мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған топ сағаттарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар алады. Құндылықтарды кіріктіру пәнаралық байланыстар және аудиториядан тыс іс-шараларды белсенді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бұл блокта негізгі құндылықтарды жүйелеу және оларды оқу процесіне кіріктіру ұсынылған. Оқытушылар білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуға, өзіндік рефлексия мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған топ сағаттарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар алады. Құндылықтарды  кіріктіру  пәнаралық байланыстар және аудиториядан тыс іс-шараларды  белсенді  пайдалану арқылы  жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік жобалар мен  іс-шаралар  арқылы  құндылықтарды енгізу.

Бағдарлама  студенттерді  волонтерлік қызметке тартуға, көшбасшылық қасиеттер мен шығармашылық әлеуетті дамытуға бағытталған «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Оқуға құштар колледж» және «Smart bala» сияқты бірқатар әлеуметтік жобаларды қамтиды.

Мысалы, «Қамқор» жобасының жетекшісі, Жексенова Ж.К., жобаның мақсаты: «Қоғамға қызмет ету» экологиялық бастамалар мен волонтерлікке назар аудару.

  1. 2 6 қараша күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледждің Студенттік Парламенті және жастар ісі жөніндегі комитеттің мүшелері, Астана қ. «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында емделіп жатқан науқас балаларға концерт қойып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

  2. А .Т.Нурбаеваның жетекшілігімен «Ашық жүрек» клубының мүшелері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледжден Астана қаласы әкімдігінің «№2 Арнай мектеп» КММ-ен аз қамтылған қызға азық-түлік себетін сыйға тартты. Бұл әрекет олардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетудегі маңызды жұмысының бір бөлігі болды, бұл біздің қоғамдағы әрбір адамға назар аудару мен қамқорлықтың маңыздылығын көрсетеді.

  3. 1 желтоқсан күні біздің колледждің оқытушылары мен «Ашық жүрек» клубының мүшелері «Radisson» қонақ үйінің басты залында өткен ерекше қайырымдылық шарасына қатысты.

Бұл Базар — тек мереке ғана емес, бұл мәдениеттерді біріктіретін, жылулықты бөлісіп, мұқтаждарға қолдау көрсететін маңызды оқиға. Біз ізгілік атмосферасын сезініп, әлемнің әртүрлі ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнер бұйымдарын тамашалап, үлкен лотереяға қатыстық. Жиналған барлық қаражат Қазақстандағы қайырымдылық жобаларына жұмсалады.

  1. 0 3 желтоқсан күні колледждің 2-курс студенттерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Темірбаева «Астана жастары» ЖРО Мемлекеттік академиялық филармонияда «VOLUNTEER FEST-2024» фестивалін өткізген, елордамыздағы оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларын марапаттауларына қатысып, тамашалап қайтты.

  2. 2 6 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Темірбаева және А Нурбаеваның жетекшілігімен «Ашық жүрек» клубының ерікті студенттері, Аяз ата және Ақшақар бірігіп №2 арнайы мектеп оқушыларын мерекелік концертпен құттықтап, Жаңа жылға сыйлықтар (25 дана) сыйлады.

« Еңбегі адал – жас өрен» жобасының жетекшісі, Әубәкірова А.Ж. жобаның мақсаты: студенттердің мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.

  1. «Күзгі асар» жәрмеңкесі – бұл жерде студенттер қазан айының басында тұспа-тұс келетін «Ұстаздар мерекесіне орай» табиғаттың көркем сыйларын пайдалана отырып, экибанолар жасап, көрме өткізді (жауапты оқытушылар: Дариева Ж.А. мен Бейсенова С.С.).

  2. 3 қазан күні Нурбаева А.Т. жетекшілігімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Емдеу ісі» мамандығының 1ЛД-АК, 1ЛД-В топтарының студенттерін «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығы ұйымдастырған «Кәсіптік бағдарлау дұрыс таңдау-сенімді болашақ» жобасы аясында «DOS Medicus» оңалту орталығына экскурсияға барды.

  3. 10 қазан күні колледж оқытушылары Бисембаева А.К., Гайпов К.А. жетекшілігімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарының 1ЛД-Г, 1СД-АК топтарының студенттеріне «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығы ұйымдастырған «Кәсіптік бағдарлау дұрыс таңдау-сенімді болашақ» жобасы аясында «ASTANA VISION» клиникасында экскурсия қатысты.

  4. 1 9 қараша күні колледждің оқытушылары Бейсенова С.С. мен Суксулаева Т.П., 4-курс студенттері Онқарбаев Әділбек пен Тегісов Данатпен бірге №25 мектепте қызықты кәсіби бағдарлау іс-шарасын өткізді. Іскерлік ойын форматында өткен «Жүректің тоқтауы кезінде шұғыл көмек көрсету» тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушылары төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйренді.
    Оқушылар алғашқы көмек туралы негізгі білім алды.
    Қызықты практикалық формат арқылы өздерін болашақ маман ретінде сезінді. Біздің студенттер өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды дәрігерлік асыл мамандықты таңдауға шабыттандырды.

  5. 1 7 желтоқсан колледж оқытушылары А.Ю.Казелова және Қ.К. Бейбітқызы  Астана қаласы әкімдігінің 105 орта мектебі оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Функционалды жағдайға баға беру» тақырыбында негізгі мағлұматтармен бөлісті. 

  6. 1 7 желтоқсан күні колледж оқытушысы Б.С.Сарсенова № 68 орта мектепте 2-ФМ-АК-11 және 2-ФМ-В-11 тобының студенттерімен бірлесе отырып, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында дәрілік шөптерді дайындау үрдісін көрсетті.

  7. 1 9 желтоқсан күні колледж оқытушылары А.Е. Джумашева мен С.Е. Бурашев, сондай-ақ 2 курс студенттері Г. Буранбай, Н. Қалдыбай №14 мектеп-гимназиясында оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Естен тану кезінде алғашқы шұғыл көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсетілді.

«Шабыт» жобасының жетекшісі, Сатбекова А.М, жобаның мақсаты: студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.

  1. 3 қазан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Даналық ұстаздан» челленджі өткізілді.

  2. 2 9 қараша күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Қарашаңырақ» ҚБ және «Руханият» КММ Тәуелсіздік күніне орай қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырған «Шашбаулым» қалалық сайысына «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенті Малкайдар Диана қатысып, «Алғыс хат» иеленді.

«Ұшқыр ой» жобасының жетекшісі, Жақсылықова Г.Е., жобаның мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту, сонымен қатар тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу (дебат, зияткерлік ойындар).

  1. 17 қыркүйек күні колледждің «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы, Г.Жақсылықова мен белсенді студенттер: Абдурахман Баян, Құдайберген Асыл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасына 1-курс студенттерін тарту мақсатында колледжішлік, қалалық пікірсайысқа қатыстыру үшін дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: студенттерді логикалық о йлау, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

  2. 27 қыркүйек күні «Зияткер» клубының мүшелерімен «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек күніне арналған «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты колледжішілік «MEDI CUP» турнирін өткізді.

  3. «Мейіргер ісі» мамандығының 4-курс студенті, «Зияткер» дебат клубының төрайымы, Абдурахман Баян Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының «Кәсіподақтағы адал жұмысы мен үздік оқуы үшін» атты шәкіртақы иегері атанды.

  4. 22 қазан күні «Зияткер» клубының мүшелерімен «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республика күні мерекесіне орай «ҚР патриоттық сезімнің  заманға сай жаңа түрін ұсынады» атты колледжішілік дебат ұйымдастырды.

  5. 2 4 қазан күні «Зияткер» клубының мүшелері «Ауыл» партиясы Жастар қанатының Астана қалалық филиалы 25 қазан – Республика күніне орай «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырған қалалық пікірсайыс турниріне қатысып, 1-ші және 3-ші дәрежелі Дипломдарды жеңіп келді. Бұл пікірсайыстың мақсаты: жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, азаматтық жауапкершілікті арттыра отырып, студенттердің шешендік өнерлерін дамытып, сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру.

  6. 8 қараша күні «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Ауыл» партиясы Жастар қанатының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты қалалық турнирге «Зияткер» клубының мүшелері, 1-4 курс студенттері Ертай Мағжан мен Нұрланқызы Назерке қатысып, 2-ші орынды иеленді.

  7. 12 желтоқсан күні «Зияткер» клубының мүшелерімен «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Нашақорлыққа – жол жоқ!» тақырыбында колледжішілік дебат ұйымдастырды.

  8. 1 3 желтоқсан күні «Зияткер» клубының мүшелерімен «Бірыңғай тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында колледждің «Зияткер» дебат клубы мен Астана медициналық университетінің «Aesculapius» дебат клубы арасында «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбында дебат ұйымдастырды.

«Smart bala» жобасының жетекшісі, Нурбаева А.Т., жобаның мақсаты: «Smart bala» жобасы инновациялар мен кәсіпкерлікке деген қызығушылықты арттырады.

  1. 1 6-19 қыркүйек аралығында «Smart Student» жобасының және Digital үйірмесінің студенттері @assel.nurgozhina бірге Қазақстанда алғаш рет Астана қаласында өткізілген ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатына қатысты. IT саласындағы үздік мамандарды біріктіріп, елімізде спорттық бағдарламалауды дамытудағы маңызды кезең болды.

  2. Информатика пәнінің оқытушысы А.Т.Нурбаеваның жетекшілігімен Мейіргер ісі» мамандығының 2-курс студенті Тлектес Дария АҚШ-та өтетін халықаралық онлайн-қысқы лагерь MedSTEMPowered Future M.D.s+ in STEM 2024 жобасының қатысушысы атанды.

  3. 30 қараша күні Нурбаева А.Т. жетекшілігімен «Смарт студент» жобасының мүшелері Астанада өткен Республикалық ғылыми фестивальге қатысты. Фестивальде қатысушылар ерекше «Кругосветка NXplorers» бағдарламасына қатысып, төмендегі жаңалықтармен танысып, білді:

а) биоыдырайтын полимерлі импланттар;

б) медицинадағы 3D-ассистенттердің қолданылуы;

в) табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтаудың үздік тәсілдері.

4 . 5 желтоқсан күні «SMART BALA» жобасының жетекшісі А.Нурбаева мен бөлім меңгерушісі Д.Бақбергенова «Астана жастары» ЖРО-мен бірлесіп, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 3-4 курс студенттеріне 2023-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес TEDх форматында 24KZ_tv каналының жүргізушісі, журналист, блогер, поэзия жанашыры Мүрсәлім Дастанбекпен кездесу өткізілді. Кездесу өте қызықты өтті, студенттер көптеген сұрақтарға жауаптар алды.

5 . 2-7 желтоқсан аралығында «SMART Student» клубының студенттері – Тілектес Дария, Шпангель Елизавета және Ескенов Диляра American Corner & Makerspace ұйымдастырған «Қазақ мәдениеті 3D форматында» курсын сәтті аяқтады. Курс бағдарламасы 3D-модельдеу және басып шығару негіздерін оқытуды, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасынан шабыттанған бірегей жобалармен жұмыс істеуді қамтыды. Балалар өздерінің еңбегі, шығармашылығы мен талантының арқасында инновациялық цифрлық және физикалық Нысандар форматында дәстүрлі қазақ мотивтерін жандандыра алды.

6 . 10 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқытушы Нурбаева А.Т. «START UP: Медицинадағы IT» атты байқау өткізді. Жеті команда өздерінің IT және медицина саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды, оларды «арманшыл», «сыншы» және «реалист» рөлдері арқылы талдады. Қатысушылар идеялардың әлеуетін ашты, тәуекелдерді анықтады және креативтілік пен кәсібилікті көрсете отырып, іске асырудың нақты жолдарын ұсынды.

7. Нурбаева Асель Талғатбекқызының жетекшілігімен колледждің 5 студенті (Қасқыбаева Гүлзат, Әріпхан Гүлсім, Дәуренова Дарина, Ескенова Диляра, А қыжанова Мәриям) Елорда тұрғындары арасында өткен әлеуметтік желілердегі байқауға қатысып, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасынан дипломдар және әрқайсысы сыйлыққы пауэрбанк алды.

«Смарт студент» жобасы цифрлық құзыреттілікті, сыни ойлауды және студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, өз мақсаттарын табысты іске асырады. Халықаралық бағдарламаларға, ғылыми фестивальдерге және білім беру курстарына қатысу студенттерге көкжиектерін кеңейтуге, жаңа дағдыларды игеруге және колледжді жоғары деңгейде ұсынуға мүмкіндік береді.

Болашақ жоспарлары

  • Халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуды жалғастыру.

  • Инновациялық идеяларды дамытуға бағытталған жаңа конкурстар мен іс-шараларды ұйымдастыру.

  • Студенттерге ыңғайлы болу үшін «Смарт колледж» платформасының мүмкіндіктерін кеңейту.

«Оқуға құштар колледж» жобасының жетекшісі, Сатбекова А.М., жобаның мақсаты: кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру. Бұл жоба алдыңғы 2 оқу жылында тым жақсы жұмыс жүргізген, осы оқу жылында ақсап тұр. 2-семестрде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында білім алушылар арасында жазушылардың шығармаларын талдау мақсатында пікір алмасу алаңдарын құрып,  студенттер арасында жазушылар еңбегінің маңызы, көркемдік идеясы туралы шығармалардағы типтік образдарды ашатын жұмыстарды жүргізуді қолға аламыз.

Сонымен қатар, колледжде «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысының талапқа сай жүргізілуінде қолға алуымыз қажет. Бұл жерде ата-аналар­мен жұмыстарды күшейту, ата-аналар комитетінің, әкелер кеңесінің беде­лін арттыру, ата-аналар институтын құру мақ­сатында бала тәрбиесі, отбасылық, рухани құндылықтар мәселесімен қатар жас­өспірімдер ара­сындағы құмар ойындардың, ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, бул­линг, кибербуллингтің, интернетке тәуел­діліктің алдын-алу мәселелері бойынша түрлі тақырыптарда топ жетекшілері іс-шараларды көптеп жүргізу керек.

Ұсыныс:

  1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын оңтайлы орындау мақсатында әрбір бөлім меңгерушісі, оқытушы, топ жетекшісі күнделікті сабақта, аудиториядан тыс жұмыстарда аптаның дәйек сөздеріне көңіл бөліп, назарға алса;

  2. «8 минуттық оқу» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Клиникалық пәндер» ЦӘК оқытушылары өз пәндері бойынша қосымша кітаптарды оқытуға көңіл бөлсе.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі