«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Тельман аулының жалпы білім беретін мектебі» КММ
Баяндама
Тақырыбы: «Үлгерімі төмен
оқушылармен жұмыс жолдары»
Дайындаған:Тельман ауылының ЖОББМ" КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байнабекова Самал Кудайбергеновна
2026 жыл
Шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктемгі күндер Сіздерге денсаулық, табыс, қуаныш, береке алып келсін! Әрбір арайлап атқан таң шапағат нұрын сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі
П.Клайн.
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияларды Отандық педогогтар өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.
Мұғалім өзі тәжірибесіндегі, біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізуінің арқасында оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азаяды. Барлығы мұғалімнің шеберлігі мен оқушының қызығушылығына байланысты.
Қазіргі жағдайда рухани жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыру жолында жалпы орта білім беретін мектептердегі білім алушылардың үлгерімі төмендегі мәселесін шешу қажет болуда. Үлгерімі төмен оқушыларды зерттеу кезінде танымдық қызметтің қандай да бір құрылымдық бөліктерінің әр алуан қалыптасу деңгейімен байланысты дамудың көп түрлілігі анықталған. Бұл үлгермеушілікті туғызатын көптеген себептердің айқын көрінісі. Бүгінгі таңда танымдық қызметтің арнайы және логикалық тәсілдерінің тұтастай жоспарын құрастыру қажеттілігі туындап отыр. Олар әрбір оқу пәнін үйрену кезінде қалыптасуы керек. Тәсілдер мазмұнын талдау әрқайсысының басқалармен салыстырғанда жаңаша түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жоспарлардың болуы және меңгеруді басқару жағдайларының жүзеге асырылуы оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың білім сапасын анықтау.
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді.Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз.Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей: 1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу, 2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді: 1. Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар; 2. Нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл – ой әрекетін белсендіруге,сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Оқу еңбегінің қаруы – ой.Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және білімділікке үйренеді.Сондықтан математика сабағындағы ойын арқылы білімін шыңдап ой өрісін кеңейте алады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді , мінез- құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Үлгерімі төмен оқушымен
былай жұмыс жүргізуге болады.
1. Оқу материалдарының мазмұны таным - түсінігіне сәйкес болуы
2. Ең оңай, қызықты материалды ұсыну
3. Өзіне, өз күшіне сенуге үгіттеу
4. Мұғалім және ұжым мейірбандылық көрсету
5. Оқушының көңіл- күйін қадағалау, үнемі бақылауда ұстау
6. Ұжым болып көмектесу
7. Ұжым, пән мұғалім, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс болу керек
8. Үлгерімі нашар оқушыларға көмек көрсету
9. Оқушының жұмыс кезіндегі азғантай табысын мадақтау
10. Өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу
11. Оқушы еңбегін әділ бағалау
12. Қатемен жұмысты жиі жүргізу
13. Сыныпта достық қарым – қатынас орнату
14. Тақта алдында немесе жауап беру кезінде оқушыға көмекші құралдыр ұсыну
15. Оқушының жауабын көтермелеу
16. Жаң тақырып бойынша оқушыны әңгімеге тарту
17. Оқушының жұмыс жылдамдығын ескерту
18. Өзін – өзі тексеруге, бағалауға мүмкіндік беру
19. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар даярлау, ұсыну.
20. Бақылау картасын жасау
21. Трек конспектілерін, карточкаларын пайдалану
22. Жеке және топтық кеңестер беру
23. Үй тапсырмасын орындауға көмектесу
24. Үйірмелерге шығармашылық жұмыстарға тарту
25. Ата – анасына талаптарды түсіндіру, педагогикалық сауаттандыру.
Оқушыны түсініп оқуға бейімдеудің алғашқы жолы алдын-ала баланың қандай актив сөздерді білетіндігін және қолдану шеберлігін анықтау. Яғни, белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеріп, ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты дұрыс жазуға дағдылануы тиіс. Актив сөздерді пайдаланып үлгерімі төмен оқушы сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрай білуге бейімделеді.
Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін жаңа сөздерді, бұрыннан таныс сөздер мен түрлі дамыту жұмыстары арқылы байланыстырып, күнделікті қайталап отыру керек. Төмен деңгейдегі оқушыны оқыту барысында қабылдаудың тұтастық заңдылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұрыс байланыстыру арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға болады.
Қолданылған әдебиеттер
Мұханов М. «Жас және педагогикалық психология »
Сәбет Бап- Баба «Жантану негіздері»
Намазбаев Ж. И. «Психология»
Жарықбаев К. «Психология»
Сәбет Бап- Баба «Жалпы психология»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама Тақырыбы: «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жолдары»

шағым қалдыра аласыз