Баяндама: "Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру жұмысында қолданылатын жаңа технология түрлері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру жұмысында қолданылатын жаңа технология түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшадағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы балаларда тілдік грамматикалық құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Өз жұмысымда алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балалардың тілдік грамматикалық құрылымын қалыптастыру дағдыларын жетілдіру.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып

- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;

- жаңа сөздерді меңгертеміз;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.


Осы аталған міндеттерді педагог үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.

Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Оқу іс - әрекетінде үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдісі – күнделікті жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады

ҰОІӘ тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:

Жұптық.Топтық.Ұжымдық.

Жұптық оқыту.



Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.

Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі ; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Оқу іс - әрекетінде балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.

Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.

Мәселе: 
- балалардың
сөздік қоры аз болуында

- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы

- Қойған сұрақты түсінбеу, дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы

- Жай, жайылма сөйлемдерді құрастырыра алмауы

- Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмауды
ертегілерді, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге, жаттап алмауы

- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі.


Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.

Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:

1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау

2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар

3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:

1. Сөздік қорларын байыту

2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету

3. -Сөйлем, әңгіме құрастыру

4. Әңгімені құрастыру

5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу

6. Тақпақтарды жаттау

Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.

Тәрбиеші сабақта сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы да баланың тілін дамытады.



Серуен кезінде айналадағы табиғат құбылыстарын бақылау, балабақша ауласында қандай өзгерістер болғандығын сұрау кезінде баладан жауап ала отырып, тілін, ойын дамытумен қоса сөздік қорын молайтады.

Сондай-ақ, тілді дамытуда рөлдік ойындар мен мнемотехника тәсілін қолдану өте тиімді. Тәрбиеші көркемдік шығармалар мен ертегілерді айтып қана қоймай, рөлдік ойындар арқылы ойнатса, ол баланың ойында қалады. Сахнада кейіпкер ретінде ойнап тұрған бүлдіршіннің тілі, ой-өрісі дамиды, оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық артады. Рөлдік ойын ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Рөлдік ойындарды ойнау негізінде балалардың ойынға деген қызығушылығы артады. Сондықтан олар лайықты рөлді өздері таңдап алғаны жөн. Сонда ғана ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Байланыстыра сөйлеу кезінде мнемотехника тәсілін тиімді құрал ретінде қолдану арқылы жеткіншектің есте сақтау қабілеті артып, өмірлік құбылыстар мен оқиғаларды ажырата айтып, айырмашылығын жетік әңгімелей алуға дағдыланады.
Мнемотехника дегеніміз – көру образдары амалының құрылымы. Ол хабарды миға жүйелі жазып алуға мүмкіндік беретін ішкі хат жүйесі. Мұндай тәсілдер арқылы материалды балалар тез игереді. Балабақшадағы мнемикалық кестелерді қолдану балалардың көру арқылы ақпаратты тиімді қабылдауына және қайта өңдеуге, әрі оқу тапсырмасына сәйкес оны қайта тарқатуға, есте сақтауға және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл технологияны қолданғанда сызба-кестені пайдаланған жөн. Кестелер сурет арқылы берілуі керек. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Бауырcақ» ертегілері балаларға таныс. Оның мазмұнын бала лар жақсы біледі. Сондықтан оны айту кезінде сурет кестесін қолданамыз. Ертегі желісін шатастырмас үшін бұл суреттер ретімен қойылады. Ал балалар суретке қарап, ертегіні айтып береді. Заттарды суреттеу немесе кез келген тақырыпта әңгіме құрастырар кезде де сызбалар қолдануға болады. Бала сызбаға қарап, әңгіме құрастырып үйренеді. Нәтижесінде тәрбиеші бірқатар жетістікке жетеді. Демек, бала мен тәрбиеші арасында ынтымақтастық қалыптасады, тіл дамыту сабақтарындағы ойындар баланы қызықтыратындай тартымды өтеді, жеткіншектің сөздік қоры толығып, байланыстыра сөйлеуге үйренеді, тілі дамиды, қарым-қатынас мәдениеті бүлдіршіннің өз пікірін жеткізе білуіне жетелейді.

Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл ойын ең басты элемент болып саналады.

Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, эмоциялық бояу береді.

Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.

Ойын: «Сөз ойла», Мақсаты: балалардың сөздік қорларын байыту.

Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Мақсаты: тілдік грамматикалық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойын шарты: тақырыпқа сай түрлі-түсті суреттерді қиып жапсыру.








Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

1.Ой толғаныс әдісі

2.Ассоциация әдісі

3.Салыстыру әдісі

4.Раунд-Робин әдісі

5.Топтастыру әдісі


  1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады.

Мысалы: жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  1. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы: Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

  2. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды. Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

  3. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:

«Гүлдер» тақырыбында

-Гүл өсімдік

-Гүл әдемі

-Гүлді жұлуға болмайды

5. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде

І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.

ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.


Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.

Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың тілдік грамматикалық құрылымыны тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.




«Балдәурен» бөбекжай бақшасы МКҚК









Баяндама:














Дайындаған: Мустафина Ш.Б.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі