жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама «Үш тілділік элементтерін информатика сабағында тиімді қолдану»
Баяндама

№ 86 жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі:
Пилалова Гүлнұр Ағатайқызы
«Үш тілділік элементтерін информатика сабағында тиімді қолдану»
Біздің буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақстанның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»Қазақстан халқына жолдауы алты бағытқа негізделеді.
1.Бәсекеге қабілеттілік;
2.Прагматизм;
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4.Білімнің салтанат құруы;
5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6.Сананың ашықтығы.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Адами капиталды дамыту ,оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет деп көрсеткен болатын. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын. Цифрландыру дегеніміз Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат емес, құрал. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді, өнім өндіруді арттыру, міне, осы – мақсат
“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.Соның ішінде 4 бағытында Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделген». . EGOV .KZ
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі болып табылады.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.
Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі
Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізу, тиімді жүргізілуде.
Өз пәнімде, іс-тәжірибемде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Құралдар сөйлейді.» сынды тағы басқа ойындар бар. Сондай-ақ, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар, тест т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болады. Өзіндік жұмыстарда оқушылар берілген тапсырмаларды қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланды. Мәселен, құрылғыны немесе құрылғы қызметін ағылшын тілінде аудару жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада құрал саймандарды үш тілде аудармасын ұсыну, үндестігін табу.
Сабағымда қолданылатын үштілділік :





Бұл жерде оқушылардың құрылғыны дұрыс аудару мен сауаттылықтарына назар аударылады. Ал осы тақырып бойынша қабілеті жоғары оқушыларға компьютердің құралдарының қызметін ағылшынша ұсынуға болады. Бұл жерде оқушылар өздері таңдаған құрылғыны үш-тілде аударып , баламасын жазуға талаптанады.
Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытты. Пәнаралық байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды.
Информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бағдарламалар роботтар жасауға құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін информатикадан термин сөздер оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.
Сонымен қатар оқушыларға әр тақырып соңында 6 термин сөзден жаттауға беріледі. Сөздік терминдер оқушылардың сыныптарына қарай беріледі.
Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз. Олай болса бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге сәттілік тілейік.
Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Қазіргі ХХІ – ғаасырда педагогтар мен оқушылар заман талабына сай болу керек деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деп ата-бабамыз айтып кеткендей қазіргі техникасы дамыған, жаңа технологиялар ғасырында, компьютерленгенген заманда оқушылардың алдында мәртебемізді жоғары ұстау үшін әрбір педагог жан-жақты, жаңа форматты, талапшыл ұстаз болуымыз керек. Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі басты назарда болып отырғандықтан елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның әлемдік білім кеңістігіне енуі мұғалімдер алдына жаңа талаптар , жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған қоса айтып кетер болсақ біздің қазіргі таңда оқып жатқан ағылшын курсымызды жатқызуымызға болады. Бұл педагогтардың заман талабына сай өзгеріп келе жатқанын көрсетеді.
К. Ушинский айтқандай «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» Бүгінгі таңда педагогтарға қояр талап өте жоғары. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, жан-жақты біліммен қаруланған мәдениетті, биік адамгершілікті қажет етеді.
Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі.
ХХІ – ғасырдың оқушысын озық ойлы, жан-жақты тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзінің дәрежесі биік болуы тиіс. Қазіргі оқушыларды бұдан 10 жыл бұрынғы уақытпен салыстыра алмаймыз. Өйткені қазір ақпарат ғасыры, ал ол кезде тек кітаппен ғана жұмыс жасайтын, үй тапсырмалары да тек кітаппен шектелетін еді. Ал қазір оқушыларда да, мұғалімдерде де көп мүмкіншілік бар, қосымша тапсырмалар, АКТ-ны пайдалану, ғаламтор желісін пайдалану, жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды ұйымдастыруда балалардың танымдық қасиеті, зейіні, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі және ойлауы ескеріледі. Өйткені оқушының барлық ойы сабақта болады, соныммен қатар оқушылар «мен бірінші тапсам», сыныбымның лидері болсам деп алға ұмтылады. Жаңа технология бойынша әрбір оқушының үнін тыңдасақ және күнделікті сабағымызда кері байланыс алып отырсақ болашақ жастарымыз өте қарқынды дамиды және еркін сөйлеп, қысылмай өз ойларын еркін жеткізе біледі. Маған әр оқушының ойы қымбат мен әр оқушыларымның жан дүниесін түсініп, солармен сырласып, ойларымен бөлісіп сабақ өткенді ұнатамын. Әрбір оқушы біздің болашағымыз, олардың ойларымен бөлісіп отыруымыз қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген