Студент:
Сисенова
Динара Базарбаевна
Ақтау
қаласы, ЖШС « Каспий өңірі « Болашақ »
колледжі »
Тақырыбы:
Үстел теннисі
Мақсаты:
Үстел теннисі ойынын дамыту
Үстел
теннисі (Пинг-понг) –
белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын
үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын,
шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі.
Егер қарсылас арнайы допты үстелден
тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға
түсіре алмай допты ракеткамен торға
ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай
ала аласыз.Үстел теннисі әрқашан
жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс
екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны
түстен кейінгі ойын ретінде ермек
қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне
тордың орнына кітаптарды қойып, шылымның
қорабымен шампаның тығынын соғып
ойнаған.
Алғашқы
кезде ракеткалар ретінде жылтыр ағаштар
қолданылды. Оларда қазіргі таңдағыдай
қаптамалар мүлде болған жоқ. Мұндай
ракеткалармен қазіргі таңдағыдай түрлі
әдістердегі соққылар жасау мүмкін
болған жоқ. 1903 жылы
Ч. Гуд алғаш рет каучуктың борпылдақ
қабатынан жасалған ракетканы ойлап
тапты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдары бұндай ракеткалар өте кең түрде
таралып, өзге ракеткалардың бәрін
қолданыстан ығыстырып шығарды. Борпылдақ
каучуктан жасалған ракетка ойынды жеңіл
бақылауда ұстауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар ойын техникасына да
өзгерістер енді. 1950 жылдары шыққан
губкалық қабатты ракеткалар ғана качук
қаптамасындағы ракеткаларды жеңе алды.
Губкалық ракетка Еуропада өте
кең таралып кетті. 1952
жылы Бомбейде өткен
чемпионатта жапониялық Хиродзи Сато
губкалық ракеткамен әлем чемпионы
болды. Осы жылы жапондық команда әлем
чемпионатына тұңғыш рет қатысып,
шабуылдаушы тактикаларының арқасында
көптеген жүлделерді еліне алып қайтты.
Олардың арасында алтын медальдар да
бар. Алайда губкалық ракеткалар үстел
теннисінің тартымдылығын төмендетіп
жіберді. Себебі бұл ракеткамен соғылған
допты қабылдау өте қиын болды. Мұндай
ойында физикалық күшпен атқарылатын
соққылар бірінші орынға шықты да,
техникалық қабілеттіліктерді қажеттілігі
шамалы болды. Үстел теннисінің кең
таралуына кері әсер еткендіктен, 1959
жылы губкалық
резиналы ракетканы пайдалануға тыйым
салынды. 1959 жылдан бастап, губканы
резинаның негізі ретінде қолдана
бастады. Осының әсерінен шығарылған
соққыны қабылдау мүмкіндіг артып, ойында
техникалық мүмкіндіктерге жол ашылды.
Ойын қарқыны да арта түсті. Жасалынатын
соққының тек күшпен емес, техникамен
атқарылуы ойында үлкен орын атқарды.
1921 жыл
- Англияда үстел теннисі федерациясы
құрылды. 1926 жыл
- Халықаралық үстел теннисі федерациясы
дүниеге келді. 1926 жыл
- Аталмыш спорт түрінен алғаш рет әлем
чемпионаты өтті. 1952 жыл
- Жапондық Хиродзи Сато жаңалық ашып,
резинамен қапталған ракеткамен сайысқа
түсіп әлем чемпионы атанды. 1988 жыл
- Үстел теннисі 1988 жылғы Сеул
Олимпиадасына алғаш
рет Олимпиадалық спорт түрі болып
енді.Жазғы
олимпиадаға үстел теннисі 1988 жылы Сеул
олимпиадасынан бастап енді.
Ал Паралимпиадалық
ойындарға 1960
жылы-ақ енгізілді. (Жазғы олимпиадаға
үстел теннисі 1988 жылы Сеул олимпиадасынан
бастап енді. Ал Паралимпиадалық
ойындарға 1960
жылы-ақ енгізілді. (1960 жыл, Рим)1960 жыл, Рим)
Ірі
жарыстар.Ең
маңызды жарыстар: Әлем чемпионаты, Әлем
кубогі, Олимпиадалар.
Танымал құрлықтық сайыстарға келетін
болсақ: Еyропа чемпионаты, Europe Top-12, Азия
чемпионаты және Азиада.