Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Баяндама. Заманауи оқыту - заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек ету жолымдағы іс - тәжірибемнен.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Заманауи оқыту - заман талабы

Ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны
дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни, қатаң бәсеке
жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан
келеді. Қазір білім беру саласында жаңа жүйе жасалып, әлемдік білім
кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқарылуда. Инновация білім
деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Білекке сенер заманда ешкімге есе
бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп Абылай хан
айтқандай, әр мұғалім жаңа технологияның идеяларын іздене оқып,
педагогика саласында өз жолын, тың еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға
тиіс.
Оқытудың заманауи әдістемесі оқушылардың бойындағы белсенділік,
шығармашылықпен ойлау қабілеті, кәсіби жол таңдай алуы, өмір бойы білім
алуға дайын болуы сияқты тұлғалық қасиеттерінің сапасын дамытуы
керек. Қазіргі мұғалім үшін оның мамандығы-өзінің қабілеттерін жүзеге
асыру мүмкіндігі, қанағаттандыру және тану көзі. Бүгінгі ұстаз –
шығармашылыққа ұмтылған адам.
Білім жетілдіру – алға жылжудың, жеңіске жақын жүрудің нышаны. Ұстаз
еркін шығармашылық иесі. Өз бетінше іздене жүріп, әрекетіне сараптама,
талдау жасаумен қатар өзге ұстаз еңбегімен таныса жүріп, өзінің шығар-
машылық ,ізденіс жұмыстарымен бөліседі. Ұстаз - шәкіртін қадағалаушы,
жалпы сабаққа қатысуын байқай отырып алға жетелеуші рөлін де атқарады.
«Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспенші-
лікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ. Егер мұ-
ғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады» деген еді Л.Н.Толстой.
Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары – өз мамандығын жанымен сүйетін,
білімді де, білікті мамандар. Алдына қойған мақсаты айқын, ісіне сүйіс-
пеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау ұстаздар бойына байқа-
ғыштық, төзімділік, өз ісіне, шәкіртіне деген ерекше ілтипат пен мықты
сенімділік төгіліп тұрады.
«Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуде, өзін – өзі іске асыруға, өзін – өзі дамытуға, өз бетінше
дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру – деп көрсетілген. Бүкіл дүниежүзілік білім
беру кеңістігіне кіру мақсатында казіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа
жүйесі құрылуда. Бүл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіне
нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен
бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,
мұғалім іс – әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[3]
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Бұл бағытта білім
берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге


Page 2

негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі
оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және пси-
хологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың
маңызы зор. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығаршы-
лық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қол-
дану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 – кезең - оқып үйрену; 2 – кезең – меңгеру; 3 – кезең – өмірге ендіру;
4 – кезең – дамыту.
Өз еңбек жолымда математика пәнін оқытуда ұстанған педагоги-
калық технологияларыммен бөліссем деген ойдамын.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім белгілерінің
негізі қаланып, өзіндік ұлттық белгісі қалыптасуда. Сыни тұрғысынан ой-
лауды дамыту бағдарламасында негізделген сабақтар оқушыларды жан –
жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт – бағдар беріп, әсер етуге, оқу-
шы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Оқыту мазмұны оқушылардың
қызығушылығы есебінде жүзеге асады. Оқушылар өз білімдерін, ұғым-
дарын белсенді ойлау, жазу мен оқу арқылы білдіреді.
Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс – тәсілдері оқушыларды тынымсыз іздем-
паздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жа-
сауына жол ашады. Бұл бағдарлама оқушы мұғаліммен сыныптастары
мен еркін сөйлеуге пікір таластыруға, ойын тыңдауға, құрметтеуге қиын-
дықты жеңуге көмектесетін бағдарлама. Сын көзбен ойлауды дамыту
оқушы оқыған, білгендерін саралап, жаңа өзгеріс енгізуге талпынып,
үлкен әлемге еніп, ойын тұжырымдайды. Оқушылар бас кезінде сәл
қиналып, ойларын жинақтай алмай түсетіндері бар. Жаттыға келе кейін
үйреніп, тез меңгеріп алады. «Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды,
ұстаз- шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз
арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.[8]
Мен өз сабағымда негізгі қойған міндетім оқушылардың ой қиялын
дамыту. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының таным-
дық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіп-
тілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Қазіргі таң-
да жеке адамның жан - жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр.
Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға
үйретудің - ең тиімді жолы. Сыни ойлауды дамыту технологиясының
дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде бе-
рілмеуі. Сыни тұрғыдан ойлау бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік
беретін ерекше қабілет. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп,
өткірлене түседі.Басқалармен таласып оқығанда,талқылап,қарсы пікір айт-
қанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең
бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегі-
нен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады. Қорытындылай кел-
генде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау,
іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл тех-


Page 3

нологияның тиімділігі- оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қой-
майды, сонымен қатар:
1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым - қатынас орнайды.
3. Оқушының өздігінен жан – жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.
5. Оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.
6. Бірін – бірі сыйлауға баулуы.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің
даму тұжы-рымдамасында,“Білім берудің басты мақсаты – оқушының
білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін
таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті
іскерліктерді қа-лыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”,-
деп көрсетілді. Мұндай өмірлік дағдылар математика пәнінде оқушының
мұғаліммен ер-кін сөйлесуге,бір-бірінің ойын тыңдауға,пікір таластыруға
баулиды.[10]
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқы-
тудың жаңа технологиясы бойынша, дифренциалды және дербес деңгейлік
принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әң-
гімелеуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар
берілген жұмыс дәптерлері. Технологиямыздың тағы бір психологиялық
негізі болып табылатын теория Т.С. Высотскийдің «оқыту процесінде оқу-
шынын ақыл-ойының дамуы» актуальды даму аймағынан «жақын арадағы
даму» аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қай-
талап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өрімді іс-әрекетті қажет ететін
жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс- әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр
түрлі деңгейде қабылдайды. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі:
бірінші деңгей - міндетті,екінші - алгоритмдік,үшінші- эвристкалық және
төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау.Оқушылардың танымдық
іс- әрекетін дамытуда жасалған іс-тәжірибелер арқылы оқушылардың
шығарма-шылығы артып, білім сапасының көтерілуі байқалды.
Заман талаптарына сай көптеген оқыту технологиялар бар. Солардың
бірі–профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.
Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзе-
ге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен
еске сақтауын,белсенділігін,дағдысын,білім сапасын қамтамасыз етеді. Елі-
міздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына
үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де
мәдениетті, парасатты азамат
тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті.
XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру


Page 4

бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-
білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу.
Сондай тиімді жолдардың бірі –математика пәнін деңгейлік тапсырмалар
арқылы оқыту. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу
мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қа-
рай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізін-
де әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр
сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір
таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.Академик В.Л.Беспальконың
анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық
жүйе - дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі, формасы мен құралдары мен
оған сәйкесті дидактикалық дербес деңгейлік принциптердің талаптарына
сәйкес жаңа тұрпаттағы оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі
тапсырмалары берілген жұмыс дәптері. Деңгейлік оқыту мақсаты - әр
сыныпта әр топтың, әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай
жалпы білім беру. [7]
1.дәстүрлі оқытуға тән ерекшелік оқушылардың барлығы бірдей тең дәре-
жеде оқытуды қабылдамайды. Оқыту мазмұны әр сыныпқа, топқа, оқушы-
ларға білімді қабылдау қабілетіне сай ұсынылады.
2.мұғалімнің қабылдауы төмен оқушыларға көмектесу қабілеті жоғары-
ларға ерекше назар аударуға мүмкіндігі болады.
3. оқушының өз қабілеттерін терең жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндігі
болады.
4.«Мен» тұжырымы деңгейі көтеріледі, қабілеттік, білімділігін тереңдете-
ді, сенімі бекиді, білімі нашарлардың өзіне сенімі пайда болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушының әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсы-
нылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл - ой еңбегін
жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны
орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі:
Оқушы шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-
әрекеті арқылы жүзеге артады. Бұл технологияның негізгі
ерекшелігі, ұтымдылығы да осында. Мұнда оқушының шығармашылық
білігі қалыптасады. Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың
экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай
келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті
жүктеледі. Қазіргі таңда жеке адамның жан – жақты дамуына үлкен
мән беріліп отыр. Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп
білім алу-ға үйретудің ең тиімді жолы. Сын тұрғысынан ойлау жобасының
стратегия түрлерін өзімнің іс -тәжірибемде қолданып жүрмін. Жаңа


Page 5

сабақты бастар алдында INSERD (түртіп алу ) стратегиясын қолдану
арқылы мәнін ашуға болады. Бұлтөмендегі түрде толтырылады.
Білемін Мен үшін жаңа Білмейтінім Менің ізденетінім
V + - ?

Айтылған ұғымдарды түртіп алып, оған жоғарыдағы белгіні қойып оты-
рады. Жаңа тақырыпқа көшуге негіз болатын даярлық алды тапсырма бө-
лімі. Даярлық алды тапсырманы «Математика 5» және « Математика 6»
сынып оқулықтарында тапсырма есеп түрінде берілсе, жоғары сынып-
тарда тірек сызбалары арқылы жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту
кезеңімен сабақтастыруға болады. Тірек сызбаларын пайдалану арқылы
уақытты үнемдеу, бөлінген уақыт ішінде жаңа ұғымның мағынасын
ашып, мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасауға болады.
Сабақтың әр кезеңінің өзіндік мақсаты, мағынасы, белгілі міндеттемесі
болады. Мен үшін ең маңыздысы – оқушының өтіліп жатқан материалға
қызығушылығының төмендемеуі. Сондықтан да мен сабақтың алғашқы
кезеңін - қызығушылық қабілетін оятуға тиянақты дайындаламын. Сабақ-
тың алғашқы кезеңі қызық болса- соншалықты сабақ нәтижелі және тиімді
өтеді. Жоғарыдағы ойдың бір мысалы ретінде 6 – сыныптағы « Қарама –
қарсы сандар. Рационал сандар» тақырыбына тоқталып өтсем. Тақтаға
ВэНН диаграммасын сызып оған оң сандар және теріс сандар туралы
жазып, сандарды мысалға алып көрсетсек, оқушылар өздері айырмашы-
лық пен байланысты таба алады. Осы кезде кестеге таныс емес сөздерді
толтыруға болады. Сондай –ақ 7 – сыныптағы «Бүтін көрсеткішті дәреже
және оның қасиеттері» тақырыбы « Натурал көрсеткішті дәреже және
оның қасиеттері» тақырыбын еске түсіру арқылы анықталады. 8 – сыныпта
Геометрия пәнінен « Трапеция» тақырыбын өту үшін «Төртбұрыштар»
туралы қайталауды қажет етеді.
Оқу мен жазуды сыни тұрғысынан ойлау өз бетімен жеке жалпылама
оқу үрдісін қалыптастырады. Оқушы өз ойын жария ете алады, өзгені
тыңдау арқылы сын айтады. Бұл оқушылар арасындағы ынтымақтастық
сыйластық ара қатынасты көрсетеді. Күнделікті оқу үрдісінде оқушылар
топпен, жеке – дара білімдерін көрсетумен бірге, тестік тапсырма орындау
да іске асырылып отырылады. Сабақ соңын теориялық байланысты тауып
жазу, яғни «Топтастыру» стратегиясы қолданылады.
Түрлі тақырыптардағы курстарда бас қосып, тәжірибе алмасу келешек
ұрпақтың сапалы білім алу қажеттігіне негіз болады. Өз іс – тәжірибем-дегі
технология әдісіне педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Қараевтың « Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогика-
лық технологиясының қолданылушылардың курсынан өтіп өз іс-тәжіри-
беме қолданудамын. Мақсатым - математикалық ғылымның негізін қа-
лыптастырып, жеке тұлғаны ұлттық ерекшелігіне сай тәрбиелеу мен өзіндік
ой – өрісін кеңейтетін білім беру. Оқушылардың берілетін тапсырмалардың
негізіне мемлекеттік стандарт алынады. Тапсырмалар


Page 6

1 – үйренушілік, 2 – алгоритмдік, 3 – эвристикалық, 4 - шығармашылық
деңгейде беріледі. Мемлекеттік стандартпен басталған бірінші деңгейдегі
тапсырмалар бірте – бірте күрделенеді. Тақырыпты меңгерту үш кезең
арқылы ұйымдастырылады.

I кезең. Тірек тапсырмалары, сызбалары.
II кезең. Жаңа тақырыпты меңгерту алгоритмі.
III кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
Математикалық білім негіздерін қалыптастыруда бастапқыда деңгей-лік
тапсырмаларды орындау арқылы меңгертуден бастадым. Әр сынып-тардағы
тақырыптардың I және II кезеңіне басқа әдісті қолданғанмен, жаттықтыру,
меңгерту бөлімінде деңгейлік тапсырма орындауды басты назарға алып
отырамын. Өйткені уақытты белгілеген кезде оқушылар арасында бір
құлшыныс басталады., яғни оқушы бойында «мен» білемін, шығара аламын
деген. Тапсырманы алғаш орындаған оқушы «көмекші» рөлін атқарады.
«Көмекші» әрекетін орындауда оқушыларды ұйымшылдыққа, бір – біріне
көмектесуге, бақылай білуге, өзін – өзі бақылауға тексере білуге тәрбиелеу
басты ұстаным болып негізделеді.
7 – сыныптағы алгебра пәнінен Қысқаша көбейту формулаларының
бастамасы «Екі өрнектің квадраттарының айырымы» тақырыбы
«Қарапайымнан – күрделіге» ұстанымы бойынша екі өрнектің айырымы мен
қосындының көбейтіндісінің формуласынан бастап алған тиімді.
Сонымен бірге 6-сыныптағы ,,Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар
жүйесі. Координаталары бойынша нүктені салу” тақырыбында өткізген
сабағымда ,,Түртіп алу“, ,, Жинақтау “ , ,, Топтастыру “стратегиясы мен
деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптерімен орындалған тапсырмалар та-
қырыптың мағынасын ашып оқушының қызығушылығын туындата білді.
Геометрия 8-сыныптағы ,,Пифагор теоремасы” тақырыбын өткенде тік бұ-
рышты үшбұрыш үшін Пифагор теоремесын білуі, оны тік бұрышты үш-
бұрыштың сүйір бұрышының косинусы арқылы байланыстыра білуі,
Пифагор теоремасын дәлелдеу және оны есептер шығаруда тиімді қолда-
ну; теореманы еске ұстау бағытында ауыз әдебиетімен байланыстыру және
өз бетімен әрекет ете алатын, ізденгіш жеке тұлға тәрбиелеу; логикалық ой-
лау қабілетімен есептеу дағдыларын жетілдіру, оқыған материалды қоры-
тындылай және салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Теореманы есеп-
теуде қолдануда іскерлігін және математикалық тілде сөйлеу қабілетін
дамыту.
Өз тәжірибемде оқушының ойын айтуда еркіндік мүмкіндігін басшылық-
қа аламын, өйткені өз ойын айтуда оқушы пәндік байланыс білімін көрсе-
теді. Әр сабақта тақырыпты меңгертуде, тақырыппен жаттықтыруда
педагогикалық технологияның әдістемелік жүйесін қолданып меңгерту
оқушыға қозғау салары сөзсіз. Казіргі таңда біздің Республикада білім
берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды
технологиялық – педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда.


Page 7

Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты -
үйрете жүріп, үйрену. Оқыту үрдісінде жаңа технологияны қолдану арқылы
меңгертуде төмендегідей жетістіктерге жеттім:

1.Оқушы өз бетімен жұмыстануға, үйренуге дағдыланды.

2.Оқушылар арасында бірін – бірі тыңдауға, сыйластықты білдірді.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды.

4.Оқушылар арасында өзара жарыс, белсенділік байқалады.

Оқыту үдерісінде қолданып жүрген педагогикалық технология түрлерінің
нәтижесі деп есептеймін шәкірттерім олимпиадаларға қатысуға ынталы.
Республикалық «Әл -Фараби әлемі» Алгебра пәні 6-11 сынып оқушылар
арасындағы олимпиада, «Ақ бота» интеллектуалдық марафон, «Кенгуру»
Халықаралық зияткерлік конкурс жеңімпаздарым баршылық. Сонымен бірге
Республикалық пәндер арасындағы олимпиада жеңімпаздары бар.
Мұндай жетістіктер еңбегімнің жемісі деп есептеймін.


Қолданылған әдебиеттер.

1.Қазақстан Республикасының « Білім беру» туралы Заңы

2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты
3.,, Қазақстан 2030” стратегиялық жолдау

4.Кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын курсы(лекция)

5. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журнал 2019 жыл

6.«Математика Қазақстан мектебінде» республикалық ғылыми – әдістемелік
журналы 2016 жыл

7.Ғаламтордан алынған ақпараттар.

8. ,, Қазақстан мектебі” журналы 2018 жыл

9. «Математика және физика» ғылыми - әдістемелік журнал 2019 жыл

10. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жыл


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
21.05.2021
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12