Баяндама Замануи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Замануи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Замануи қоғамның негізі бөлшегі-білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ дегеніміз-жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушылрымыз. Бүгінгі оқушы-ақпаратпен қаруланған, жан-жақты. Демек, олар бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы-компьютерді жетік меңгеруі, ақпараттық коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алуы, ақпарат алмасудың негізгі көзі ғаламтор желісін тиімді пайдалана білуі керек. Казіргі заманда адамдардың мәлімет алмасуында, қарым-қатынас жасауда ақпарттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Замануи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Турсынбаева Галина Карибжановна

Физика пәнінің мұғалімі

Павлодар облысы,

Май ауданы, Ақжар ауылы

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ



«Казірігі заманда жастрға ақпарттық

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назрбаев

Қазақстан ресаубликасының білі беру жүйесін ақпараттандыру саяты-еліміздің даму стратегиясынның негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғсыр-білім беру жүйесінің ақпараттандыру ғасыры.

Замануи қоғамның негізі бөлшегі-білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ дегеніміз-жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушылрымыз. Бүгінгі оқушы-ақпаратпен қаруланған, жан-жақты. Демек, олар бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы-компьютерді жетік меңгеруі, ақпараттық коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алуы, ақпарат алмасудың негізгі көзі ғаламтор желісін тиімді пайдалана білуі керек. Казіргі заманда адамдардың мәлімет алмасуында, қарым-қатынас жасауда ақпарттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылады.

Ақпараттық технология-казіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау екені бәрімізге мәлім. Сондықтан ғаламтор жүйесінен, электрондық оқулықтарды,

мультимедиялық технологиялар, қашықтықтан оқыту әдісін пайдалану оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады.Олар:

1.Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру.Web сайттар ашу;

2.Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану, ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау;

3. Мультимедиялық және гипермәтіндік технологияларды қолдану, қашықтықтан оқыту.(intmet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалды. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда Бүған бірнеше факторлар ең бастысы-білім беру мекемелерінің қуатты компьютер.[ 1, бет 21]

Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.Олар:

-аққпраттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісін жоғары деңгейге жеткізу:

-жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікке интеграциялау;

- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейлі ақпараттармен алмасуды қамтамассыз ету;

-білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, қашықтан оқытуға мұмкіндік жасау.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру оқушының шығармашылық әлеуетін дамытып, өз бетімен танымдық және эксперименттік-зерттеушілік қызметін күшейтеді. Бұл орайда орта мектепте

Тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдерінің өз кәсіби щеберліктерін шындауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану арқылы жана инновациялық әдістері ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады..

Қашықтықтан білім беру дегеніміз-мұғалім мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы..Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді.Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:

-оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;

-оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды;

-дайын бағдарламаларды қолдана білу щеберлігін арттырады;

-ойлау қабилетін дамытады.

Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутник байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен СД-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б. аудио-бейне құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгінгі интернет немесе телекөрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды оқулықтар мен «Қашықтықтан оқытудың жер серіктестігі» арнасы болып табылады. Ал қарама-қарсы байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады.

Қашықтықтн оқытудың Жер серіктестігі арнасының басты мақсаты- ауыл мектептерін ашық білім кеңістігіне қосып, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру, ауыл мұғалімдеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту Жер серіктестігі арнасы барысында біз дәстүрлі сабақтың- ауқымын кеңейтәп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни бұл арнаның басты ерекшілігі және тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Мұнда бейнетаспаға түсіріліп алынған сабақтар мен телебағдарламалар басты рөл атқарады, яғни кез келген пәннен үсірілген белгілі бір тақырыптағы телевизиялық оқу сабақтары мұғалімнің сабақты жүргізу әдісін бейнетаспаға жазып алумен ерекшеленеді.

Модул-пән саласындағы жүйелік және қызметтік білімдердің жиынтығы.Ол электронды оқулық арқылы оқытуды ұйымдастырудың «қызметтік түйіні» болып табылады.

Электрондыдық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретінде ақпараттық-оқу ортасы болып саналады.. Ол білім беру миндетті білім деңгейі талаптарына сай электрондық оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдармен толықтырылады.

Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бүл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.

Электрондық оқулықтың бағалық-нәтижелік бөлігі тестер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.[2,бет 13-15].

Ақпараттық технолдогияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Белсенді экран» болып табылады. Бұл кешен-білім үрдісінде қолданылатын ақпратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе. Ал интерактивті тақта-сабақта қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өндеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайндалған оқу материалдарды: тұсаукесерлер, мәтіндік, графикалық ақпараттық нысандар сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Ендеше «Белсенді экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға әбден болады. Сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады.Мысалы: практикалық сабқты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызш түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Оқытушы оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңілін бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғлім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.

Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе пікірталас формасында өткізіледі. Мұғалім алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет өтілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділік пен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түглдей ашуға қажет ақпараттық нысандарды кірістіреді..Өзі сбақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады. Сондай-ақ, семинар сұрақтарын ұжымдық, топтық әңгімелесеу, талқылау түрінде ұйымдастыруға да болады. Интерктивті тқта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өндеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

Интерактивті технологияларды оқып үйрену мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер етеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді.

Бүгін таңда қолданылып жүрген Activ Inspire бағдарламасының көптеген мүмкіндіктері мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдтеді.Әрине, ол үшін мұғалімдер арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс.Сонымен бірге интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білу маңызды. Интерактивті тақта-сыныптағы оқушылардың барлығын бір мезгілде оқыту үшін құнды құрал.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1)Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 8 – том. 487 – 497 бет.

2)Физик және астраномия 8 – сынып. 192 – 197 бет.

Ғамторлат сайты:

3) kk.wikipedia.org./wiki/.

4) malimetter./KZ/kun – saulesi – bolashakt.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.12.2017
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі