400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Баяндама:«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР» Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз
Материалдың қысқаша нұсқасы







«Рудный қаласы әкімдігінің 7 мектеп-гимназиясы» КММ












Баяндама:

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»







Дайындаған: Кажиков Шыңғыс Қанатұлы

















Рудный қаласы

2018-2019 оқу жылы

Баяндама: «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»


Әр халықтың өз ұрпағын өмірге әзірлеуде, баулып тәрбиелеуде өзіне ғана тән ерекшеліктері болады.Ол ерекшеліктері ең алдымен сол халықтын әдет-ғұрпын,салт-санасы тұрмысы мен дәстүрлеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан осы ұғымды өз бойына жинаған барлық тәрбие құралдарын біз бүгінде халық педогогикасы деп атаймыз.

Халық педогогикасының бір саласы - ұлт ойындары. Қазақ халқының ұлт ойындарының өзіне тән бір ерекшелігі сол ол тек көңіл аулап, қызық қуып, уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір білімділік, тәрбиелік мақсат көздейтінінде. Қазақ халқынын ұлт ойындары негізінен үш саладан тұрады.

1)Ойын- сауық ойындары.

2)Оймен келетін ойындар.

3)Дене шынықтыру спорт ойындары.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да баланың рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде де қазақтың ұлттық ойындарын бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып.

Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.

Біздің мақсатымыз - оқушыларды сабақ кезінде ұлттық ойынның түрлерімен таныстырып, ойынның ойнау тәсілін үйретіп, бала жадында қалдыру. Ұлтқа тән қасиеттерді бойына дарытып, ұлттық өнегені бойына сіңіру. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Бала ойын арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе «Көкпар», «Асық», «Теңге алу» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Асық ойынының түрлері өте көп. Олар –алшы, омпы, хан, құмар, көтеріспек. Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің жетілуіне, тыныс алу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке баулиды. Асық ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Асық ойыны білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз. 

Асық ойыны – баланың ұсақ моторикасын дамытады, бұлшық ет қозғалысын жақсартады. Дәлдікті, мергендікті, зейінін арттыруға ықпал етеді. Көпшілдікке, сыйластыққа, әділдікке тәрбиелейді.

 «Бес тас» ойыны. Ойнаушылардың саны екіден бес-алтыға дейін барады. Ойын тақыр жерде өтеді. Бауырсақтай доп-домалақ бес тас керек. Өйткені сүйірленген тастар ойнағанда, иірген кезде өз еріктерімен домалап түспей біріне бірі бөгет жасайды және қолға ұстауға да ыңғайсыз. Ойын ережесі. Балалар ең алдымен кім кімнен кейін ойнайтындығын бес тасты жоғары лақтырып, алақанның сыртына түсіріп, содан қаршып қағу арқылы кезек алысады. Ең көп қаршығаны бірінші, одан азы екінші, тағысын тағы солай кете береді.

«Бес тас» ойынында баланың ұсақ моторикасы дамиды, математикалық ой-өрісін арттырады, логикалық ойлауы жетіледі, қимыл-қозғалыста болады.

Дене тәрбиесі  сабағынан босатылған оқушылар отырып «Бес тас» ойынын ойнауға болады. Бұл ойынның бір қасиеті оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа, шапшаңдыққа үйретеді.

 Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғыз құмалақ ойыны. 

Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. 

«Теңге алу» ойыны. Бұл ойын әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс.

Осы ойын элементтерін пайдалана отырып, сабақ кезінде оқушылар қатты жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған шыттарды іліп ала жүгірулері керек.

«Бәйге» ойыны. Бұл ойын барысында жылдамдық, ептілік, шапшаңдық секілді дене сапалары дамиды, көпшілдікке тәрбиелейді.

Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырады. 

Ағаш аттардың орнына резеңке шарларды да пайдалануға болады.
«Алшы» ойыны. Асық ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, оны өзара әрекетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. Асық ойынын топтарда үйретіп алып, сыныптар, топтар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Ұлттық ойындар арқылы біз оқушыларды көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, тоғызқұмалақ ойыны. «Тоғызқұмалақ» ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді.

Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
«Соқыр теке» – ойыны да біздің қазақтың көптен келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын кез-келген жерде ойнала беретін болғандықтан, көп пайдалануға болады. Оқушылар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке – сол. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашады. Соқыр теке түрткен адамды ұстап алуы керек. Ойын солай жалғаса береді, қашан мұғалім тоқтатқанша. Бұл ойын сезімталдыққа, жылдамдыққа баулиды. Ойынға 10-12 адамға шейін қатысуға болады.
Жүзік тастау – ойыны. Бұл ойында кез келген жерде ойнала береді. Ойыншылар дөңгелене отырады да бір жүргізуші алақандарына өзінің қолын жүгіртіп өтеді, біреуіне жүзікті тастап кетеді. Ойын жүргізуші жүзігімді бер»деп дауыстаған кезде, алақанында жүзік бар бала, екі жағындағы көршілеріне ұстатпай, тұрып кетуі керек. Ұсталып қалса, айыбын өтейді, ия болмаса ән салады, би билейді. Бұл ойын баланы сабырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке баулиды. Осындай ойындарды ойнату арқылы біз баланың бойына әр түрлі қасиеттерді баулимыз. Осы ойынды дене тәрбиесі сабағының қорытынды бөлімінде тынысты қалпына келтіруге пайдалануға болады.
Күміс алу ойыны. Бүл ойын әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс. Бұл ойынды біздер жарыс түрінде ойнауға болатынын дәлелдейміз. Оқушылар қатты жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған тиындарды іліп ала жүгірулері керек. Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырады.

Ұлттық ойындар ережесін түсіндіру, қызықтыру арқылы меңгерте отырып, түрлі көрнекі құралдар мен атрибуттарды сабақта қолдануға болады. Атрибуттарды сабақта қолдануға ата-аналарды көмек көрсетуге тартуға болады. Мысалы: қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар» ойындарына ағаш аттың макетін, көмбеге киіз үйдің макетін жасаттырып сабақтарды қызықты өткізсе болады.

Әдемі көркемделген, ұлттық нақышта өрнектелген, ұлттық ою-өрнегімізді пайдаланып салынған плакаттар болса балаға тез жетеді деп ойлаймын. Көзге түсетін жерлерге ойын ережелерін іліп қойса ол да пайдасын тигізері сөзсіз.

Мектепте жарыс түрінде өткізуге болатын қазақтың ұлттық ойын түрлері - қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ойыны, оның да әр түрлері, арқан тарту, бестас, аударыспақ тағы да сол сияқты көптеген ойын түрлерін табуға болады. Біздің қаламызда да асық ату, арқан тартыс, тоғызқұмалақтан жарыстар өтіп тұрады. Өз тәжірибемде тоғызқұмалақтан бірнеше жарыстарға қатысып, әр жарыста оқушыларымызбен жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрміз. Атап айтар болсам, Сейпелова Балжан, Серікбай Баубек, Какимова Венера, Саруар Дана сынды қалада үздік шәкірттеріміз бар. Арқан тартыс, асық ойындарында да басқа әріптестеріміз жүлделі оралып жүр. Бұл да болса ұлттық ойынымызды дәріптеуге қосқан үлесіміз деп білемін.

Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану – мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді. Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады. Мысалы, бізде мектеп бағдарламасында жеңіл атлетика, спорттық ойындар, гимнастика түрлері ғана ғой. Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Бастауыш сыныптарда көптеген ойындар күнделікті сабақта қолданылып жүр. Мысалы, «Қуып жет», «Айгөлек», «Қуаласпақ» деген ойындар жүгіруге қабілетін арттырады. Күштілікті арттыратын ойын түрлері арқан тарту, батпан көтеру сияқты ойындарды күнделікті сабақ барысында қолдануға болатын ойындар.
Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде де пайдалануға болады. Бұл ойындар адамның ой-өрісінің, өмірге көзқарасының дамуына, сана-сезімнің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызуымен қатар адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі. Қазақтың ұлттық ойындарында белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында. Ойын кезінде жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады. Ойын аяқталғанда бір-бірін балағаттау ия болмаса жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау – өрескел әдіс болып табылады.

Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнынақарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын.

Сонымен түйіндеп айтарым, сабақта және тәрбиеде, мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдалансақ онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің ұлтының дәстүрін, ойындарын жатқа біліп, соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда ғана біз оларды патриот ете аламыз.



5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.03.2019
1405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі