Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама:"Интеграция – барлық халық үшін игілік!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы ММУ-дегі дәрісінде жаңа интеграциялық бірлестіктер ең алдымен экономикадағы елеулі мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс екенін атап өткен болатын. Одан бергідегі уақытта әлем түбегейлі өзгерді, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатерлерімен бірге әлем және адамзат келешегі туралы ой-сананы түбегейлі өзгертетін инновациялық технологиялар пайда болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Интеграция – барлық халық үшін игілік!

Мен өз баяндамамды осы орайда айтылған Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзінен бастасам деймін: "Ең алдымен интеграциялық үдеріске қатысуда барлық елдер үшін тәуелсіздік пен саяси егемендік басымдықты мәселе. Ал интеграция жақындасуды талап етеді. Бұған қоса, әуелбастан-ақ оның мәні Қазақстан, Ресей, Беларусь, сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің басқа да елдерінің қарапайым адамдарының мүддесіне шынайы қамқорлық көрсетуге негізделген, -деп елбасымыз атап көрсеткендей еуразиялық идея ешуақытта да шынайылықтан тамыр ажыратпаған болатын.

Бұдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы ММУ-дегі дәрісінде жаңа интеграциялық бірлестіктер ең алдымен экономикадағы елеулі мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс екенін атап өткен болатын. Одан бергідегі уақытта әлем түбегейлі өзгерді, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатерлерімен бірге әлем және адамзат келешегі туралы ой-сананы түбегейлі өзгертетін инновациялық технологиялар пайда болды. Одан басқа, Қазақстан лидерінің пікірінше, шындығында, экономикалық тартылыс орталығы Азияға ығысып келеді, бұл еуропалық және азиялық құрлықтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде Қазақстанға артықшылықтар береді. Елбасымыздың жаһандық инновация және трансұлттық бизнестің жаңа орталығы ретінде ЕАЭО-ның әуел бастан қалыптасу керектігі жөніндегі мазмұнды ойларын маңызды деп санайды. Бұл тұрғыда дәрісте айтылған Еуразиялық инновациялық кеңесін, Бірыңғай еуразиялық телекоммуникация желісін, Минск–Мәскеу–Астана–Алматы бағыты бойынша теміржолын, сондай-ақ «Каспий–Қара теңіз» су арнасы құрылысын салу жөніндегі ұсыныстарының іс жүзінде ерекше мәні бар. Нұрсұлтан Әбішұлы алғаш рет Еуразиялық экономикалық одақ туралы жобасын ұсынған еді. Бүгінде еуразиялық интеграция түсінігі саясаткерлер, экономистер, журналистер, қоғамдық орта белсенді қолданатын брендке айналып отыр. Интеграцияның түпкі мәні – бұл, еліміздің бұдан әрі де сер­пінді дамуы және әлеуметтік-эко­но­микалық қарқынды жаңғы­руы үшін Елбасы айтқан «мүм­кіндіктер терезесін» айқара ашу. Мұндағы басты мүмкіндік – Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеліктің Қазақстан үшін, ең алдымен, өз нарығынан 9 есе үлкен, көлемі 153 миллион адамға шағатын нарыққа қол жеткізуге жол ашатындығында. Бүгінгі таңда «Қазақ­стан – 2050» Страте­гия­сында белгіленген мақсаттарға экономикалық ықпалдасусыз қол жеткізу мүмкін емес.Бізге жаңа үлгілер мен экономикалық дамудың жаңа сатылары керек. Мемлекет басшысы да өз баяндамаларында оған тоқталып, ықпалдасу –біздің жалғыз жолымыз екенін атап өтті. Еуразиялық ықпалдасу – қысқа мерзімдік емес, ұзақ мерзімдік сипаттағы келе­­шек­тің идеясы. Кез келген мемле­кет ықпалдасу идеясын қа­рас­­тыра отырып, нарыққа тең құ­қық­тық мүмкіндік алуды жоспар­лайды, сондай-ақ, біріге отырып эко­номикалық сипаттағы мәселе­лерді шешуді көздейді. Қазақстан, Ресей, Бе­ларусьтің одақ құруға ұмтылысы үзіліп қалған мемлекетаралық өндіріс – экономикалық байланыс­тарды қалпына келтіруге бағытталған. Қазақстан үшін посткеңестік на­рық шикізаттық және шикі­заттық емес бағыттағы тауарларын өткізе алатын жалғыз жақын және түсінікті орын болып табылады. Өз кезегінде Ресей мен Беларусь үшін де қазақстандық нарық әріптестік және сауда-өнеркәсіптік байланысы қалыптасқан таныс мекен.ЕАЭО-ға кіргеннен бастап бірлескен кәсіпорындар құру мен өндіріс кооперациясын күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Еуразиялық одаққа қарай қозғалыс – біздің елдеріміздің жан-жақты табиғи, экономикалық, әлеуметтік ресурстарын оңтайлы үлгіде бірыңғай жүйеге біріктірудің жолы.

Президент Еуразиялық экономикалық одақ дамуының бес басым бағытын көрсетті. Біріншіден, мұнда барлық еу­разиялық кеңістікке арналған ин­новациялық-технологиялық сер­піннің базалық шарттарын құ­ру қажеттігі айтылды. Елбасы Еу­разиялық экономикалық одақтың 2025 жылғы мерзімге шақталған инновациялық, технологиялық бірыңғай даму бағдарламасын жасауды ұсынды. Сонымен бірге, бірнеше бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құру қажеттігі айтылды. Елбасының ойынша, еуразиялық интеграцияның қозғаушы күштері – бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, жаңа жұмыс орындарын аша алатын, ұлттық бюджеттер түсімін арттыратын нақты жобалар болуы керек.

Екінші басымдық ретінде Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігі барлық құрлықтағы алдыңғы қатарлы инфрақұрылымға айналуы қажеттігін атады. Бұл жерде ол бірлескен еуразиялық телекоммуникациялар жүйесін құру, Минск–Мәскеу–Астана–Алматы бағытында жылдам жүретін теміржол магистралін салу, Батыста Еуропаға, Шығыста Қытайға шығаратын барлық қолданыстағы авто және теміржолдарды жаңғырту сияқты алып жобаларды іске асыру идеясын ортаға тастады. Осы басымдық шеңберінде барлық ұлттық экономикаларды газбен біріздендірілген тариф бойынша қамтамасыз ету де ұсынылды.

Үшінші басымдықта Ел­басы еуразиялық интеграция шең­беріндегі шағын және орта бизнесті дамытуды атады. Бұл басымдықта ақпараттық-сараптау және ғылыми-тәжірибелік инфрақұрылымдар құрудың маңыз­дылығы атап өтілді. Осы жерде Елбасы еуразиялық аграрлы ака­демия ұйымдастыру қажеттігін мәлімдей келіп, бұл интеграция ау­мағындағы ғылыми-тәжірибелік әлеуетті ұтымды  пайдалануға мұрсат берер еді, деді.

Төртінші басымдық құ­қық­тық және ұйымдастыру мәсе­лелеріне арналды. Бесінші басымдық - Ол мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелеріне арналды. Мәдени бай­ланыстар да экономикаға түсім әкеле алатын маңызды сег­менттердің бірі. Мәселен, оған әрбір елдің инновациялық дамуына игі ықпалын тигізе алатын білім беру қызметін де жатқызуға болады.

«2050 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестер үшін жоғары меже – бұл  әлемнің ықпалдастық ұйымы көшбасшыларының алғашқы үштігіне ену».

Әрине, ықпалдастық сан қырлы болады. Ал, жалпы ықпалдастықтың табысты болуы оның гуманитарлық бағытына байланысты, яғни ол халықтың әл-ауқатының, мәдени, білім беру салаларындағы байланыстардың, халықтың тарихи мұрасының өсуінен көрініс беруі тиіс.

Біздің білім беру, ғылымда ұзақ жылдардан үзілмей келе жатқан байланысымыз бар. Дегенмен, ынтымақтастық жетілдіруді, жаңа әдіс пен бағдарламалық мақсаттардағы іс-қимылды талап етеді.Мұның барлығы ықпалдастық ресурстарын және беріктік қорын айқындайды.Бұл ретте КАЗИИТУ ғылыми – білім кешені де өз жұмысын үлкен абыроймен атқаруда. Мәселен, түрлі салада Ресеймен біздің ауқымды келісім базамыз бар. Атап айтсақ , қазіргі таңда Москва облысы, Дубна қаласындағы «қоғам ,адам және табиғат халықаралық Университетімен», «Дубна» университетінің жанындағы колледжімен де бірнеше бағытта келісімшарттар жасалды.Байланыстарды кеңейту, бірлескен іс-шаралар өткізу – тәжірибе алмасып, өзара іс-қимыл жасаудың төте жолы бізде де қалыптасуда.Осы орайда Пенза қаласындағы Мемлекеттік университетінде Аналиева А.У.,Саратов қаласындағы _________________ Сабирова Қ.М, аспирантура бөлімінде білімдерін шыңдап жатса, Экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжінің құрамында бүгінгі таңда магистрлар: Хайруллина Г.Б, Кваде Е.А.,Исказиева Ж.М.,Есенгалиев Б.Г.,Акмурзина Г.М.,магистранттардан Жумагалиева Л.Ж, Капулова Г.О.,Алиев А. .,Дарибаева Асем ,Амрешов Нурлан Жангелдиевич,Төлеугалиева Зина Бақытжановна,Журинов Данияр Асқарұлы, Макишева Нелли мұхитқызы, Таспаева Айнұр Аманжолова,Омаров Руслан А. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Самарада өткен «Халықаралық ғылыми конференцияда» бір топ делегация құрамында колледжден магистр Кваде Е.А «Аспекты экономии востребованности развития альтернативной энергетики в Казахстане» атты баяндамасымен және магистрант Капулова Г.О. «Перспективы вступления Казахстана в ВТО »атты баяндамаларымен қатысты.

Сөз соңында кешегі бас қосуда КАЗИТТУ ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы : «Біз-Еуразиялық интерациялық процеске қуанып қана қоймай,сонымен қатар бұл жолда үлкен еңбек етуіміз керек» деп атап көрсеткендей, Табысты және алда болу үшін, білегімізді сы­банып еңбек етуіміз керек және ойлағанымызды іске асыруымыз қажет.

Назарларыңызға рахмет!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12