400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндаманың тақырыбы: Әдебиет сабағында ұлттық өнерді дәріптеу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Əсіресе, сөз мəйегі саналатын мақал-мəтелдерден, фольклорлық шығармалардан алынған қайталанбалы дайын үлгілер, жыраулар мен ақындардың, классик жазушылардың көпшілікке белгілі шығармаларынан, басқа да көркем туындалардан алынған атаулар мен үзінділерді, өлең жолдарын тақырыпат ретінде қолдану бүгінгі журналистер қауымы үшін дəстүрге айналғандай. Қазіргі газети мөтінде қарқындылық категориясы: а) контраст принципі немесе қарама-қайшылықтар қатынасы; ә)тілдік қайталамалар; б) сөз ойнату тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Контрасты — газети мәтінге тосындық, бейстандарттық, бағалауыштық, тіпті жарнамалық сипат беретін зандылық деп тануға болады. Бұл ұғым қазіргі газети мәтінде лексиканың әр алуан қабаттарының араласа жұмсалуын, мындаған кірме сөздердің, логоэпис
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл ауданы Қопа бекетіндегі негізгі орта мектеп КММ































Баяндама







Тақырыбы: Әдебиет сабағында ұлттық өнерді дәріптеу жолдары























  • Пән мұғалімі:





Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі





















2018-2019 оқу жылы

Соңғы жылдардағы қазақ газеттерінде мəтіндерге тақарыпаттар қоюда штамп, стандарт сияқты таптаурындардан бас тартып, бұрыннан белгілі формаларды өзгертіп, түрлендіру, жаңаша үлгіде жасалған қолданыстарға

ұмтылу үрдісі байқалады. Əсіресе, сөз мəйегі саналатын мақал-мəтелдерден, фольклорлық шығармалардан алынған қайталанбалы дайын үлгілер, жыраулар мен ақындардың, классик жазушылардың көпшілікке белгілі шығармаларынан, басқа да көркем туындалардан алынған атаулар мен үзінділерді, өлең жолдарын тақырыпат ретінде қолдану бүгінгі журналистер қауымы үшін дəстүрге айналғандай. Қазіргі газети мөтінде қарқындылық категориясы:

а) контраст принципі немесе қарама-қайшылықтар қатынасы;

ә)тілдік қайталамалар;

б) сөз ойнату тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Контрасты — газети мәтінге тосындық, бейстандарттық, бағалауыштық, тіпті жарнамалық сипат беретін зандылық деп тануға болады. Бұл ұғым қазіргі газети мәтінде лексиканың әр алуан қабаттарының араласа жұмсалуын, мындаған кірме сөздердің, логоэпистемалардың, модальдылық немесе бағалауыштық мөндегі сөздердің, әдеттен тыс, бейнормалық тіркесімдердің, соны синтаксистік конструкциялардың кеңінен қолданылуын қамтиды. Қазіргі баспасөз бетіндегі негізгі контраст "біз — олар" түріндегі оппозициялық күштердің жұбы төңірегінде шоғырланады. Бүгінгі авторлардың өз мақаласының прагматикалық
қүндылығын арттыру мақсатымен ең жиі қолданатын айрықша
стилистикалық тәсілі ретінде
тілдік қайталамалар танылады. Оның
екі түрі — лексикалық жөне синтаксистік қайталамалар — тілдің
кумулятивтік қызметін жүзеге асыратын маңызды тілдік амалдар
болып табылады. Яғни сөзге тың, қосымша мән үстеу, семантикалық
даму (өрістеу, кеңею т.б.) сияқты тілдік құбылыстар қазіргі газети
мәтіндердің прагматикалық әсерін реттеуші маңызды тетіктер болып
саналады.

Публицистикалық мақала тақырыпаттарьшың көркемдік бейнелілігін арттьруда жиі қолданылатьн тәсілдердің бірі - прецедентті мәтіндер. Ю.Н.Карауловтың айтуынша, прецедентті мәтіндерге: «тұлға үшін танымдық және эмоционалды жағынан маңызы бар мәтіндер; тұлғаның айналасьндағы адамдардың бәріне де кеңінен таныс мағлұматтар, тілдік түлғаның дискурсында бірнеше қайтара қолданылатын мәтіндер жатқызылады». Осындай мәтіндер ретінде қазақ баспасөзіндеғі мақала тақырыпаттарында фразеологизмдер, мақал-мэтелдер, ақьш-жазушылардан қалған дәйексөздер және танымал ; жыр-әуендердің, фильмдердің атаулары жиі қолданылады.

Г.К.Ихсангалиева прецедентті мәтіндердің трансформациялану тәсілдерін квантитативтік, квалитативтік және аралас түрлерге бөледі. Бірінші түрінде прецеденттік мәтін кұралымьндағы бір сөйлем басқа сөздермен алмастырылады немесе оған басқа сөз енгізіледі. Квалитативтік тэсіл бойынша, прецеденттік мэтіндегі түтас сөз емес, оның бір I бөлшегі, яғни форма немесе бірлі-жарым эріп өзгертіледі, аралас тэсілде осы аталмыш тэсілдер алма-кезек қолданылады [33]. Қандай тілде болсын, прецеденттер сол ұлттың түсінігінен, мәдениеті мен тарихынан хабар береді. Газет мақаласының авторы қазақ халқына тән ұлттық ерекшелікті басшылыққа алу мақсатымен прецеденттік есімдерді пайдаланады. Жэне ол есімдер оқырман қауымына етене таныс болуы ескеріледі. Мұндай жағдайда прецеденттік есімдер өзінің семантикалық мазмұнына сай оқырманды көзделген ақпаратқа бір табан жақындатады. Сол тақырып аясында автоматты түрде білім қорының шоғырлануына қызмет етеді де адресант интенциясынан хабар береді. Бұл орайда В.А.Маслованың мына пікірі маңызды: «С данным подходом к изучению прецедентных феноменов тесно связано представление о них как единицах, в значительной степени «насыщенных» культурной информацией и национально детерминирующих культурное пространство, способных выполнять «функцию «языка» культуры» [45, 30 б.]. Демек, бүгінгі қазақ басылымдарының көбі ұлттық менталитетті дәріптеуді мақсат етеді, сол себепті мақсатына лайық прецеденттерді таңдап, талғап қолданады. Осы түрғыда «Язык при этом трактуется в качестве выразителя духа народа, особого национального менталитета. Менталитет, в свою очередь, понимается как «национальный способ восприятия и понимания действительности, определяемый совокупностью когнитивных стереотипов нации» [46, 45 б.] Бүған дейін прецеденттік феномендер лингвомэдениеттану мен когнитивтік лингвистика аспектісінде қарастырылып, осы екі ғылымның басын қосқан болатын. Ал бүгінгі басспасөздің прагматикалық бағытта дамуына орай ол прагмалингвистика сында да зерттеле бастады. Біздің бүл ойымыздың бастамасы .В.Красныхтың мына бір пікірінде де айтылады: «Прецедентные феномены интересны лингвистам, работающим в рамках когнитивной парадигмы, прежде всего тем, что данные единицы принадлежат вербальному уровню, а стоящие за ними представления - концептуальному уровню сознания, ибо за любым прецедентным феноменом обнаруживается комплекс лингвистических и феноменологических когнитивных структур» [47. 27б].

Көркем мәтінде қолданылатын ауызекі сөйлеу элементтерін дұрыс аудару және қабылдауға байланысты туындайды. Бір мәдениет өкілі өз тілдік ұжымында қалыптасып орныққан прецедентті феномендерді жақсы білгенімен, өзге тілге қатысты сондай ұғымдардан бейхабар болуы мүмкін. Осымен байланысты өзі үйреніп жүрген тілде жазылған түрлі әдеби-көркем, публицистикалық т.б. мәтіндермен танысу кезінде, қабылдаушы бірқатар кедергілерге тап болуы заңды. Мәселен, «Бандыны қуған Қайырбек» деген мақала атауын оқыған сәтте С.Сейфулиннің әңгімесінен хабардар оқырманның есіне бірден қызыл әскер Хамит түседі. Ал аталмыш шығармадан бейхабар, оны оқымаған, бөгде мәдениет өкілі мәтін авторының айтпақ болған ойын тек мақаламен толық танысқанда ғана түсінеді. Дегенмен Қазақстан Республикасының (2004-2005 жылдардағы) ішкі істер министрі болған Қайырбек Сүлейменовтың қызметіне қатысты бірқатар мәліметтер алған шет ел өкілі (өзге мәдениет өкілі) мақала тақырыпатына жүктелген прагматикалық мағынаны аңғармаған күйде қала бермек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі