Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама"Ойын -бала өмірінің ажырамас бөлігі" бала бақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның атқарар ролі өте жоғары. Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.Ойын – баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып оның қиялын дамытады. Зерттеп қарасаңыз бала ойынында қоғамдық, ұжымдық, сипат болады. Бала ешқашан жалғыз ойнағанды ұнатпайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды және ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүзағаш орта мектеп-бақшасы» КММ

«Еркетай» балабақшасы













Баяндама

Ойын – бала өмірінің ажырамас бөлігі



















Тәрбиеші: Толегенова Ж.Ш.



Бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндеті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу ол – әр бір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста ұлы Абай атамыздың «Ойын ойнап, ән салмай,өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті – ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның атқарар ролі өте жоғары. Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады.Ойын – баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып оның қиялын дамытады. Зерттеп қарасаңыз бала ойынында қоғамдық, ұжымдық, сипат болады. Бала ешқашан жалғыз ойнағанды ұнатпайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды және ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл құбылыс баланың дамуы үшін оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуы үшін ерекше маңызы бар фактор болып саналады. Ойын бала бойындағы түрлі қасиеттерді дамытады десек, оның ақыл-ойының дұрыс дамуының бір белгісі жеткілікті дамыған сөздік қоры.Баланы алдымен дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, сөздердің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету арқылы олардың бір-бірімен ойын үстінде тығыз қарым-қатынас жасауына ықпал етеміз.

Достарымен бірге ойнау баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына әсер етеді. Ойын барысында бала өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін байқата алады, ол өзінің шебер ұйымдастырушы екенін, жігерлі тапқыр екендігін байқатса кейбір бала өз бойындағы менмендік,өкпешілдік, қыңырлық қасиеттерін көріп ұялып ол қасиеттерден арылуға бел буады. Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға,оның жеңісіне ортақтасуға тәрбиелейді.Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың, ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың не екенін түсіне бастайды. Сонымен қатар қазіргі таңда балабақшада кеңінен насихатталып жүрген өзіміздің ұлттық ойындарымыздың алар орны ерекше.

Қазақтың ұлттық ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе мен өз сөзімді орыстың ұлы педагогы В.А.Сухомлинскийдің «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа, үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
2051
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12