Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Баяндама тақырыбы:
«Қазақ әдебиеті кейіпкерлері арқылы "адал азамат – кәсіби маман" бейнесін қалыптастыру жолдары»
Спикер: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Е.Рахметоллаева
Тамыз 2025 жыл
Баяндама тақырыбы: «Қазақ әдебиеті кейіпкерлері арқылы "адал азамат – кәсіби маман" бейнесін қалыптастыру жолдары»
Кіріспе бөлім:
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тек білімді емес, сонымен қатар адамгершілігі жоғары, кәсіби білікті, елжанды азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде қазақ әдебиетінің рөлі ерекше. Қазақ әдебиеті – тек көркем сөз өнері емес, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, отансүйгіштік пен кәсібіне адалдық қасиеттерін сіңіретін ұлы мектеп. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің өмір жолы, мінез-құлқы, ұстанымдары оқушыларға үлгі болып, олардың бойында адалдық, жауапкершілік, кәсібилік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Негізгі бөлім:
Жабырқаған көңілді әлдеқандай өлең, я болмаса сүйікті жазушыңның шығармасындағы аяулы сәт жадыратуы мүмкін. Көңіл-күйіңе сәйкес келгенде, кішкентай кейіпкердің жан дүниесін сен ғана толық түсінетіндей, ол да сенің мұңдасыңа айналып, бір-біріңнен сыр тартқан сырлас болғаныңды жүрек тұсың шым еткенде барып аңғарасың. Сол сәтте әлгі түсініскен кейіпкерің сенің қаһарманың болып шыға келуі мүмкін. Қазақ әдебиетіндегі қаһармандық жүйенің қалай қалыптасқанын анықтаудың өзін бір бойлыққа бағындыру мүмкін емес сияқты. Өйткені, әркімнің талғамы басқа. «Ұлы қаһарман пайда болмай, ұлы әдебиет пайда болмайды» деген тұжырымды да әрқандай мағыналық реңкпен, әрі жалпы контексіне қарай түсінуге болады. Қаһарманымыз міндетті түрде ірі қайраткер, күрескер, абыз, батыр болуы шарт емес сияқты. Бейімбет Майлиннің Күлпәші ашаршылықтың бар қиындығын бастан кешірген сол дәуірдің адамдары үшін қаһарман, адал азаматша болуы заңдылық. Кірпігін қағуға дәрмені жетпей жатқан кішкентай Мақсұттың өмір үшін жанталасқан ішкі арпалысы оны көз алдымызға зорайтып әкеледі. Бастан өтпей толық түсіне алмайтын пенделік әлсіздігіміз де әдебиетіміздегі қаһармандарды толық тануға кедергі емес пе екен?
Өткен шақпен айтсақ, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа өреге шыққан әдебиет, сол кезеңдерде жазылған шығармалар қазақтың рухын суарды. Меніңше, тап осы кезеңдегі әдебиеттегі ұлттық бояуы қанық, астары азаттыққа үндеуге толы көркем туындылар 1986 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске алып келді. Яғни көтеріліске шыққан жастар Есенберлиннің, Мағауиннің тарихи романдары, Төлен Әбдіктің «Тозақ оттары жымыңдайды» повесті, тағы басқа көптеген шығармалардың оқырмандары еді. Әсер етуші жекелеген қаһарман болмағанымен, тұтас әдебиет сол тұстағы қазақ қоғамына әсер ете алды деп ойлаймын. Әр оқырманның сүйікті кейіпкері бар. Оқырман сол кейіпкерлеріне еліктейді, тіпті баласына әдеби кейіпкердің есімін береді. Бұл – жеке жағдай. Ал жалпы қазақ оқырманына күні бүгінге дейін әсер етіп, желпінтіп келе жатқан жырдағы, тарихи романдағы өзге де жанрлардағы батырлар бейнесі, образы. Мысалға, көзі тірісінде аңызға айналған, әдеби кейіпкер болып, тұтас буынға қаһарман болған Бауыржан Момышұлының әдебиеттегі бейнесін де осы қатарға жатқызуға болады. Бұл – қазақ санасының тарихқа қатты тәуелділігінен болса керек. Мәселен, кез келген қазақ баласы өзінің әулет, ата тарихын жақсы көреді әрі өз топырағынан шыққан батырлармен мақтанады, рухтанады. Бұл сананың кері әсері де бар, ол – тайпалық сананы күшейтеді. Осындай қаһарманға сұраныс Тәуелсіздік жылдарында батырлар туралы тарихи шығармаларды сахнаға алып шықты.
Адалдық – әрбір дүниенің бастауы. Құдайға, еліңе, ата-анаңа, ұстаздарыңа, махаббатыңа, достыққа, ең бастысы өзіңе «адал» болу – ұрпағыңа қалатын ең үлкен мұра. Біздің бойымыздағы асыл қасиеттерді тәрбиелейтін құрал – әдебиет. Әдебиет – рухани байлықтың көзі. Рухани бай адам – рухы мықты адам. Ол топтардың, тараптардың айдауына көнбейтін, өз сертінде берік тұратын, өзінің қағидаттарынан бас тартпайтын адам. Әдебиеттегі адалдық бейнесін ашу арқылы оқушы тек кейіпкерді танымайды, өз өмірінде де ұстанымын қалыптастырады.
Адал азамат бейнесін қалыптастырудағы әдеби кейіпкерлердің рөлі:
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелеріндегі кейіпкерлер арқылы еңбекқорлық, адалдық, білімге құштарлық сияқты қасиеттерді оқушыларға сіңіруге болады. Мысалы, 5 сыныптан бастап "Қыпшақ Сейітқұл" , «Атымтай Жомарт», «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімелеріндегі басты кейіпкердің еңбекқорлығы мен табандылығы суреттеледі.
Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларында да адалдық пен адамгершілік мәселелері кеңінен қозғалады. Оның "Қазақ салты", "Қазақ қалпы" сияқты өлеңдерінде ұлттық болмыс пен тәрбие мәселелері көрініс табады.
Кәсіби маман бейнесін қалыптастырудағы әдеби кейіпкерлердің рөлі:Оралхан Бөкейдің "Атау кере" повесіндегі Ерік бейнесі арқылы кәсіби этика мен жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетуге болады. Ерік өз кәсібіне немқұрайлы қарап, ақырында қайғылы жағдайға тап болады.
Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрлық құралдар арқылы кейіпкерлер бейнесін жаңаша талдау мүмкіндіктері өте көп. Қазақ әдебиетінде кейіпкерлер бейнесін талдау дәстүрлі түрде мәтінді оқып, мінездеме беру, образды ашу арқылы жүргізіледі. Ал ЖИ бұл процесті тереңдетеді (мәтіннен жасырын байланыстарды табады), визуализациялайды (сөздік,график, карта түрінде көрсетеді), деректермен дәлелдейді (сөз жиілігі,эмоциялық тон,байланыс желілері) осы арқылы оқушылар бойына кейіпкерлердің жағымды тұстарын ала отырып, мәтінді зерттеуші сияқты талдап,карта, диаграмма, суреттер арқылы есте сақтауларын жеңілдетеді әрі үлкен шығармаларды тез талдауға көмектеседі.
Іс-тәжірибеден мысал: ЖИ
Адалдық ол – тазалық, сенім, парасат, ынсап, ар, ұят, есеп, жауапкершілік. Осы адалдық сөзінің мәнін ашатын ұғымдардың барлығы дерлік Абайдың өнегесінен орын тапқан. Абай қазақ халқына өшпес мұра қылдырған «ірі тұлға». Абайдың танымы мен түсінігі бүкіл қазақ халқының болмысын анық көрсететін көрсеткіш десек, қате айтқанымыз емес. Абайдың жалпы шығармашылығы адал еңбек, таза жүрек, қажымас қайрат, нұрлы ақыл сияқты тақырыптарға негізделеді. Абай «қандай тірлік істесең де адал істе, бос жатпа, кәсіп тап, еңбек ет» дегенді насихаттайды. Абайдың шығармашылығы ол бір – ғылым.
Ал Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясындағы Абай бейнесі – терең білімді, әділ, парасатты тұлғаның үлгісі. Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы оқушыларға кәсіби біліктіліктің маңызын түсіндіруге көмектеседі. Осыдан оқушының түйіндейтіні «адал азамат» тұрғысынан Абай айтқан нәрселері бар адам ғана, ұлтына, еліне, дініне, діліне, қоғамға, өзіне адал қызмет жасай алады. Адамды құртатын, тоздыратұғын нәрсе – өтірік, ұрлық, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық. Абай тіліндегі ұрлық, өтірік ол бүгінгі күндегі – жемқорлық пен көзбояушылық. Адалдық түптеп келгенді кемел тұлға мен мықты қоғамның, рухы берік елдің, тәуелсіз ой мен сананың іргетасы деп білемін осыны жас ұрпақ бойына сіңіру әр ұстаздың міндеті деп есептеймін.
-
Әділетсіздікке қарсы шығуы (Оразбаймен қақтығысы)
-
Халық қамын ойлауы (жастарды оқуға жіберуі)
-
Шындықты айтуда тайсалмауы (би – сұлтандардың әділетсіздігін сынауы)
«Кәсіби маман» тұрғысынан:
-
Білім мен ғылымды насихаттауы(орыс,батыс әдебиетін, шығыс поэзиясын тантуы)
-
Басқару қабілеті (ауыл ісін әділ жүргізуі)
-
Мәдениет пен өнерді дамытуы (ақын,әншілерді қолдауы) осы арқылы Абай бейнесінен адамгершілігін, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін көрсету. Оны халық қамын ойлайтын білімді, көшбасшы тұлға ретінде ашу әр ұстаздың оқушы бойына адал азамат болып шығуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Сабақ тақырыбы: 10 сынып "Абай жолы" романындағы Абай бейнесі
Мақсаты: Оқушыларға Абайдың тұлғалық қасиеттерін таныстыру арқылы адалдық пен кәсібилік ұғымдарын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, пікірталас, эссе жазу.
Нәтиже: Оқушылар Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы арқылы адалдық пен кәсібилік ұғымдарының маңызын түсінеді.
Қорытынды бөлім:
Қазақ әдебиетіндегі кейіпкерлердің өмір жолы мен мінез-құлқы оқушыларға адалдық, жауапкершілік, кәсібилік сияқты қасиеттерді үйретуде маңызды құрал болып табылады. Әдеби шығармаларды оқу арқылы оқушылар тек тіл байлығын ғана емес, сонымен қатар өмірлік маңызды құндылықтарды да меңгереді. Сондықтан, әдебиет сабақтарында кейіпкерлердің бейнесін талдау арқылы "адал азамат – кәсіби маман" бейнесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама«Қазақ әдебиеті кейіпкерлері арқылы "адал азамат – кәсіби маман" бейнесін қалыптастыру жолдары»

шағым қалдыра аласыз