Материалдар / Баяндама"ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ «ӘКЕ МЕН БАЛА»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама"ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЖӘНЕ «ӘКЕ МЕН БАЛА»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама ұлы ағартушы ғалым, педагог Ы. Алтынсариннің шығармаларының қазіргі жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні және әке мен бала образы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
1330
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

ЖӘНЕ «ӘКЕ МЕН БАЛА» ТАҚЫРЫБЫ

Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын прозашы, қазақ тарихының жанашыры ретінде кеңінен мәлім.

Ұлы педагог-ағартушы, ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсариннің әрбір еңбегі қазіргі ұрпақтар үшін тәрбиелік мәні өте зор. Бұрынғы ұрпақтан, қазіргі ұрпаққа дейін үлгі болып жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін жеткен әрбір шығармасының тәрбиелік мәнінің мазмұны әлі де қолданыста.

Ұлы ұстаздың ұрпағына қалдырған құндылықтары ұшан-теңіз.Бар болғаны жарты ғасыр өмір сүрсе де, артында қалған еңбектері зерттеліп, өңделіп халқының керегіне жарауда. Осы күнге жеткен, әр мектептің әнұранындай болған «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін білмейтін қазақ баласы жоқ шығар.
«Біз болмасақ, сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы, асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.
Ыбырай Алтынсарин салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының әрбір білім ордаларында жалғасын табуда.
Мен баяндамамды осы тақырыпта алудағы негізгі мақсатым- қазіргі қоғамдағы әке рөлінің алатын орны, әке мен бала қарым-қатынасын үлгі ретінде көрсету. Сондықтан, Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесін талдай отырып, балалар үшін әке тәрбиесінің қаншалықты маңыздылығын айшықтау болып келеді.

Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.

Ы. Алтынсариннің өзекті, тәрбиелік мәні зор шығармаларының бірі- « Әке мен Бала». Бұл шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен . Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - деді». 
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып», бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдылануды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.

Әрине, бұл шығармасының негізгі тақырыбы- жастарды еңбекқорлыққа шақыру, жалқаулықтан аулақ болуға үгіттеу болғанымен, мында айта кететін өте бір керемет дүние әкенің баласын еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі ерекше тәсілі. Баласы еңкейіп алуға ерінген тағаны өзі тіл қатпастан еңкейіп алып, үндемей, тіл қатпай жүріп оны сатып ақша қылып, сосын баланы қызықтыру үшін, әдейілеп шие сатып алуында да үлкен мән бар еді. Ол шиелерді тастаған сайын баласының еңкейіп алатынын біліп тұрады. Бұл жерде

«сөзбен емес, ісіңмен дәлелде », дегендей әкесі өзінің іс-әрекеті арқылы ұлына үлгі көрсетіп отыр. « Әке көрген оқ жонады» дегендей, бала әкесінен көргенін міндетті түрде жасайтыны белгілі.

Бұл шығармадағы әке бейнесі салмақты, сабырлы, еңбекқор және өте ақылды адам ретінде бейнеленген. Қазіргі кезде баланы былай тұрсын, өзінің әкелік міндетін білмейтін, әкеге тән қасиеттер бойынан табылмайтын, әке жауапкершілігін сезіне білмейтін адамдарға өте жақсы үлгі болар еді. Шығарманы оқып отырып, көз алдыңа асқар таудай нағыз еңбекқор, ақылды әкенің бейнесін айқын елестете аласың.

Ал, бала бейнесіне тоқталатын болсам, енді ғана қалыптасып, өмірге өзінше көзқарасы бар аңғал бала. Өзінше намысы бар, әкесі «жердегі тағаны еңкейіп ала сал» дегенде, еріншектіктен гөрі тат басқан тағаны көтеріп алғанға намыстанған болу керек. Ал, кейін әкесі шие тастаған кезде қызыққананнан қалай алып жегенін өзі де білмей қалды. Бұл әр балаға тән нәрсе. Әкесі солай істейтінін алдын-ала білді. Оған ақыл айту үшін артына шие тастап, баласын сынады. Және сол сәтті пайдаланып баласына жөн сілтеді. Ұлы ағартушының бұл шығармасы өте қарапайым, түсінікті тілмен жазылған.

Бұл әңгімеде қозғалған тақырыптарды барлық шығармаларынан көре аламыз. Өйткені Ы. Алтынсариннің басты мақсаты- балаларға арнап өнегелі дүниелер қалдыру болды.

Біріншіден,Ұлы ағартушы орыс-қазақ мектептеріне тек орыс тілін ғана оқыйтын, оқу, жазуды ғана үйрететін мектептер деп қарауға болмайтынын ескертіп, ол мектептерден оқушыларды, тазалыққа дағдыланатын, әрнәрсеге де дұрыс ақыл-оймен қарай білетін етіп шығару керектігін айтқан болатын.

Екіншіден, казақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп қарады

Үшіншіден, Ыбырай Алтынсариннің бала тәрбиесіне қатысты ұлы ағартушылық идеясы оның көркем шығармаларында да, ғылми мақалаларында көрініс тапты. Ол өзінің әңгімелері арқылы қазақ балаларының заманына лайықты озық азаматтық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. Оның бұл педагогикалық қағидалары күні бүгінге дейін бала тәрбиесіндегі маңызын жойған жоқ.

Ыбырай Алтынсарин көркем шығармаларын жұртшылыққа түсінікті тілде жазды. Оның шығармаларында халықтың көркем сөздіктері қорытылып, біркелкі қалыпқа түсірілді.

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағынасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін, тәрбиелік рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды.

Ұлы ағартушының шығармаларына тән нәрсе – еңбекқорлыққа, Отанын сүюге, білімді болуға, шыншыл әділетті болып өсуге баулитын тәрбие мәселесі.

Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұраларын мектеп оқушыларына насихаттауымыз керек. Ол үшін бастауыш мектептердегі сыныптан тыс жұмыстарға Ы.Алтынсариннің тәрбиелік маңызы зор әңгімелерін оқытуды жоспарлы түрде енгізу қажет. Сондай-ақ ағылшын тілі мұғалімі ретінде ұлы ағартушының қысқа әңгімелері ағылшын тіліне аударылып, оқулықтарға енгізілсе, өте тамаша болар еді.

Автор өзінің әңгімелерінде ұлттық сана мен мәдениетін, қазақтың дәстүрлі ұлттық салтымен келбетін сақтап одан әрі дамуын біліммен байланыстырды. Қазақ халқының өзге ұлттан кем болмауын көздеді, соны дәріптеді, өз халқының прогрестік жолы оқу білімде, деп білді. Ұлы ағартушының әдеби шығармаларында көрініс тапқан ағартушылық идеяларының тәрбиелік рөлі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.

Баяндаманы қорытындылай келіп, Ыбырай Алтынсариннің: «Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз» – деген ұлағатты сөзімен аяқтауды жөн көрдік 







Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы

2 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі

пәні мұғалімі Азамат Раушангул

педагог-сарапшы































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ыбырай Алтынсарин. Шығармалар жинағы. – Алматы:1955. – 413 б.

  2. «Ыбырай Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. Қостанай, 2011. – 227 б.

  3. https://u-s.kz/publ/6378-y-altynsarinn-gmelern-trbielk-mn.html

  4. https://bankreferatov.kz/sochineniya/57-sochi-na-kazakskom/7968-altynsarin-angimele





 




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!