Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама:Зат есім және оның жасалу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған қысқаша түсіндірме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зат есім және зат есімнің жасалуы

Зат есім дегеніміз-заттың атын білдіретін сөздер. Мысалы:алма,ана,парта,арыстан.

Зат есімнің сұрақтары: Кім?не?(жекеше түрде)

Мысалы:Айша (кім?),мұғалім (кім?)

Оқулық(не?),Қарға(не?)

Кімдер?Нелер?(көпше түрде)

Оқушылар (кімдер), қарындаштар(нелер?)

Жануарлар (нелер?)

Кім?Кімдер?-сұрағы тек адамдарға қатысты болған жағдайда қолданылады.

Не?Нелер?-жан-жануарларға немесе заттарға қатысты барлық жағдайда қолданылады.

Зат есім сөйлем ішінде – Бастауыш қызметінде болады.

Зат есімнің түрлері

- Тұлғасына қарай: Негізгі зат есім және туынды зат есім болып екіге бөлінеді.

Негізгі зат есім дегеніміз-бөлшектеуге келмейтін түбір сөздігі зат есім. Мысалы: у, ат, ант, бата, құдық.

Туынды зат есім дегеніміз- Зат есімге және басқа сөз таптарынан жұрнақ жалғануы арқылы жасалатын зат есім. Мысалы: біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл.

- Құрамына қарай: дара және күрделі зат есімдер болып бөлінеді.

Дара зат есім дегеніміз - бір ғана түбірден жасалатын зат есімдер. Мысалы: от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.

Күрделі зат есім дегеніміз - кемінде 2 сөзден құралдарын зат есімдер. Мысалы: кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ

- Жалпылай немесе жекелей атауына қарай: жалпы және жалқы зат есімдер болып екіге бөлінді.

Жалпы есім дегеніміз -   Біртектес заттардың жалпы атауы:

Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Мысалы: кісі, өзен, тау.

Жалқы есім - Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атауы.

Жалқы есімдер сөйлем ішінде бас әріппен жазылады.

Мысалы: Асан, Ертіс, Алатау.

-Мағынасына қарай: деректі және дерексіз зат есімдер болып екіге бөлінеді.

Деректі зат есім - қолмен ұстап, көзбен көруге болатын, нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар: мектеп, қағаз, ағаш, қалам, т. б.

Дерексіз зат есім - Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс,, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2021
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі