Тарихты
білмей – өткенді,
қазіргі
жағдайды білу,
келешекті
болжау қиын.
(Әбу
Насыр әл-Фараби)
Армысыз,құрметті
«Аққайың» аудан газетінің баспасөз
қызметкерлері. Аты-жөнім – Кәрім
Нұрсұлтан. Мен Рублевка орта мектебінің
7-сынып оқушысымын. Соңғы ек-үш жылдың
ішінде елімізде түңғыш президентіміздің
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламасы барша қазақстандықтармен
талқыланып, жүзеге асты деп те айтуға
болады. Ол үшін көптеген іс-шаралар
барлық өңірлерде өткізіліп жатыр. Бірақ
мен үшін (Өлкетану) «Өзінің Кіші Отанының
салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын
құрметтейтін белсенді азаматтық ұстанымы
бар Қазақстанның жандануы барысындағы
істерге қатысуға дайын патриот тұлғаны
тәрбиелеу» бағыты осы зерттеулік
жұмысыма кірісуге септігін тигізді.
Бұл жұмыспен басында бастауыш сыныптарда
оқып жүргенде сынып жетекшім Закирина
Нұрбике Әбуталіпқызымен «Жеті ата»
атты жобаны бастадым. Мұнда мен тек
өзімнің әулетімнің шежіресін зерттедім.
Ал орта буынға көшкелі «Баянды шежіресі
– ел шежіресі» атты жобамды зерттеуге
жалғастырдым. Яғни жұмысымды күрделенуге
кірістім. Сынып жетекшім, қазақ тілі
пәні мұғалімі – Шарипов Қайрат Кәрімұлы.
Осы жұмыста түгел Баянды ауылының
тұрғындары жайлы мәліметтер зерттеліп,
көптеген жұмыстар жүргізілді.
Рухани
жаңғыру - елдік, азаматтық патриотизм
мәселелерін бала санасына сіңіру керек,
осы бастан үйрете беру қажет. Бізге
мұның бәрі керек, ел болып тұруымыз
үшін, ұлттық бірегейлігімізді сақтауымыз
үшін керек. Кез келген келешек еліміздің
азаматы қазіргі заман талабына сай
жаңашыл, білімді, жан-жақты болуы тиіс.
Сол себепті, рухани жан – дуниеңді
түсінетін адамның бірі – ұстаз. Елбасы
мақаласында : «Қоғамның рухани жаңғыруына
халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті
негіз болуы тиіс» - делінген. Расында,
дүниетанымың неғұрлым кең болса, соғұрлым
заман талабына сай дамуға мүмкіндігің
зор болмақ. Елбасы мақаласының түпқазығы,
басты мұраты - барша қазақстандықтарды
сан ғасырлар бойы ата-баба армандаған
кемел келешекке жеткізу. Бұл жолда
жылдар бойы айнымас серігімізге айналған
қасиеттер - достық, ынтымақ аса қажет.
Елбасының
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасында айқын көрсетілген
мақсат пен міндеттерге жауапкершілікпен
қарауы қажет. Жаһандану заманында латын
әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға
жылжуына, жаңа заман талабына сай
өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің
жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып,
жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз
латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті
елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі
дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ
тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде
сөздер қолданысындағы артық кірме
сөздерден арыламыз.
Ал
зертеуге қолданылған құжаттар арғы
атам Шәріп араб қарпінде жазған шежіресі,
одан Кәрім атам кириллицада жазған
қолжазбалары негізгі деректер болды.
Ал
мен осы барлық жұмыстарымды латын
қарпінде жазуға бар күш-жігерімді
саламын.