Бауыржан Момышұлы ҚМЖ+Жасанды интеллект Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бауыржан Момышұлы ҚМЖ+Жасанды интеллект Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы ҚМЖ+Жасанды интеллект Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:


Бөлім:

5-бөлім: Тарихи тұлғалар. Лексика

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

13.12.2024

Сыныбы:

6

Сабақтың тақырыбы:

Бауыржан Момышұлы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;

6.3.1.1 - әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;


Сабақтың мақсаты:

Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбы мен мазмұнын салыстыруды үйренеді.

Ауызекі және ресми стильдердегі мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін анықтайды.

Әңгіме жанрдағы мәтін үшін қарапайым жоспар құрады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ой шақыру. «Бұл кім туралы?»

ЖИ арқылы Бауыржан Момышұлының өмірінен қызықты деректер көрсетіледі.

Мұғалімнің сұрағы:

  • Кім туралы айтылды?

  • Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі туралы видеодан қандай маңызды мәліметтер алдыңыз?

  • Видеода Бауыржан Момышұлының қандай қасиеттері ерекше көрсетілді?

  • Бауыржан Момышұлы мен басқа тарихи тұлғалардың (мысалы, сіздің атаңыздың) ерліктерінде қандай ұқсастықтар бар?

  • Бауыржан Момышұлының ерліктері қазіргі заман жастарына қандай үлгі береді?

  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы

Сабақта үйренетін мақсаттар:

Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбы мен мазмұнын салыстыруды үйрену, мәтіндердің тілдік ерекшеліктерін анықтау, қарапайым жоспар құру.

Балалар, аптаның цитатасы: "Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді". «Мәскеу шайқасында батырлардың ынтымағы жеңіске жетеледі. Бұл Бауыржан Момышұлының ерлігінде көрініс тапты». Сол сияқты сіздер де «Ынтымақты жұмыс жасаған топ ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді» деген ережені ұстаныңыздар.

Амандасады.

Сұрақтарға оқушылар өз ойларын айтып, талқылап, тақырыпты өздері ашады.

Бүгінгі сабақ тақырыбы және мақсатымен танысады.

Топқа бөлу. Оқушылар құндылықтардың атауы жазылған карточканы таңдайды. Таңдаған карточкалары бойынша оқушылар сәйкес құндылықтың тобына жиналады.

1-топ «Батырлық»

2-топ «Ерлік»

3-топ «Адалдық»

4-топ "Еңбекқорлық" деп аталады.

Құндылықтарды таныстырады:

Топтар құндылықтың мағынасын қысқаша түсіндіріп, мысал келтіреді..

Батырлық – қиындықтан қорықпау, ержүректілік.

Ерлік – елге пайда әкелетін ерекше әрекет.

Адалдық – шыншылдық, әділеттілік.

Еңбекқорлық – қажырлы еңбектің үлгісі.

Мадақтау

Жарайсың!

Өте жақсы!








Слайд

Карточка

Видео жасанды интеллект















Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

7 минут


1-тапсырма. Топтық жұмыс. Сәйкестендіру әдісі. Мәтінді оқы. Берілген сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендір.

1-топ. Берілген сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның жеке қасиеттерін сипаттаса, екіншісі оның өмірлік ұстанымдарын бейнелейді.

Сөйлемдер

Жеке қасиеттері

Өмірлік ұстанымдары

Өзінің алып жүрегімен бай болатын.



Қара қылды қақ жарған шыншылдығымен ерекшеленді.



Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен бай болатын.



Әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді.



Мансапқорлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.




2-топ. Төменде берілген сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның өнерге қатысты қасиеттерін, екінші баған оның айтқан даналық сөздерін қамтиды.

Сөйлемдер

Өнерге қатысты қасиеттері

Даналық сөздері

1.Атам суретті жақсы салатын.



2.Оның автопортретінің бірнеше түрі бар.



3.«Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің».



4.Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз.



5.«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».



6. Эскиз, сюжетті суреттері де жоғары бағалауға лайық.



3-топ. Төмендегі сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның адамгершілік қасиеттерін, екінші баған оның ерлігі мен шығармашылық жетістіктерін қамтиды.

Сөйлемдер

Адамгершілік қасиеттері

Ерлігі мен шығармашылық жетістіктері

Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін.



Атам соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын.



Атам Ұлы Отан соғысында ерліктің отты тұлпарымен даңққа жетті.



Қаруын қаламға айырбастап, әдеби шығармаларымен биікке көтерілді.




4-топ. Төмендегі сөйлемдерді тиісті бағандарға сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның мұрасы мен рухани әсерін, екінші баған отбасындағы дәстүрлерді сипаттайды.

Сөйлемдер

Атаның мұрасы мен рухани әсері

Отбасындағы дәстүрлер

Атамның өзі де, сөзі де арамызда.



«Артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де».



Әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді.



Ырым әлі жалғасып жатыр.




Талқылау сұрағы:

Мәтін не туралы?

Мәтін қай стильде берілген?

Ауызекі стильінің тілдік ерекшелігін атап берші.

Дескриптор

Сөйлемдерді сәйкестендіреді

1

Талқылауға қатысады

1

Барлығы

2


Мәтінді оқиды. Сұраққа жауап береді.

Жауаптары:

1-топ

Жеке қасиеттері:

Өзінің алып жүрегімен бай болатын.

Қара қылды қақ жарған шыншылдығымен ерекшеленді.

Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен бай болатын.

Өмірлік ұстанымдары:

Әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді.

Мансапқорлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.

2-топ

Өнерге қатысты қасиеттері:

Атам суретті жақсы салатын.

Оның автопортретінің бірнеше түрі бар.

Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз.

Эскиз, сюжетті суреттері де жоғары бағалауға лайық.

Даналық сөздері:

«Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің».

«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».

3-топ

Адамгершілік қасиеттері:

Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін.

Атам соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын.

Ерлігі мен шығармашылық жетістіктері:

Атам Ұлы Отан соғысында ерліктің отты тұлпарымен даңққа жетті.

Қаруын қаламға айырбастап, әдеби шығармаларымен биікке көтерілді.

4-топ

Атаның мұрасы мен рухани әсері:

Атамның өзі де, сөзі де арамызда.

«Артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де».

Отбасындағы дәстүрлер:

Әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді.

Ырым әлі жалғасып жатыр.






Мәтін Бауыржан Момышұлының өмірі мен бойындағы қасиеттері туралы

Ауызекі стильде жазылған.

Ауызекі стильде қарапайым, бейресми сөздер қолданылады

Сәйкес\Сәйкес емес әдісі арқылы таптар бірін-бірі бағалайды.

кесте


5 минут

2-тапсырма. Жеке жұмыс. Айырмасын тап! Әдісі. Ауызекі және ресми стильдегі сөйлемдерді ажыратыңдар.

1. Ауызекі стиль:

«Біздің атамыз керемет суретші еді, дәптерлерінің әр бетінде суреттер толып тұратын. Суреттері сондай әдемі, кейде өзі салған бейнелерге қарап, таңданатынбыз. Ол кісі домбыраны да ерекше жақсы көретін, үнемі: "Домбыра – қазақтың қасиеті, өзің тартпасаң да, қадірлей біл!" – деп айтатын. Атам әр нәрсенің әдемілігін көре білетін адам еді».

2. Ресми стиль:

«Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерен ерлігімен даңққа жеткен жауынгер болатын. Әскери өмірден кейін ол қаруын қаламға айырбастап, әдебиетке айрықша үлес қосты. Оның шығармалары халық қорына қосылған қазына іспетті. Атам тек соғыс ардагері ғана емес, шебер суретші ретінде де танымал еді. Оның суреттері мен әдеби мұралары бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылады».

Талқылау сұрағы:

  1. Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің қандай басты айырмашылықтарын байқадың?

  2. Қай стиль күнделікті өмірде жиі қолданылады және неге?

  3. Дескриптор

Ауызекі стильдегі сөйлемді таба алады

1

Ресми стильдегі сөйлемді таба алады

1

Сұраққа жауап береді

2

Барлығы

4


Оқушылар екі стильді ажырату үшін платформадағы тапсырманы орындайды.

Сұраққа жауап береді.



Ауызекі стильде қарапайым, бейресми сөздер қолданылады. Мысалы: "Атам керемет суретші еді", "Дәптерінде суреттер толып тұратын".

Ресми стильде нақты, ресми сөздер қолданылады, сөйлемдер құрылысы күрделірек болады. Мысалы: "Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерліктің отты тұлпарымен даңққа жетті".


Дұрыс\Бұрысемес әдісі арқылы таптар бірін-бірі бағалайды.

https://learningapps.org/watch?v=p9er2d7c524

6 минут


3-тапсырма. Жұппен жұмыс. Жасырын сөзді тап! Әдісі. Берілген сөйлемдерді толықтыр.

Атамның әділет пен шындыққа адалдығы ұрпаққа үлгі болып қалады.

Оның інжу-меруерт сөздері ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде сақталады.

Атамның сурет салудағы шеберлігі автопортреттер мен сюжетті суреттер арқылы көрініс тапқан.

Ол ана тілін құрметтеп, домбыраны қазақтың қасиетті мұрасы деп бағалаған.

Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді жоғары бағалап, шыншылдық пен әділдікке мән беретін.

Ұлы Отан соғысында ерлігімен танылған атам, бейбіт өмірде қаламгерлікпен ел руханиятына үлес қосты.

Атамның даналығы мен өнегелі сөздері ұрпақ жадында мәңгі сақталып, өмірімізге рухани азық болып келеді.

Оның қалдырған ізі мен тәрбиелік мұрасы арқылы үйіміз әлі де берекелі орынға айналған.

Сұрақ: Мәтін қандай жанрда берілген?

Жұппен жасырын сөздерді табады. Берілген сөйлемдерді толықтырып, платформада орындайды..

Мәтін әңгіме жанрында берілген.

«Оңай\қиын» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

https://learningapps.org/watch?v=p72k0wfot24

Picture 3

7 минут


4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Негізгі ойды анықта.

Үзіндіден негізгі ойды тауып жаз.

Негізгі ойлар:

  1. Атамның алып жүрегі, шыншылдығы және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздері оны шексіз бай адам етті.

  2. Ол мансапқорлыққа, екіжүзділікке және тоғышарлыққа қарсы тұрып, әділеттің алмас қылышындай танылды.

  3. Атам ана тілін білу – міндет, ал домбыраны қадірлеу – ұлттық құндылық деп санады.

  4. Атамның өнері мен айтқан даналық сөздері ұрпаққа баға жетпес мұра болып қалды.

  5. Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре біліп, оларды өзінің жетістігінен жоғары бағалайтын.

  6. Соғыстан кейін атам қаламгерлікпен айналысып, әдеби шығармаларымен халық қазынасына үлес қосты.

  7. Атамның тәрбиесі мен даналығының әсерінен үйімізден қонақ үзілмей, дәстүр жалғасып келеді.

  8. Атамнан қалған жақсы әдет-ғұрыптар мен рухани ұстанымдар ұрпақтар арқылы жалғасын табуда.

Талқылау сұрағы:

"Үзіндідегі негізгі ойды қалай анықтадың және бұл ой мәтіннің жалпы мазмұнымен қалай байланысты?"

Дескриптор

Негізгі ойды анықтайды

1

Жинақтап жазады

1

Барлығы

2



Жауабы:

  1. Атамның рухани байлығы

  2. Қоғамдық құндылықтарды қорғауы

  3. Тіл мен домбыраға құрметі

  4. Мұралық мәні

  5. Адамгершілік қасиеті

  6. Шығармашылық жетістіктері

  7. Отбасылық дәстүр

  8. Ырымның жалғасы

















Негізгі ойды мәтіндегі маңызды сөздер мен сөйлемдерге сүйеніп анықтадым. Бұл ой мәтіннің жалпы мазмұнын толықтырып, оның негізгі идеясын ашады.


Оңай болды\қиын болды әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

https://learningapps.org/view32001259

Picture 2

5 минут


5-тапсырма. Жеке жұмыс. "Мазмұнды бөлікке бөлу" әдісі. Мәтін бөліктерінен жоспар құрастыр.

Дескриптор

Мәтін бөлігін біледі

1

Жоспар құрады

1

Барлығы

2


Жоспар:

  1. Атамның қасиеттері

  2. Сурет салудағы шеберлігі.

  3. Ана тілі мен домбыраға құрметі

  4. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі.

  5. Атамның өнегелі ізі мен жалғасқан дәстүрі.

Оңай болды\қиын болды әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

дәптер

5 минут

Бекіту кезеңі. "5 сөзбен түйіндеу" әдісі.

Мәтін мазмұнын 5 маңызды сөзбен сипаттап бер. Бұл мұра бізге қандай жауапкершілік жүктейді?»


Дескриптор

5 маңызды сөзбен сипаттайды

1

Тақырыпты қорытады

1

Барлығы

2



Жауап:

Атам, әділет, шындық, ерлік, мұра.

Оқушы өзін бағалайды


слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс «Білім шыңы» әдісі. Бүгінгі алған білімін шыңға орналастыру арқылы дәлелдейді. Неліктен ол жерде екеніне тоқталып өтеді.

Оқушыларды бағалау

Бүгінгі сабақтағы жалпы балл саны-10


Үй тапсырмасы


Бүгінгі білімдерін, не үйренгендерін тұжырымдайды.


Білім шыңы

Слайд



Ресурстар



Ой шақыру. «Бұл кім туралы?» Жасанды интеллект арқылы ақпарат беру.

Менің атам Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери жауынгер еді. Ол желтоқсан айының 24 күні туған. Қыстың әбден қаһарына мініп тұратын шағында туған оның өміріне да аса ықпалы болған. Жайшылықта сабырлы, ал майданда аса қатал болған деседі. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» . Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. Екі жыл бастауыш мектепте сабақ берген. Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты атам әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941інші жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді. Қанқұйлы соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақ болған. Біріншісі – менің атам, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.










Топқа бөлу


Батырлық


Батырлық

Батырлық

Батырлық

Батырлық

Ерлік

Ерлік

Ерлік

Ерлік

Ерлік

Адалдық

Адалдық

Адалдық

Адалдық

Адалдық

Еңбекқорлық

Еңбекқорлық

Еңбекқорлық

Еңбекқорлық

Еңбекқорлық

Батырлық


Ерлік

Адалдық

Ерлік

Еңбекқорлық















Батырлық – қиындықтан қорықпау, ержүректілік.

Ерлік – елге пайда әкелетін ерекше әрекет.

Адалдық – шыншылдық, әділеттілік.

Еңбекқорлық – қажырлы еңбектің үлгісі.






1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Иә, атам шексіз бай адам! Өзінің алып жүрегімен, қара қылды қақ жарған шыншылдығымен, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен, қайталанбас қайшылықты өмірімен бай болатын. Атамның әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Мансапқорлық, екіжүзділік, тоғышар көлгірліктерге қарсы ұстанар әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.


Атам суреттті жақсы салатын, өзінің автопортретінің бірнеше түрі бар, бәрі тамаша шыққан. Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз. Оны былай қойғанда эскиз, сюжетті суреттері де біршама, маман суретшілердің өздері көңіл бөлуге тұрарлық дүниелер.

Атамның ана тілі, домбыра жайында мынадай айтқаны бар: «Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің. Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».


Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін, соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын. Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерліктің отты тұлпарымен даңқтың шыңына шықты. Кейін қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда, халық қорына қосылатын әдеби шығармаларымен өз биігіне тағы көтерілді.


Қазір арамызда атам жоқ, бірақ «артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де» дегендей, атамның өзі де, сөзі де арамызда. Сондықтан болар әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді. Ырым әлі жалғасып жатыр.


(З. Ахметова. «Шуақты күндер» кітабынан)




Мәтін

Иә, атам шексіз бай адам! Өзінің алып жүрегімен, қара қылды қақ жарған шыншылдығымен, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен, қайталанбас қайшылықты өмірімен бай болатын. Атамның әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Мансапқорлық, екіжүзділік, тоғышар көлгірліктерге қарсы ұстанар әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.

Атам суреттті жақсы салатын, өзінің автопортретінің бірнеше түрі бар, бәрі тамаша шыққан. Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз. Оны былай қойғанда эскиз, сюжетті суреттері де біршама, маман суретшілердің өздері көңіл бөлуге тұрарлық дүниелер.

Атамның ана тілі, домбыра жайында мынадай айтқаны бар: «Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің. Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».

Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін, соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын. Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерліктің отты тұлпарымен даңқтың шыңына шықты. Кейін қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда, халық қорына қосылатын әдеби шығармаларымен өз биігіне тағы көтерілді.

Қазір арамызда атам жоқ, бірақ «артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де» дегендей, атамның өзі де, сөзі де арамызда. Сондықтан болар әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді. Ырым әлі жалғасып жатыр.


(З. Ахметова. «Шуақты күндер» кітабынан)



















1-топ. Берілген сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның жеке қасиеттерін сипаттаса, екіншісі оның өмірлік ұстанымдарын бейнелейді.

Сөйлемдер

Жеке қасиеттері

Өмірлік ұстанымдары

Өзінің алып жүрегімен бай болатын.



Қара қылды қақ жарған шыншылдығымен ерекшеленді.



Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен бай болатын.



Әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді.



Мансапқорлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.



2-топ. Төменде берілген сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның өнерге қатысты қасиеттерін, екінші баған оның айтқан даналық сөздерін қамтиды.

Сөйлемдер

Өнерге қатысты қасиеттері

Даналық сөздері

1.Атам суретті жақсы салатын.



2.Оның автопортретінің бірнеше түрі бар.



3.«Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің».



4.Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз.



5.«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».



6. Эскиз, сюжетті суреттері де жоғары бағалауға лайық.



3-топ Төмендегі сөйлемдерді тиісті бағандармен сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның адамгершілік қасиеттерін, екінші баған оның ерлігі мен шығармашылық жетістіктерін қамтиды.

Сөйлемдер

Адамгершілік қасиеттері

Ерлігі мен шығармашылық жетістіктері

Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін.



Атам соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын.



Атам Ұлы Отан соғысында ерліктің отты тұлпарымен даңққа жетті.



Қаруын қаламға айырбастап, әдеби шығармаларымен биікке көтерілді.



4-топ

Төмендегі сөйлемдерді тиісті бағандарға сәйкестендіріңіз. Бір баған атаның мұрасы мен рухани әсерін, екінші баған отбасындағы дәстүрлерді сипаттайды.

Сөйлемдер

Атаның мұрасы мен рухани әсері

Отбасындағы дәстүрлер

Атамның өзі де, сөзі де арамызда.



«Артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де».



Әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді.



Ырым әлі жалғасып жатыр.




Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндер:

1. Ауызекі стиль:

«Біздің атамыз керемет суретші еді, дәптерлерінің әр бетінде суреттер толып тұратын. Суреттері сондай әдемі, кейде өзі салған бейнелерге қарап, таңданатынбыз. Ол кісі домбыраны да ерекше жақсы көретін, үнемі: "Домбыра – қазақтың қасиеті, өзің тартпасаң да, қадірлей біл!" – деп айтатын. Атам әр нәрсенің әдемілігін көре білетін адам еді».

2. Ресми стиль:

«Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерен ерлігімен даңққа жеткен жауынгер болатын. Әскери өмірден кейін ол қаруын қаламға айырбастап, әдебиетке айрықша үлес қосты. Оның шығармалары халық қорына қосылған қазына іспетті. Атам тек соғыс ардагері ғана емес, шебер суретші ретінде де танымал еді. Оның суреттері мен әдеби мұралары бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылады».































Shape1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2025
213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі