«Бауыржантану»
курсы бойынша
Алматы
қаласы Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-
лицей
Сыныбы:
6-сынып Қазақ тілі, әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Аманова Ж. Д.
Сабақтың
тақырыбы: Бауыржан Момышұлының «Ана
тілін ардақта» өлеңі
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Халқымыздың
қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының
өмірі, шығармашылығымен таныстыра
отырып, «Ана тілін ардақта» өлеңінің
мәні мен мазмұнын ашуға тырысу.
Дамытушылық:
Б. Момышұлының еңбектерін, ерліктерін
оқыту арқылы ой - өрісін, сөйлеу мәнерін,
көзқарасын қалыптастыру, білім – білік
дағдыларын дамыту, ізденіс жұмыстарына
үйрету.
Тәрбиелік:
Ана сүтімен келген тілді қадірлеу, шыбын
жаны шырқырай қорғай білуге, Отансүйгіштікке,
ерлікке, елжандылыққа, Отанын қорғай
білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Бауыржан Момышұлының жазған кітаптары,
батыр туралы жазылған естеліктер,
дәйексөздер, қанатты сөздер.
Сабақтың
дәйексөзі:
«Тіл тағдыры− ел тағдыры, ана тілі, сөз
құдіреті»
«Анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту−бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»(Б.
Момышұлының қанатты сөздері).
Әдісі:
Сұрақ – жауап, баяндау, проблемалық
сұрақтар қою, шығармашылық жұмыс.
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Әні: Т.Исалиевтікі, Сөзі:
А.Байғожаевтің «Батыр Бауыржан» әнін
тыңдату.
Әннен
үзінді
Ақ
боранда азынаған қақаған,
Жаудың
қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады
жау сұсынан жас қазақ,
Мирас еткен
батырлықты атадан
Қайырмасы:
Әрқашан
аты ауызда,
Ықпаған батыр
дауылдан.
Айналған даңқы аңызға,
Момыштың
ұлы Бауыржан.
1.Әнде
кім туралы айтылған?
-Бауыржан
Момышұлы жайында
2.Ол
кісі жайлы не білеміз?
−Батыр
−Ақын
−Жазушы
−Әскери
қолбасшы
−Тіл
жанашыры т.б.
3.Қандай
батырлық, ерлік істерін айта аласыңдар?
−
4.Қандай
кітаптарымен таныссыңдар?
−«»
5.Біздің
мектепке неге Бауыржан Момышұлының
есімі берілген?
−
6.Қандай
өлеңдері естеріңде?
7.
Ана тілі туралы жазылған өлеңі жайында
не білеміз?
8.
Өлеңді мәнерлеп оқу
Ана
тілін ардақта
Көшеде
бояу ерін сылқылдаған,
Былдырап
орысшылап жырқылдаған,
Ұмытып ана
тілін, салт-санасын,
Не қалды тілімізде
жыртылмаған.
Отбасы
түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте
қазақ сөзі аз,шылдыр-мылдыр.
Оқысаң
алып кітап шым-шытырық,
Ойпырмай,сандырақ
па,бұл не былжыр?
Ержеткендер
сөйлейді орысшылап,
Кім отыр сөз
құрылысын қынап-сынап,
«Мамасы» мен
«папасы» шүршіт болып,
Күйдірді-ау,шүршітшілеп,
бала жылап.
9.Өлең
қай жылы жазылған?
− 15.02.1944жыл
10.
Өлеңді жазуға себеп болған не деп
ойлайсыңдар?
11.Өлеңнің
әр шумағын оқыта отырып талдау.
Автордың
ана тілі туралы көзқарасы
|
Сенің
көзқарасың?
|
−
|
|
12.Өлең
құрылысын талдау.
А)
«ардақтау» сөзінің синонимдері-
құрметтеу, қадірлеу...
Ә)
еліктеуіш сөздерді қолдану шеберлігі(шылдыр-
былдыр, жырқылдау, былдыр...)
Б)
ана тілі жөніндегі қанатты сөздері
13.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту−бүкіл ата-бабамызды,
тарихымызды ұмыту (сенің пікірің, ойың?)
«Дініңді
бұзсаң да, тіліңді бұзба» деген Б.
Момышұлының сөзімен аяқтау
Қортындылау:
«Тілім менің, бүлінбегін» эссе жазу