жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бауыржан Үсенов - патриот ақын
Бауыржан Үсенов - патриот ақын
Аннотация
Біз зерттеу еңбегімізді «Бауыржан Үсенов – патриот ақын» деп ала отырып, ол туралы деректерді кітапханалар мен архивтерден іздестірдік.
Зерттеу барысында Бауыржан ақын туралы жазылған газет - журнал материалдарынан, естеліктерден Бауыржан ақын қазақ халқының «патриот» азаматы болғанын білдік. Ақылына білімі сай асыл азаматымыз өмірден ерте өтсе де, халқына мол рухани азық қалдырған. Бауыржан ақын Отанын, елін, жерін, тарихын, тілін, дінін сүйетін ұлтжанды, елжанды азамат, қоғам қайраткері болғанын да айта кеткіміз келеді.
Бауыржан ақынды әр қырынан ашып көрсету де қиындықтың болғаны да рас. Көп мәліметті жұбайы Гаухар апаймен хабарласу арқылы және жетекшіміздің көмегімен жинақтадық. Бұл ғылыми жоба біздің көп еңбектеніп, сыни ойлап, сауатты жазуымызды қажет етті.
Қорыта келгенде, Бауыржан ақын өзі өлсе де, жазған хаты өлмеген, елін жанымен сүйетін, тілін тәнімен сүйетін елжанды, ұлтжанды азамат болғаны анық еді.
Аннотация
Я назвала свою научно-исследовательскою работу «Бауыржан Усенов - поэт патриот». В поисках материалов я была в библиотеках, архивах.
В газетах и журналах нашла вспоминаний о поэте и узнала что поэт был патриотом своего народа. Так же многие материалы помогла собратьжена поэта Гаухар апай. Из источников я понила каким гражданином был поэт пессенник Бауыржан Усенов. Поэт был общесственным деятелем.
Хотя, он рано ушел из жизни, поэт оставил много духовноц пищи.Так же я хочу сказать, что Бауыржан Усенов очень любил свою Родину, землю, свой народ, историю, религию.
Подводя итоги хочу сказать что поэт - патриот Бауыржан Усенов нашел место сердце народа.
Annotation
I named my scientific work «Baurzan Usenov-he is a poet potriot». I was in many libraries, arhives to searche materials.
From newspapers and magazines I found rememberies about poen and knew that this is a poet was patriot of his motherland. As well as wife of poet Gauhar apai helped me collect many materials. From reseches l understood that Baurzhan Usenov was poet-singer. Poet was sociable figure.
All though he died early poet left many poems. As well as l want to tell that Baurzhan Usenov very loved his motherland, its history, its religion and its people.
And at the l want to tell that poet-patriot Baurzhan Usenov found place in hearts of people.
Кіріспе
Дін қалпына келер мейлі,
Тілімді де тұл демеймін.
Жеріңді енді бөлем дейді,
Қалай, қайтіп үндемеймін.
Іштен тынып құр қүйікте,
Талайлар жүр соры қайнап.
Түсімде ылғи бір биіктен,
Желбірейді бөрі байрақ, - деген өлең жолдарында адамға көкейіндегі ойын еркін айтқыз- бай, ақындарға жүрек шерін еркін жеткізбей, ауызға қақпақ қойып, тілге тұсау салған, тіпті туған ана тіліңнен бездірген зар заманды ақын осылай ашына жырлайды. 70 жыл бойы үстемдік етіп келген «Отарлықтың» шағын халықтарға жасаған қысастығына «орыстандыру» саястына деген ақынның іштей қарсылығы, жан айқайы екені сөзсіз. Осы саяси үстемдік пен әділетсіздік ақын жүрегін сыздатады, жанын аяздай қариды. Бауыржан ақын да желтоқсан құрбаны. Қасиетті де қасіретті Желтоқсан шындығын өткір де ашық жырлаған туындылар Бауыржан Үсенов поэзияында баршылық. Ақынның «Желтоқсан» поэмасы - бұл тақырыпқа жазылған алғашқы туындалардың бірі еді.
Біреу қорғап, дүние-ай, жақ ашпады,
Қайрат сені осылай аластады.
Құрбандыққа күні бұрын белгілеген,
Артық адам сен болдың Алаштағы.
Не азапты, бауырым, көтермедік,
Соны жырлап өмірім өтер менің
Камераңа қанішер салмағанда
Бізбен бірге ақталып кетер ме едің?
Шайқады ғой біздерді «шайтан арба»
Оның бәрін жеткізіп айта алам ба?
Түсіп кетсе есіме
Қаным қайнап,
Атып шыққым келеді қайта алаңға! - деген өлең шумағында ізгілік үшін дүрсілдеген ақын жүрегінің бұлқынысын байқауға болады.Сонымен қатар Бауыржан ақынның әлі жарық көрмеген «Бар еді Қандағарда Қара жазық», «Сарыбас жылан шақпайды» деген прозалық шығармалары бар. Ақын сары уайыммен сарғайып өмірден түнілмейді. Жанын жегідей жеген ащы ойларын ақтарып салады да, артынан сабыр сақтап, болашаққа үміт жібін жалғайды. Еліміз1991 жылы тәуелсіздік алып, өз алдында жеке мемлекет ретінде отау тікті. Бауыржан ақын аңсаған көк түсті туымыз төбемізде желбірейді. Мұны ақынның көрмей кеткені аянышты да өкінішті.
Ғылыми жобаның өзектілігі:
Бауыржан жас болып, өмірден ерте озса да, өте көп еңбек еткен ақын.
Бауыржан ақын өлендерінің ауыл, аудан, облыс, Республика көлемінде насихатталуын, таралуын мақсат еттік. Ақын өзі де Республика жұртшылығына танымал. Бірақ әлі де ақын туралы айтар ойлар, жазар мәліметтер әлі де көп екенін түсіндік. Оның үстіне Бауыржан ақынға «патриот» сөзінің бекерге қосақталып айтылып тұрмағанын дәлелдегіміз келді. Қазіргі жастардың Бауыржандай азаматтың болғанын жақсырақ білсе, көп білсе деген ой. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті ту еткен Бауыржан ақынның өнерін халыққа жан - жақты насихаттау.
Ғылыми жобаның мақсаты:
Ұлы есімді ұлтжанды азамат Бауыржан Үсенов шығармашылығын ұлықтау.
Ғылыми жобаның міндеті:
Ақиық ақын Бауыржан Үсенов жайында деректер жинау. Өскен ортасы, отбасы, оқыған мектебі, шығармашылығы және атқарған қызметі туралы деректер жинақтап, оны саралау. Осы ғылыми жоба арқылы Бауыржан Үсенов - патриот ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттап, оның тәлім - тәрбиелік мәнін ашу. Біздің елімізден, жерімізден Бауыржандай жүрегі ақ, жаны бай, көңілі таза, ақынжанды, ұлтжанды азаматымыздың өмір сүргендігі туралы айту.
Ғылыми жобаның кезеңдері:
1.Таңдап алынған тақырып бойынша деректермен танысу. 2015-2016
2.Ғылыми зерттеу жұмысы барысында жеке тұлғалардан дерек жинау. 2015-2016
3.Барлық зерттелген материалдарды бір жүйеге келтіру. 2015-2016
Ғылыми жобаның Жаңалығы:
Бауыржан Үсеновтың желтоқсан туын желбіреткен ақын екендігі
Ғылыми жобаның әдісі:
1.Ботагөз Үсеновадан сұхбат алу.
2.Ш.Уәлиханов, Абай кітапханаларына барып, керек материал алу.
3.Жуалыға барып, Бауыржан Үсеновтың жұбайы Гаухар Тәжікеновадан сұхбат алу.
Бауыржан – патриот ақын
Отаршылдықтан, озбырлықтың бет пердесі сыпырылып, бар шындығымен, қорқау бейнесімен көрінетін кезең болды. Ол тұста бұған дейін малданып келген әдемі сөзің де, жылтыр идеологияң да әдірем қалады.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының басындағы сондай кезең болды.Теңдікті аңсап, бейбіт шеруге алаңға шыққан жастардың билік тарапынан аяусыз басып - жанышталуы КСРО тарихының бетіне қара таңба болып басылды.Мызғымастай көрінген өктемдіктің іргесі сонда - ақ қақырап сала берді.Осы тарихи кезең халық басына қиындық, ауыр салмақ түсіргенімен, ұлттық поэзияға соны серпін әкелгені сөзсіз.Ұзақ жылдар бойы іште булығып тұншығып жатқан азаттық идеясы бұрқ етіп жанартауша сыртқа тепті, арынды өлең мазмұнына айналды. Алысқа бармай бірер мысалмен шектелсек, Халық қаһарманы, желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков-тің түрмеде жатып жазған өлеңдері - соның бір айғағы.
Көз алдымнан кетпейді сол желтоқсан,
Демін тартып ішіне жатқан алаң.
Ел талабын, тілегін жеткізуге,
Бұл алаңға жиналды небір жайсаң.
Бірақ ешкім білмей не болатынын,
Талай гүлдің мезгілсіз солатынын
Талай ару желкілдеп қос бұрымы
Тепкісінде солдаттың қалатынын...
Тарихта әлі көп ақтаңдақтар,
Жүрегімде жазылмас ол жаралар.
Қазағым бір-біріне жанашыр бол
Деген қазақ «судың да сурауы бар».
Осы ретте дарынды ақын Бауыржан Үсенов шығармалары да сол кезеңнің шерлі шежіресін, одан кейінгі қоғамдық ахуалды шынайы да өткір суреттеумен Желтоқсан поэзиясының төрінен орын алады. Бауыржан Үсенов – Қайрат Рысқұлбековтің ер тұлғасына арнап алғаш өлең жазушылардың бірі. «Ерте солған жыр гүлі» туындысында қоғамның әділетсіздігі бүгіннен басталағанын, шерін жырға қосқан саңлақ ақындардың аяусыз жазаланғанын жазады.
Қазақты өлең қаншама рет аһ ұрды,
31-де дана қажы атылды.
37. Сәкен менен Ілияс,
Елге атылған оқты өзіне шақырды
76. Мұқағали алыпты,
Күйік пен у теңізіне батырды.
Біздің заман бетін,тырнап алатын,
Өлеңі үшін өлтіреді ақынды.
Талантына азат пен зор жақын ба,
Жырымен гүл өсіретін тақырға
Бірінші боп,
Зорлық билік алса егер,
Ақын байғұс кетеді екен тақымда.
87. Дүрліктіріп даланы,
Үкім шықты тағы да бір ақынға.
Бұл өлеңнің желтоқсан құрбандары мен желтоқсаншылардың әлі толық ақталмай, қазақ ұлтына тағылған әділетсіз айыптың әлі алынбай тұрған кезінде жазылғанын ескерсек, ақынның заман ырғағына көнгісі келмеген асқақ рухы танылады. Өлеңдегі еркшілік – Б .Үсеновтың Қайратты ақын деп тануы.
Б.Үсенов поэзиясынан желтоқсан көтерілісінен кейінгі Колбиннің кезіндегі қоғамның ауыр жағдайы,оған көндіккісі келмей, әділет, теңдік іздеген өршіл жастың бұлқынысы аңғарылды. «Мені ала кетіңдерші, тырналар!», «Сатқын дейсің, бұзық дейсің бұл мені...», «Жер сенікі», «Құдай», «Азат өлең»туындылары өз кезеңі үшін тым өткір жазылған, туған елін, жерін сүйген жүрек батылдығынан туған дүниелер. «Азат өлең» деп аталатын жырында адамдарға көкейіндегі ойын еркін айтқызбай, ақындарға жүрек шерін еркін жеткізбей, ауызға қақпақ қойып, тілге тұсау салған, тіпті туған ана тіліңнен бездірген зар заманда ақын былай деп жырлаған:
Соры қалың момын елге,
Тілін жұлған жылан құсап,
Біреулерге көрінем бе?
Бұл кімдерге қолайлы еді,
Жібер, қандас, келешекке ой.
Тілді жұлу оңай ма еді,
Біздер жылан емес ек қой.
Атеист боп кете алмадың,
Құран жыртқан өлерменім.
Дін қалпына келер мейлі,
Тілімді де тұл демеймін.
Жеріңді енді бөлем дейді,
Қалай, қайтіп үндемеймін?!
Патшалық Ресейден басталып, Кеңес үкіметі тұсында жүргізілген отаршылдық саясаттың ХХ ғасырдың 80-жылдардың соңындағы көрінісін ақын осылайша нақты бейнелейді. Өлең жолдарындағы «ит», «төбет» деп келетін образдардың астарлы мағынасы кім - кімге де айқын. Қоғамның әділетсіздігіне жайы күйінген ақын ойын одан әрі былай деп өрістеді.
Өз бүркітім топшасынан қайырылып,
Бөтен қарға елді аузына қаратты.
Белден басып намысы мен дабысын,
Қара көзден тарам-тарам қан ақты.
Мұндағы «бүркіт», «бөтен қарға» образдарының тағы да кімдер екені тарихтан белгілі. Қоғам шындығы дәстүрлі троп үлгілерімен дәл де көркем бейнелесе, сондай-ақ лирикалық кейіпкердің жан күйзелісі мен өзгелерге ұнай қоймас өткір көзқарасы өлеңнің азамматтық, күрескерлік рухын еселей түседі. Елінің басындағы ауыр жағдайға жаны күйіп, басын бәйгеге тіге отырып, өзгелердің ойына қозғау салу үшін шындықты шырқы- рай айтқан ақын Бауыржан ақындай - ақ болар дейміз.
Ақынның «Мені ала кетіңдерші, тырналар!» өлеңі бір қарағанда Ғамзатовтың әйгілі «Тырналар» туындысын еске түсіргендеріменен, мазмұн-рухы жағынан тың дүние.
Қайда кетіп барасыңдар, тырналар!
Мені ала кетіңдерші бұл елден!
Запы болдым қабақтардан түнерген,
Жара болды қос аяғым шідерден.
Тәуелді боп топастарға шіренген,
О, қашанғы бүгежектеп жүрем мен,
Мен ала кетіңдерші бұл елден.
Автормен бірге жүрегің қарсы айырылады. Ақынды жанына батқан ауруы, жақындап қалған ажалы емес, елінің келешегі алаңдатқаны, азаттықты аңсауы тәтті еді. Әрине, біз Бауыржанның жеке бастық көңіл-күй лирикасын әңгімелеп жатқан жоқпыз. Ажалдан сескенбеді, десек, шындыққа мүлдем жанаспас еді. Ажалдан кім қорықпайды. Бір сәт мына жарық дүниеден өтіп, енді еш уақытта бұл тірлікке мәңгі-бақи оралмаймын-ау деген ой кернегенде, кім-кімнің де тұла бойын мұз қарып, түршігіп сала берері хақ. Бауыржан ақынды да мұндай адами сезімнен де бөліп тастауға да болмайды. Бірақ аурумен алыса жүріп, желтоқсанның ызғарлы күндерінен ой түюі, сол күрескерлік рухтан бір сәтте босаңсымай, елінің азаттығын аңсап, мазасыз күй кешуі Бауыржан ақын поэзиясының асыл қасиетіне айналғаны қуантады. [11]
Қыршынынан қиылып, біреуге танылып, біреуге жұмбақ күйінде кетті десек те, Бауыржанның жүрегін жарып шыққан жырларын, нәзік сезіммен шығарған әндеріне, шебер әншілігіне ғашық жандар аз емес.
Сонау 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы күні тәнімізде ғана емес, жанымызды да қарығаны есте мәңгілік сақталып қалады. Сондағы Алаш туы астында топтасқан жастардың ішінде Бауыржан ақын да басын бәйгеге тігіп жүрген еді-ау. [2]
1983 жылдың қысында Бауыржан ақын өзінің қолымен жазылған өлеңін тәрелкеге жыртып - жыртып салып, жағып жібереді. Өлең десе өзегін суырып беретін, поэзияны құдайындай көретін Бауыржан ақынның бұл ісіне түсінбей, аң-таң болып, түсінбей қалды. ақын біраз үнсіз отырып: «Осы өлең үшін мен көп азап шегетін сияқтымын. Өзім жатқа білемін, қолтаңбаның сақталуы қауіпті болып тұр»,- дегені. Ол өлең «Қара машина» еді. «Қара машина» қазақтың «Үш бәйтерегі» атанған Ілияс, Бейімбет, Сәкендердің жазықсыз жазалануына байланысты жазылған өлең. 1937-1938 жылдардың зұлматын әшкерелейтін ащы шындық. Сталиндік репрессия заманында елдің үрейін алған НКВД - ның қара машинасы еді ғой. Өлең де соған байланысты «Қара машина» деп аталған. Қуғын - сүргін заманын өлең тілімен әсерлі жеткізген ақын: « Шындық жайлы жаза берсем, бір күні, Мені де кеп, ап кетердей сескене», - деп өлеңінде ойын түйіндейді. Цензураның бар заманы осындай өлең жазып, қала берсе ақынды Жазушылар одағының мінбесінен оқып жүрген кезінен КГБ - ның назарына шалынып та үлгереді. Соның ақыры ақынды оқудан шығарады. Оқудан шығарылғанымен, Бауыржан ақын ҚазМУ қалашығынан қол үзбей, қалашықтың бас корпусында жұмыс істеп жүрген.
1986 жылы Бауыржан ақын оқуға қайта қабылданып, Алматыда қалады. Көтерілістің екінші күні, ҚазМУ қалашығы тым-тырыс. Бауыржан жатқан жатақханада бірлі - жарым студенттерден басқа ешкім болмайды.Олар бір-біріне үрейлене, үрпиісе қарайды. Кешке алаңнан қайтқан студенттер лек - легімен топырлады. Бәрі де көңілсіз, жабырқау жандар. Түнде 22.00-де қолында бірталай тізімі бар миллиционер, Бауыржан ақынды машинаға мінгізіп алып кетеді. Содан ақын таңғы 5 - те келеді. Түрінен түр жоқ, қабағы қатулы. «Не болды?» деп қасындағылар сұрағанда, тіс жармады. Ертеңіне тағы солай болды.Солай бірнеше күндер өтеді. Бір күні Бауыржан ақын «Менен жауап алып жатыр. ҚазМУ қалашығын алаңға ұйымдастырып апарған сенсің деген айғақтар жинастырып жатыр», - дейді. Кешкісін Алматы қаласында комендаттық сағат жариялан- ған кез. Көшенің бәрінде әскерлер, құқық қорғаушылар, ерікті отряд өкілдері толып жүреді. Сол кезде Бауыржан ақынға ешқайда шығуға болмайды. Яғни, ақын - үй тұтқыны екен. Осы оқиғадан кейін Бауыржан ақын қатты науқастанып, ауруханаға түседі. Бауыржан ақынды емдеген дәрігер екі бүйрегі ауыр соққыдан зақымданғанын, құрғап солып бара жатқанын айтады. Бауыржан ақын көктемде қайта науқастанып, бұл жолы жедел жәрдем экспериментальді - хирургиялық инстититутының жасанды бүйрек бөлімше сіне апарып салады.
Соның аяғы 1987 жылдың 23 сәуір күні аяғымен жүріп жүрген Бауыржан ақынның қан қысымы көтеріліп, миына қан құйылып тынады. Инсульт алады. Есін білмей 2-3 күн реанимация бөлімінде жатады. Бауыржан ақынды қайта - қайта шақырған кісі ауруханада болып, Бауыржан ақынды өз көзімен көріп кетеді. Сонымен, Бауыржан ақынға ашылған іс аяқсыз қайта жабылады.
Бір жақ аяғы, қолы жансызданып, Бауыржан ақын ұзақ уақыт төсекке таңылып жатып қалады. Алғашқы екі дөңгелекті арбамен, кейін екі балдаққа сүйеніп ауруханадан шығады. Жазғы сессияны тапсырып, келесі курсқа көшеді. Денсаулығына байланысты академия -лық демалыс алып, аулына қайтады. Аулында ақын азаматтыққа байланысты бірталай өлең жазады. Мысалы, «Азат өлең», «Жер сенікі» өлеңдері.
Өз арнамнан әйтеуір аспай бақтым.
Бір арманға жасымнан тастай қақтым,
Күнгей жақты бетке алып бара жатқан,
Жыр көшіне ілескен жас тайлақпен, - деп жырлап жүрген ақынның өміріне де, өлеңіне де өзгеріс енді. Оның жүрегінде желтоқсаннан қалған жазылмас жара пайда болды.
Бұлбұлдары сайраған арман едім,
Түсіп қалды - ау құстарым торға менің.
Ән шығатын көмейден, жыр шығатын,
Үзілердей шығып жүр зорға демім, - деп өзегіндегі өрттен қалған шаланы қалай шығарарын білмей дал болады. Өзі туралы неше турлі қауесеттің тарағанына жаны күйген кезде ол:
Ойым онға,санам санға бөлініп,
Қан жылаған күндеріме не дейін?
О, әділет бір рет кет көрініп,
Сенің тірі екеніңе сенейін, - деп ақын өзіне-өзі жұбату айта алады.
Желтоқсанда зақымданған бүйрек Бауыржанды ақыры 1991 жылдың 29 шілдесінде алып тынды. Бір ай Тараз қаласындағы №1 неврология бөлімінде есін шала біліп қиналып жатты . Ақынның бүйрегіне бірнеше рет гемодиолиз жасап, жасанды бүйрекке қосып көрді. Нәтиже шықпады. 28 шілде күні үйге шығарды. 29 шілде күні көз жұмды. Ауруханада қиналған кездерінде «Келіп қалды», «келіп қалды», «келіп қалды»деп көп айтатын. Бауыржан ақын өмірден кеткен кездегі ғұмырында алдын ала білген сияқты. «Ақын өлді», «Мен неге жүре алмаймын кеудеммен ерге біткен», - деген Бауыржан ақынның жырлары алмас қылыштай еді. Сол оқиғадан кейін бе екен, бәлкім, ақын жүрегінің жан айқайын жеткізбек болып еркіндікті аңсаған «Азат өлең» деп аталатын жыр - толғау жазып, күллі қазақ даласына жар салды. Ақын осы жыры арқылы көп өтпей отаршыл жүйенің кұлап, егемендік орнайтынын ел еңсесін көтерер ертеңгі күнге, үміт артатынын жеткізді.
«Іштен тынып құр күйіктен,
Талайлар жүр соры қайнап.
Түсімде ылғи бір биіктен желбірейді
Бөрі - байрақ», - деп, тебіренеді.
Амал нешік,еліміз сол егемендікті қолына алар жылы асыл азамат, арда ақын Бауыржан Үсенов көксеңгір жыр-көгінен беймезгіл ағып түсті. «Құйрықты жұлдыздай» соңына бедерлі із тастап ақты.
Қолымыздан не келер шама бар...Желтоқсанда сыз жылаған, ызғар қарыған «бүйре- гінен» кетті ақын. Желтоқсан құрбаны ол да!
«Ақын аға, арманын аялаған,
Баянсыз бұл өмірде бар ма байлам,
Жайлау төрі көңілімнің құлазиды,
Жазықсыз жапа шеккен сені ойласам», - деп ақын рухымен іштей сырласқаны – бізге бұйынғаны. Қалай болғанда да Желтоқсанды тек оқиға деп қарау аздық етеді. Оған «ұлтазаттық көтерілісі» мәртебесі берілу қажет. Оның жолында қаншама бозым жастың өмірі қыршынынан қиылды. Бауыржан ақын да соның бірі. «Желтоқсан қаһармандары» тізімінің ту-у басында Бауыржан ақын тұрса, әбден жарасымды. [2]
Қоғамдық хал - ахуал, билік пен халық арасында түскен жік, бұдан кейінгі уақыт- тың былай жалғаса беруі мүмкін еместігі ақынның басқа да өлеңдерінен көрінеді. Тотаритарлық режим, бюрократизм сол кезеңде әлі де күшті еді. Халықтың бір бөлігі, әсіресе шек-шекпенге ие болып, «ләппай, тақсырға» еті көндігіп кеткендердің құлдық санадан арылуы мүмкін емес болатын. Олар қайта өз әлінше бағып, еркіндікті, азаттықты аңсаған жастық жігерді, қуатты тұншықтырғысы, айыптағысы келіп тұрады. Дегенмен, Желтоқсан көтерілісі халықтың ой-санасын найзағайдың күшті жарқылындай қуатты әсер еткен болатын. Бауыржан Үсенов кеңестік ноқтаға басы үйреніп қалған, қазақтың өз ішінен шыққан жағымпаздар мен иілімпаздарға деген қарсылығын, сала құлаш ақыл айтқысы келген «бітімгер» ақсақалдарға деген наразылық ойын өз өлеңдерінде батыл да ащық білдіріп отырады.
Қазақ емес тобыр ғана қалған ба?
Қояндардай бытыраған орманда.
Ақсақалдың ақылына қарай гөр,
«Өңдіршегің үзіледі сорланба»!
Қор болғанша қылша мойын қиылсын,
Екі құлаш дала жері бұйырсын.
Ей, сорлы шал, жанға тимей жоғалшы,
Сен дегенің тамағы тоқ сиырсың.
Ақын өлеңнен Махамбеттің Жәнгірге айтатындай, шамырқанған ашу мен ызы - кектің белгісі айқын сезіледі. «Сен тамағы тоқ сиырсың» деген троптың Махамбет өлеңіндегі «қасқырсың», «шаянсың» деп келетін бейнелеуден нақтылық, өткірлік жағынан да, эмоциялық әсерлілік тұрғысынан да бір мысал кем түспейтінін байқаймыз. Бұл поэзиядағы - дәстүр жалғастығы. «Тамағы тоқ сиыр» деген образдардың астарынан қоғам- ның бүкіл бір тобының шынайы бет - бейнесі көрінеді. Сондай-ақ оның: «Қызыл ту мен қызыл жұлдыз» дегенің, «Символ емес, сорғалаған қызыл қан»,- деп ой түйінделуіне де уақыттың өзі танытқан шындық. Желтоқсанның ащы сабағы жатыр. Ақын оны соңғы демі біткенше естен шығара алмады. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басындағы қоғамдық жағдайы тек кешегі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің шындығы, сондағы алаңға шыққан жастардың қанмен жуылған арман - мұраты тұрғысынан таразылай ды. Ақын көзқарасындағы басты өлшем сол болғандықтан да, онда бітім, райдан қайту жоқ. Осы бір күрескерлік рух, желтоқсаншы жастардың алдындағы парыз, өзін де олардың бір мүшесі ретінде тану - Бауыржан ақын поэзиясының азаматтық әуенін соңғы сәтке дейін бәсеңдетпеген, қайта күшейте, өршіте түскен ішкі қуат тәрізді. Сол себепті автор өзге туындыларында да осы тақырыпқа қайта айналып келіп, жүрек сырын, шерін дүркін-дүркін төгіп отырады.
«Жер сенікі, билік бізде», - деп күліп,
Тепкіледі ішімізді кептіріп.
О, енді мен Алла атымен ант етем,
Өтем мұны өмір бақи кек қылып.
Салған әні, идеясы тұл бәрі,
Тала, тала қырт биіктің құлдары.
Бәрінен де қатты батты біздерге,
Өз қандасың - мәңгүрттердің ұрғаны.
Тас жүректер түк қолдары қан...қан...
Обалдарды мен сендерге мәңгі артам.
Ағатайлап бауырыма тығылған,
Қайтейін-ай, шырқыраған жас қалам.
Түйіндей айтанда, қасиетті де қасіретті Желтоқсан шындығын өткір де ащы жырлаған туындылар Бауыржанның поэзиясында баршылық. Оның «Желтоқсан» поэмасы – бұл тақырыпқа жазылған туындылардың бірі. Желтоқсанның ызғарлы күндерінде, кейінгі тергеуде, елге оралған соң да азап пен қиянатты бір адамдай басынан өткеріп, денсаулы- ғын жоғалтқан ардақты ақын қолынан қаламы түскенге шейін ақиқатты айту басты міндетім деп санады. Сол себепті де Бауыржанның Желтоқсан тақырыбындағы өлеңдері-азаттықты, теңдікті аңсаған көп ғасырлық тарихты, дәстүрі бар өршіл поэзияның жаңа кезеңдегі көрінісі, тың парағы болды десек қателеспейтін шығармын.
Бауыржан Үсенов – сегіз қырлы, бір сырлы азамат
Бауыржан Мұқанұлы Үсенов 1960 жылы, 16 тамызда, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқарата ауылында дүниеге келді. Ол кішкентайынан зерек бала болып өседі. Бала ақын өлең жазуды 7 жасынан бастаған болатын. Алғашқы өлеңі 13 жасында «Жаңа өмір» газетінде жарық көрді. Мырзахан Ахмет Бауыржан ақынның өлеңдерін алғаш рет жариялап, сонан кейін бүкіл шығармашылық өсу жолдарын үзбей қадағалап отырған өнер дегі жанашыры болған. Ақындық жолға түсуіне анасы Күлән апайдың үлесі зор болды. Күлән апай үнемі болашақ ақынға ән салып ұйықтататын болған. Ол 1967 жылы Абай атындағы орта мектебінде оқып, 1977 жылы аяқтайды. Мектепте оқып жүрген кезден–ақ Бауыржан ақын әдеби кітаптарды көп оқыған болатын. 13 жасында «Абай жолын» оқып шыққан. Сондықтан да алғашқы туындысы «Ана» тақырыбына жазылса керек. Сөйтіп, мектепті аяқтаған соң, Алматыға барады. Онда ҚазМУ-ге 1980 жылы дайындық бөлімінде түсіп, 1981 жылы журналистика факультетіне қабылданады. Бауыржан ақынның ұлтжандылығына шек болған емес. Сондықтан да студент кезінен бастап қудалауға ұшырап, университетті 10 жылда бірақ бітіреді, яғни, 1991жылы.
Өскен ортасына келер болсақ, ақынның әжесі айтыскер кісі болған. Әкесі Мұкан ауылдық советте секретарь болған. Анасы Күлән - үй шаруасындағы әйел, көп баланың анасы. Өмірлік жұбайы Тәжікенова Гаухар Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы № 19 Қонаев атындағы мектепте мұғалім болып істейді. Үлкен ұлы Үсенов Талғат қазіргі уақытта әскери қызметте жұмыс істейді.. Екінші ұлы Мұхаммет Салық - Қытай Республикасындағы Сянь қаласындағы Халықаралық университетін тәмамадап еңбек етуде. Екі ұлы да поэзияны сүйіп оқиды. Екінші ұлы Мұхаммет – Салық өлең жазады, ән айтады, өлең шығарады. Бауыржан ақын жүрегі жұмсақ, сезімтал, балажан болады. Ақын университетті бітірген соң, Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі ретінде қызмет атқарған. Қолы бос кезінде көп әдеби кітаптарды оқып, әр түрлі тақырыптарға өлеңдер шығарған.
Біржан салдың ізін жалғастырған Бауыржан ақын
Бауыржан ақын халқымыздың сал - серілері: Ақан серіні, Біржан салды, Үкілі Ыбырай ды елестететін. Оның әсем әндері мен тамаша жырларына, сырлы өлеңдеріне адамдардың бәрі ғашық болды. Бауыржан ақын қазақтың қара өлеңін түйдек - түйдегімен тастайтын нағыз талантты ақын екеніне бәріміздің көзіміз жетті. Бауыржан ақын Байқадам селосы мен Жаңатас қаласына бірнеше рет келіп, халқын ән мен жырға бөлеп, сыршыл өлеңдерін оқитын.
Үсенов поэзиясының үлкен бір тармағы - табиғат лирикасы. Ол табиғат құбылысын жырлағанда айналадағы дүниеге сұқтана қарап, кейбіреулер сияқты тамсанудан аулақ. Керісінше, сол суретке, жаратылысқа терең бойлап үніліп, оның ішкі сырын іздеуге, табиғат пен адам арасындағы сабақтастықты саралап, онан астарлы ой түюге ұмтылатын сергек ақын. Қоршаған орта мен адам әрекеті ортасында өзіндік ұқсастықты көре біліп, бірі аңғара алмайтын ішкі диалектиканы өлең қылып өреді. Мысалы, «Жапырақ жайлы өлеңі» осы ойымыздың дәлелі:
«Кеше ғана биікте ең,
Бүгін жатсың табанда.
Жапырақ-ау, жағдайың,
Тимеді оңай маған да.
Құлағанда биіктен
Кім сыйлайды бұл күнде,
Қансыраған жүректей
Жерде жатып бүлкілде...
Бұл өлеңде ақын мезгілі жетіп үгіліп түскен жапыраққа аяушылықпен қарай отырып, «адам ғұмыры да осындай: тіршілік барда өлім бар, сондықтан аз жасасаң да өкінбе, ғұмырыңа тәубе ет», - деп парасатты ой түйеді.
Ал мына «Қараша»атты өлеңінде күздің көңілсіз көрінісі ақынның тұнжыр тартқан көңіл-күйімен астарласып жатқандай.
«Самолеттен қап кеткен жолаушыдай,
Тырналардың соңынан қалып барам.»
Осы егіз жолдан Бауыржанның табиғат маусымындай адам өмірін де өтпелі, менің де уақытым көшінен кейін қалып бара жатқаным ба, деген өзек өртер өкініштің, нәзік мұңын аңғару қиын емес.
Ақын кейбір ақындар сияқты «көктем қар еріді, сай-салада сулар сарқырап ақты» деп фотографикалық жансыз суретті алға тартудан аулақ. Оның өлеңіндегі көктем ешкім көріп, сезіне білмеген таңғажайып сиқырды, сұлу да сазды, көкорайлы көктем. Тіпті Бауыржан қаламында едірейген қара тасқа да жан бітіп, ағал-тегіл бусанып, әндетіп жатқаны. Бұл-бұл ма, тілсіз-жансыз бар табиғат бұлбұл болып сайрап, адам болып шаттанып кеткенде көкірегің кеңейіп, ғажайып әлемге кезіккендей боласың.
Бауыржанның «Ауыл түні»деп аталатын мына бір өлеңіне назар аударып көрелікші:
«...Алтын теңге сияқты Ай да толық,
Тоған жатыр сарқырап сайға толып.
Жағасында жантайып қырман жатыр,
Тастағандай алтыннан қойма төгіп»...
Табиғат туралы өлеңдеріндегі құбыла ойнаған әдемі сурет, тамылжыған теңеулері Бауыржан ақының шеберлігіне тәнті еттіп, жүрек қылын шертеді. Көркемдік, сұлулық, әсемдік, эстетика деген осындай - ақ болар.
«Қызғалдақтай құлпырған бұйығы маң,
Кетерме екен көркіңе күйіп ұлан,
«...Аяз - жеңгем шымшиды бұла бетті,
Сызылады бұталар кіл әдепті» немесе
«Жолаушыға жол сілтер Темірқазық
Мұхитында жұлдыздың қалқы»
«Алтын теңге сияқты Айда толық», - сияқты жолдары көркемдіктің озық үлгілері десек асыра айтқандық емес.
Бауыржан Үсенов - махаббат, жастық шақ тақырыбына да кеңінен қалам тербеген ақын. Мойылдай мөлдіреген жастық жырларын елтімей, езілмей оқу мүмкін емес. Бауыржан ақынның лирикасына кіл әдептілік, әсемділік, нәзіктік пен адалдықты сезініп, сиқырлы әлемге сапар шеккендей әсер аласың. Поэмалары, әндері, айтыскерлік, әншілік өнері өз алдында бір сала. Әрқайсысына арнайы отау тігіп, тым құрыса бір - бір күннен түнеп шығарлықтай. Бауыржан мұраларының молдығы - көңілге қуаныш, дәтке қуат.
Қазіргі кезде Бауыржан ағаның көптеген өлеңдері бар. Мысалға алатын болсақ Саят Медеуов пен Ақбота Керімбекова орындайтын «Ақ шағала» әні, Р.Стамғазиев орындап жүрген «Аңсарым» әндері – Бауыржан ағаның жүрегінен шыққан. Бұлардан басқа «Перронда» , «Бір келіншек», «Ауыл», «Қарлығашым», «Ауыл сыртындағы ән», «Жүзік» деген әндрінің сөзі де әні де өзінікі. Мұқағали Мұқатаевтің сөзіне жазылған «Тымырсық», «Махаббатым өзімде», «Анам менің иілген сұрау белгі», «Жұмыстан соң» деген әндері де бар. Бұдан басқа Бауыржан ақынның жарияланбаған прозалық шығармалары бар. «Анашым, сағындым сені» әңгімесі, «Сарыбас жылан шақпайды», «Қандағарда бар еді қара жазық» деген повестері бар,
Өзі тірі кезінде өлеңдері «Аудитория», «Қарлығаш» атты жинақтарда басылып шықты. Кейінгі өмірден кеткен кезінде «Табиғат терезесі», «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» атты өлеңдер жинағы шықты. Бұдан басқа Бауыржан ақынның жарияланбаған прозалық шығармалары бар. «Желтоқсан жаңғырығы», «Құрлық қасіреті» атты поэмалары бар.
Жүрек толқынысын ақылға жеңдірген ақын өзі өлсе де артында өлмес өлеңдері қалатынын, өзінің екінші өмірі сол жырларында болатынын сезініп, көңілге соны медет тұтады. Сеніп, көңіліне соны медет тұтады. «Ақын адам өлмейді жыр аманда» деп өз-өзіне басу айтады сондай шақта. Жалпы, өмірге, өлеңге деген іңкәрлік – Бауыржан ақын жырларының өзегі.
«Жастықтың қайғысыз күндерін
Деген ем, жазамын тасқа өріп.
Әйтсе де көзімде жүр менің
Жазылмас бір өлең жас болып.
..О,Муза, демі өрт, қыз ерін,
Мәжнүн қып өмірден өтпе сен.
Мен сенің гүліңді үземін,
Тек өзім үзіліп кетпесем», - деген ақын тұжырымы. Қалай десек те ажал құрығы нағыз кесілетін көк сандал кезінде Бауыржан Үсенов адымын аштырмай, тынысын тарылта берді. Алайда аз жыл өмір сүрсе де, соңында бір ғұмырға татитын өлең қалдыруы-ақынның шыққан биігі.
Ауырып жүріп, облыстықҰлбике атындағы айтысқа қатысып, жеңімпаз атанады. 1988 жылы «Жігер» фестиваліне қатысып жүлдегері болды. 1989 жылы «Жас ақындардың мүшәйрасына» қатысып жүлде алды. Бауыржан Момышұлының 80 жылдық мерейтойында айтыскер ақын қызымыз Алтынкүл Қасымбековамен, Есенқұл Жақыповпен айтысқан. Сөйтіп жұртқа тағы бір қырымен көрініп жүрген екен. Есенқұл Жақыповпен айтысынан үзінді.
Бауыржан:
Мен өзім бала жастан ой қуғанмын,
Өнерге ықыласты жойдармадым.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын
ЖТҚ, құтты болсын той-думаның.
Есенқұл, қалың қалай амансың ба,
Аман болсаң жүлдені аларсың да,
Кез келіп осы тойда өзіңменен,
Тап болды-ау мынау інің жаман сынға.
Есенқұл:
«Наурыз» құтты болсын бұл бір бағым,
Бауыржан, Кенен атаң самғат әнін.
Қазаққа қазақшаны үйретем деп,
Ақыны болып кеттім ЖТҚ-ның.
Бауыржан:
Отырмыз ЖТҚ-ның мейрамында,
Есенқұл, мына жайды ойладың ба?
Қай кезде жойылады «жетім бұрыш?»
Есенқұл:
Ақындар сайтан болған, пері болған,
Отызында бұл ағаң сері болған,
Кей-кейде шектен шыққан ақындардың,
Қыз емес кемпір алған жері болған.
Бауыржан:
Есенқұл жауабыңды жөндеп кеттің,
Қырандай құзға қылыш сермеп кеттің.
Қалай-қалай сермейді мына «көккөз»
Қысылғаннан,ойпырмай,терлеп кеттім.
Ақын жазушылардың Бауыржан ақын туралы ойлары
Бауыржан
Үсеновтің елу бес жылдық мерейтойына
орай ақынды еске алу мақсатында
ұйымдастырылған жыр-жиынға Жуалы
ауданының әкімдігі, аудандық жастар
орталығы мұрындық болды. «Туған жерге
оралам ақпандатып» деп аталатын
әдеби-сазды іс-шараның Жуалы төрінде
өтуі де тегін емес.
Жыр-жиынға
Бауыржанның көз көрген жақын достары,
ізбасар ақын інілері, ауылдастары мен
туған туыстары және жырсүйер оқырмандар
қатысты. Кешті Үсеновтер әулетінің
үлкені Қоңыр Ердалинов ақсақал ашып
берді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Әбдікерім Үркінбаев: «Біз – ақынын
іздеген елміз. Бауыржан – Жуалы
топырағынан түлеп ұшқан, бар қазақтың
ұлы. Ол өмірден ерте кетсе де артында
өлмес жыр-мұрасы қалды. Біздер ақынға
қашан да биік құрмет танытуға бейілміз.
Бүгінде ақынның өзі туған Қошқарата
ауылы мен аудан орталығы Бауыржан
Момышұлы ауылында Бауыржан Үсенов
атындағы көшелер, аудандық жас ақындар
клубы бар. Сондай-ақ, үш жылдан бері
дәстүрлі түрде Бауыржанның ізбасарларын
тауып, олардың талабын ұштау ниетінде
ақын атындағы аудандық жас ақындар
мүшәйрасы өткізіліп келеді», – деп
ағынан жарылды. Бұдан кейін сахнаға
Алматыдан арнайы келген ақын, халықаралық
«Алаш» сыйлығының лауреаты Толымбек
Әлімбекұлы шығып, Бауыржанның шығармашылық
өміріне тоқталып, тұшымды әңгімелерімен
бөлісті. Ол өз сөзінде жерлес ақын
інісінің шығармашылығын жоғары
бағалайтынын жеткізді. Ал ақын, халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Маралтай Райымбекұлы Бауыржанмен
танысқан, кездескен сәттерін еске ала
отырып, оның рухани болмысының бай
болғанын, кешегі өткен серілердің соңғы
үлгісіндей тұлғасын сөз етті. «Бауыржанның
жыр әлеміндегі жұлдызы жарық әрі жоғары
тұр. Оның өршіл өлеңдері мәңгі жасай
бермек», – дей келе, Маралтай Райымбекұлы
өзінің ақын қазасын естіген сәттегі
көңіл күйінен туындаған «Қазанама»
атты жырының жазылу тарихына шолу жасап,
тебіреніп оқып берді. .
Қорытынды
Жан емеспін бөркемік, сорға сенер,
Кінәлама, ақынға жолдас өнер.
Өлімін мен қыранның көрсеттер ем,
Жазылмаған бір өлең болмаса егер, - деп қамшының сабындай азғантай өмірінде Бауыржан ақын талай өлең жазып кетті. Өмірі - ақынның өлеңі. Тамаша дарын иесі, Жырқұмар қауым алдында жігерлене өлең оқып, әсем әндерін шырқап, жарқылдап жүретін ақын, компзитор, әнші ағамыз Бауыржан ағамыз бұл өмірде жоқ. Ақындар қауымына келгенде ықыласы ерекше ауатын мейірімсіз ажал ақынды өмірден ерте-ақ алып кетті. Бүгінде оны туған жұрты, қанаттас, қаламдас достары, қазақ әдебиетінің қара шаңырағы қимастықпен еске алады. Бауыржан ақын жазып үлгермей бақилық болған ақынның ғұмырының асыл мұрасын-жырлары, әндері жалғастырмақ. 1992 жылы Жазушылар одағында ақын Бауыржан Үсеновті еске түсіру кеші болып өтеді. Ақынның әндері шырқалды. Қасиетті Жуалы жерінде, Бауыржан Үсенов ағамыз келген өңірде, ақынның денесі қойылған топырақта ақынды еске алу күндері жиі болып тұрады. Ақынның аруағын сыйлап, құрметтеу тірілердің парызы еме пе?! 1992 жылы Бауыржан ақынның аруағына, аты мәңгілік өшпесе деген мақсатпен бұрынғы Шоссейная көшесі қазір Бауыржан Үсенов ағамыздың атына өзгертілген. Кәріқорған ауылындағы ұлан ұйымы Герцен мектебіндегі 1 сынып Бауыржан ақын атына берілген.
Қорыта айтсақ, Бауыржан Үсенов жырлары мен толғауларынан оның туған тіліне, туған жеріне, өткен тарихына деген ыстық сезімі, жалынды ақ жүрегі көрініп тұрғандай. Бауыржан ақынның бойындағы ұлтжандылық, елжандылық қасиет оның әрбір өлең жолдарынан көрініп тұр.
Сүйген жар, жан жолдасым қош-аман бол,
Белгісі берген серттің - алысқан қол.
Қажыма, қайда жүрсең қасыңдамын,
Халық үшін, Отан үшін аттанған жол.
Отан үшін жан берсем, менде қандай арман бар,
Отан үшін қан төксем, ырза емеспе сүйген жар.
Отан үшін жігерді жұмсар қайрат менде бар,
Отан үшін аяма бар күшіңді, туғандар, - деп ақын ағамыз Бабақов жырлағандай, Бауыржанның шығармаларынан оның поэзиясынан патриоттығы сезіледі. Қазіргі жастардың бойына ұялата алатын жалыны, өткір жыр екенін көрсетті. Бойында патриоттық сезімі бар жастар Бауыржан ақын өлеңдерін өздеріне рухани азық ететіні сөзсіз.
Ерте үзілген ерке үміт
«Естіген
жоқ адамдар даусымды әлі,
Сенің отты
құшағың қаусырғалы.
Поэзия, шығандау
бекетіне,
Ақиқат, құстай ұшқан жаушың
бары…», - деп қазақ поэзия әлеміне өз
даусымен ентелей енген, жыр-жартасына
жаңғырық салып кеткен ақын кім десек,
көз алдымызға сағымдан- ған әлемнен
менмұндалап Мұқанның ұлы Бауыржан
Үсеновтің бейнесі сылаң қаға береді.
Адам тағдыры – Жаратқанның жазуы. Жазмыштан озған кім бар? Әсілінде ғұмырдың келте келіп, шорт кесілуі пешене жолағындағы жолдарға ғана тәуелді. Аз ба, көп пе, маңыздысы ол емес. Тек сол өлшеніп берген ғұмырда кімнің ізсізге жол салғаны немесе артынан қандай мұра қалдырғаны ғана қымбат. Өлең кісінің бойына Жаратушының құдіретімен кие болып қонады. Сол қонған киені үркітпей, кемеліне жеткізіп ұсынған ақын бақытты десек, небәрі 31-ақ жыл өмір сүріп, өлеңде өз сүрлеуін сала білген Бауыржан да солай ете білді. Бұл да болса ақжарма ақынның жаңағы біз негіздеп отырған өлшеулі ғұмырында өзіндік орнын айшықтай алғандығының ақиқаты дер едік.
Ғылыми зерттеу жұмыстың жоспары
р/с |
Мерзімі |
Жұмыс мазмұны |
1 |
2015жыл қыркүйек
|
Тақырып таңдау. Тақырыппен танысып, мағынасын ашу. |
2 |
Қазан
|
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау. |
3 |
Қараша |
Қаладағы ірі кітапханалар: Абай атындағы, Шоқан атындағы кітапханаларға барып, мәлімет жинау. |
4 |
Желтоқсан
|
Интернеттен, электронды каталогпен жұмыс істеу. |
5 |
Қаңтар
|
Видео жазбалардан ақпараттарды жинақтап, олармен танысу. |
6 |
Ақпан |
Жетекшім Г.Сейталиевамен кездесіп, жинақталған материалдар- мен толығымен таныстырып, оларды талдау және берген бағытымен жүру. |
7 |
Наурыз
|
Ботагөз Үсеновамен кездесіп, сұхбат алу. |
8 |
Сәуір |
Б.Момышұлы ауылына бару. Ақынның жары Гауһар Тәжікеновамен кездесу. Керекті материалдар, кітаптар алу. |
9 |
Мамыр
|
Мектепішілік ғылыми конференцияға қатысу |
10 |
Маусым |
А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының филология ғылымдарының докторы С.О.Құлбарақовпен кездесу. |
11 |
Шілде |
Жазғы демалыс кездерінде Алматы қаласына барып, ҚазМУ-дегі декан, оқытушылармен кездесіп, сұхбат жасау. |
12 |
Тамыз
|
Материалдарға сараптама жүргізу. |
13 |
Қыркүйек
|
Бір жыл бойы жинақталған материалдарды бекіту. |
14 |
Қазан
|
Аяқталған ғылыми жобаның қорытындысын шығару. |
15 |
Қараша
|
Қалалық ғылыми конференцияға қатысу. Материалдарды жинақтап, кітап шығару |
Мазмұны
Аннотация............................................................................................................................
Пікір......................................................................................................................................
І.Кіріспе.................................................................................................................................
ІІ.Негізгі бөлім
1.Бауыржан - патриот ақын..................................................................................................
2.Бауыржан Үсенов - сегіз қырлы, бір сырлы азамат.............................................................
3.Біржан салдың ізін жалғастырған Бауыржан ақын........................................................
4.Ақын жазушылардың Бауыржан ақын туралы ойлары.................................................
ІІІ.Қорытынды......................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген