Тақырып бойынша 13 материал табылды

Бауырсақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық көрсетілімде бауырсақ желісі арқылы ойын ісөәрекет көрсетілегн
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Көркем әдебиет

Бауырсақ”

Міндеттері: Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу,

Секіру: бір орында тұрып, қос аяқпен секіру;

Сапқа тұру, сап түзеу, сапқа қайта тұру: Бір-бірден сапқа тұру;

Геометриялық фигуралар:Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып, атай білуге үйрету,

Байланыстырып сөйлеу. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу;

Сөздік қор. Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың,табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды,

дене шынықтыру фонематикалық естуді,анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту.

Еңбекке баулу берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау.

Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу;

Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге тәрбиелеу;

(математика негіздері, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі , көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру,сурет салу, жапсыру, музыка- коммуникативтік дағдыларды дамыту, физикалық қасиеттер, танымдық дағдылар, әлеуметтік дағдылар шығармашылық дағдылар,)

Көрнекіліктері: Киіз үй және киіз үйде ертегілердің суреттерімен, орман дыбысы, құстардың дыбыстары, ағаштардың макеттері, жануарлардың атрибуты.тапсырмаға керекті құралдар

Тәрбиеші балалармен ішке кіреді:

Атай мен әжейге амандасайық балалар.

- Балалар, атай мен әжей көңілсіз екен. Не болғаның сұрайықшы? Ата-әжей сіздер неге көңілсізсіздер?

Әжей: Балаларым мен атайға бауырсақ пісіріп, бауырсақ суысын деп есік алдына қойған едім, бауырсағымды жоғалтып алдым

Тәрбиеші: Бауырсақ қайда жоғалып кетуі мүмкін?

- Балалар, атай мен әжейге бауырсағын тауып беруге көмектесеміз бе? Ендеше орманға қарай жолға шығайық

- Дайынсыңдар ма?

- Дайынбыз.

Бірақ біздер немен барамыз?

- Поезбен, машинамен, ұшақпен баруға болады, бірақ бізде ондай көліктер жоқ.

Әжей .: -Орманға тез жету үшін мен сендерге сиқырлы кілемшемді берейін.

(Тәрбиеші кілемді әкеліп жаяды.)

Тәрбиеші:- Балалар кілем тесіліп қалыпты. Оны тездетіп жамайық.

(Кілемнің тесіктері геометриялық пішіндер арқылы тездетіп жамайды)

Дидактикалық ойын: «Жамауды тап»

Міндеті: Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып, атай білуге үйрету,

Шарты. Балалар шашылып жатқан геометриялық пішіндерді алып, пішіндер орның тауып кілемді жамау керек.

Сұрақ-жауап. Бала үні

- Балалар қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?

Балалар жауабы

- Жарайсыңдар кілемді жамадық енді тездетіп ұшайық.

(Хормен)

Қол ұстасып бәріміз

Орманға біз барамыз

Кәне, достар тездетіп

Бауырсақты табамыз

(музыка қосылады, орман мекендеушілердің дыбыстары естіледі.)

- Балалар қараңдар, қайда келіп қалдық?

-Балалар орман қандай мезгіл келіпті?

Орман салқындау екен

Бойымызды сергітіп жылынып алайық

Сергіту сәті. “Ұлпа қар ”

Домалатып ақ қарды

Ұлпа ұарлар жинаймыз

Үлкен,кіші,орташа

Дөңгелектер жасаймыз

- Балалар орманда қалай жүру керек? Балалар жауабы

Орманан хат тауып алады. Хатты ашып оқиды.

Хат

- Құтқарушы достар, сендер мені табу үшін ағаш үстіндегі белгіні алып, ертегі кейіпкерлерінің тапсырмасын орындаңдар. Орманда абай болыңдар депті.

Сәлеммен Бауырсақ

(Тақтайшадан ертегі кейіпкерлердің суретін алады да топқа бөлінеді.)

(Қоян, Аю, Қасқыр аңдардың қасына барып, топқа бөлініп тапсырмаларын орындау)

Балалар. – Қоян, сен бауырсақты көрдің бе?

Қоян: - Менің тапсырмамды орындасандар, бауырсақтың қайда кеткенің айтамын.

1- Қоян тапсырмасы “Әжемнің текеметі”

Шарты. Үлгі суретке қарап, пазлдардан текеметті құрау.

(Тапсырманы орындап болған соң қоян туралы өлең айту)

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді

(Тапсырма орындап болған соң, қоян бауырсақтың жолын бағыттап аюға қарай бағыттап көрсетеді)

Балалар. – Аю , сен бауырсақты көрдің бе?

Аю: - Менің тапсырмамды орындасандар, бауырсақтың қайда кеткенің айтамын

2- Аю тапсырмасы. “ Киіз үй”

Шарты: Киіз үй суретін қалам арқылы жіпті өткізіп. Жапсырма арқылы безендіру.

( Тапсырманы орындап болған соң аю туралы өлең айту)

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

қалтамызға салайық

(Тапсырма орындап болған соң, аю бауырсақтың жолын бағыттап қасқырға қарай бағыттап көрсетеді)

Балалар. –Қасқыр , сен бауырсақты көрдің бе?

Қасқыр : - Менің тапсырмамды орындасандар, бауырсақтың қайда кеткенің айтамын

3- Қасқыр тапсырмасы “Бауды өткізу”

Шарты. Бауды түтікше ішімен өткізу

Тіл ұстарту айту

1. Ыр-ыр-ыр

Жабайы қасқыр.

2.КІ-кі-кі

Айлакер түлкі.

3.Ян-ян-ян

Қорқақ қоян

(Тапсырма орындап болған соң, Қасқыр бауырсақтың жолын бағыттап түлкіге қарай бағыттап көрсетеді)

Барлығы бірге түлкіге барады.

Балалар. – Түлкі , сен бауырсақты көрдің бе?

Түлкі : - Міне сендердің бауырсақтарын.(Жұмыртқаны көрсетеді)

Балалар : Жоқ , бұл бауырсақ емес, бұл жұмыртқа

Тәрбиеші. -Балалар бауырсақ қандай болады.

Балалар жауабы.

Тәрбиеші. -балалар ,түлкі бізді алдап тұр. Мүмкін бауырсақты жұмыртқа ішіне жасырған болар, ашып көрейік.

4- Топтық жұмыс: “Түлкі жасырған бауырсақты табу”

Шарты: Жұмыртқа ішінде жасырылған бауырсақты табу

Тәрбиеші. - Балалар, жарайсыңдар! Сендер бауырсақты таптыңдар, еңді оны атай мен әжейге апарып беруміз керек. Ал, енді балалар сиқырлы кілемшеге отырып, тобымызға оралайық.

5.Бауырсақтарды әжей мен атайға апару.

Ән: “Бауырсақ” бауырсақты алып, әнді айту.


6. Балаларды мадақтау

Сендерге ертегілер еліне саяхат ұнады ма? Тапсырмаларды тамаша орындап шықтыңдар, Атай мен әжей сендерег риза болды.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11