жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бауырсақ ертегісі
Тәрбиеші:
Омарбекова Әйгерім Зейноллақызы Сынып: Мектепалды
даярлық сынып Тақырыбы:
«Бауырсақ» ертегісі
Сабақтың
мақсаты. Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі
кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру.
Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді
үйрету.
Тәрбиелігі:
Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып
қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға
тәрбиелеу.
Қойылымның
кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю,
түлкі.
Көрнекілігі:
тақта, орман, орманды мекендеген аңдар,
ағаштар.
жоғары қарап күн
көрдім
төмен қарап жер
көрдім
оңға солға
бұрылып
егеменді ел
көрдім
Ертегі-
халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі, ауыз
әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай
бір неше түрге бөлуге
болады.
-
жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын
көрсету)
-
қиял-ғажайып
ертегілер
-
шыншыл
ертегілер
Ертегіден
халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын
білеміз.
Онда шындық
оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп
отырады.
- Күнделікті
сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қане, қандай
ертегілер естеріңде қалды? (Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер
айтады.)
Балалар, ертегі
не жайында?
- Балалар,
сабағымызға ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп отыр
екен.
Әуен естіледі
(сол кезде балалар бір жерге жиналып, ертегі кейіпкерлеріне айналып
кетеді).
«Бауырсақ»
ертегісінің сахналық
қойылымы:
Тәрбиеші:
Құрметті
қонақтар! Ертегілер еліне қош
келдіңіздер! Мектепалды даярлық
сыныбының қиалынан
туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.
мұғалім
Кемпір мен шал
болыпты. Бірде шал
жалынып:
Шал (Досбол)
-
Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп
берсеңші.
Кемпір (Жұлдыз)
-
Неден пісірейін? Ұн жоқ
қой!
Шал (Досбол)
-
Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой
бауырсақтық ұн табылып
қалар.
Мұғалім
Кемпірі солай
істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа
шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы
қояды.
Жата-жата
жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі,
іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан
әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,
қарсы алдынан қоян шыға
келеді.
Қоян (Аягөз)
Бауырсақ!
Бауырсақ! Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ (Расул)
Жоқ, сен мені
жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны
тыңда.
Мұғалім
Қоян құлағын
түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ (Расул)
Әжей қойма
қырнаған, екі уыс ұн
жинаған.
Балқаймаққа
шылаған, пісіріп маймен
сылаған.
Суытып та
сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да
құтылдым, әжейден де
құтылдым.
Қоян (Аягөз)
Қоян: -қой,
бауырсақ сенің өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында .
Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап
берейік.
Қоянның
тапсырмасы:
-Ұн неден
алынады ? (Бидайдан)
Бауырсақтың
түсі қандай? (Сары.)
мұғалім
Бауырсақ жалғыз
аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға
келіп:
Қасқыр (Нүрдаулет)
Бауырсақ!
Бауырсақ! Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ (Расул)
- Сен мені
жеме, мен саған өлең айтып
берейін.
Мұғалім
Бауырсақ әндете
жөнеледі
Бауырсақ (Расул)
Әжей қойма
қырнаған,екі уыс ұн
жинаған.
Балқаймаққа
шылаған, пісіріп маймен
сылаған.
Суытып та
сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да
құтылдым, әжейден де
құтылдым.
Қояннан да
сытылдым, қасқыр, сенен
құтылу
Қиын емес бұл
маған
Қасқыр (Нұрдаулет)
-
жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды
орында.
Қасқырдың
тапсырмасы: Ал, балалар, қояннан бауырсақты құтқарып алдық,
енді қасқырдың сұрағына жауап
берейік.
1. берілген
сөздерді буынға бөл: алмұрт, бала, машина,
қалам.
мұғалім
Бауырсақ орман
ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю (Аяна)
-
Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп
қоямын!
Бауырсақ (Расул)
- Сен мені
жеме, мен саған өлең айтып
берейін.
Әжей қойма
қырнаған, екі уыс ұн
жинаған.
Балқаймаққа
шылаған, пісіріп маймен
сылаған.
Суытып та
сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да
құтылдым, әжейден де
құтылдым.
Қояннан да
сытылдым, қасқырдан да
құтылдым,
Маймақ, сенен
құтылу, қиын емес бұл
маған!
Аю (Аяна)
Аю: Әй,
балалар, балалар!
Менде қызық ойын
бар,
Ал ықылас
қойындар
Кәне, тәртіп
сақтайық,
Мен берген
тапсырманы,
Бұлжытпай
орындайық.
Аюдың
тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды ата: Бауырсаққ. Нан. Торт.
Печенье. Бәліш. Түрлі макарон
өнімдері.
мұғалім
Осылай бауырсақ
әрі қарай домалай
жөнеледі.
Түлкі
Томирис
-Амансың ба,
бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл
шырайлы!
Мұғалім
Бауырсақ
мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта
тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай
береді.
Бауырсақ (Расул)
Әжей қойма
қырнаған, екі уыс ұн
жинаған.
Балқаймаққа
шылаған, пісіріп маймен
сылаған.
Суытып та
сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да
құтылдым, әжейден де
құтылдым.
Қояннан да
сытылдым, қасқырдан да
құтылдым,
Аюдан да
сытылдым, түлкі, сенен
құтылу
Қиын емес бұл
маған!
Түлкі
( Томирис)
-
Оңай құтала алмасың, менің тапсырмамды
орында
Түлкі :
(қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп
көріңдер.
1. Қыста
ақ,
Жазда
сүр.
(қоян)
2.Қорбаң- қорбаң
етеді,
Орманда ол
жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір
қу,
Жүрген жері
айқай-шу.
(түлкі).
Түлкі
бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап
жібереді.
Балалар:
(Бәрі
бірге)-жоқ, қу түлкі
олай болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен
бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып
кетеді.
Түлкі ештене
істей алмай жөніне кете
береді.
Ал балалар,
бауырсақты жетектеп ата мен әжеге
келеді.
мұғалім
Әже келе жатқан
Тәуелсіздіктің 27
жылдық
мерекесіне арнап 27
бауырсақ
пісіріп, дастарқан жасап
қойыпты.
Әже: Кәне,
балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер, (отырған
қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).
Қорытындылау:
- Балалар
ертегі сендерге ұнады
ма?
Ертегінің
мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және
жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар
орындайық.
Неліктен бұл
жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар
бауырсақты жеген
жоқ.)
- Өте
жақсы!
- Ал, түлкі
ше?
-Түлкі қу,
айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар,
бауырсақ неден жасалады?
(Ұннан)
-Ұн неден
алынады? (Бидайдан)
Мұғалім:
Бауырсақтың түсі
қандай?
-Сары.
Тәрбиеші:
Бауысақтың пішіні
қандай?
-Домалақ,
шеңбер.
Ұннан жасалатын
тағамдар: Бауырсақ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон
өнімдері.
Қатысушылар:
Автор-Мұғалім,
Кемпір-Жұлдыз,
Шал-Досбол,
Бауырсақ-Расул,
Қоян-Аягөз,
Қасқыр-Нұрдаулет,
Аю-Аяна,
Түлкі-Томирис.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген